НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет52/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Тәжікстандағы бітімгерлік миссия: 
бауырлас халыққа көмек
Тәжікстанда 1992 жылы басталған азамат соғысы – посткеңестік кеңістік-
те ең қанды қырғындардың бірі болды. Сарапшылардың бағалауынша, 
әскери іс-шаралар барысында ондаған мың адам қырылып, жүздеген мың 
адам босқынға айналды. Іс жүзінде тәжік-ауған шекарасы күзетілмеді. Одан 
қарулы топтар еркін өтіп жататын, есірткі еркін тасымалданатын және осы-
ның бәрі бүкіл аймаққа елеулі қатер төндіретін.
1992 жылдың 11 қарашасында күрделі ахуалға орай, Тәжікстанның 
Жоғарғы Кеңесі ТМД елдеріне республикаға бітімгерлік күштерін енгізу ту-
ралы өтініш жолдады. 1993 жылдың 22 қаңтарында Минскідегі ТМД сам-
митінде мемлекет басшылары бұл үндеуді қарастырып, қолдады.
Осыған байланысты, мен Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде құрамында 
шекара, ішкі және жаяу әскер түрлерінен құралған роталары бар 700 адам-
дық жеке құрама батальонды Тәжікстанға ауған шекарасының ең қатерлі 
учаскелерінің бірін күзетуге жіберуге бұйрық бердім. Өкінішке қарай, кей-
бір сарбаздарымыз опат болды. Олар біздің ортақ мүддемізді қорғауда 
өздерінің жауынгерлік борыштарын абыроймен атқарды.
Қазақстан батальоны, тәуелсіз мемлекеттердің басқа да бөлімше-
лерімен бірге, тәжік жерінде бейбітшілік орнатуға ықпал етті. Алдына 
қойылған міндеттерді орындау барысында қазақстандық сарбаздар бірне-
ше мәрте Тәжікстан аумағына енуге әрекет жасаған қарулы құрылымдарға 
соққы берді, қару-жарақ пен есірткі тасымалына тосқауыл қойды. Олар 
жағдай тұрақталған 2001 жылға дейін тәжік-ауған шекарасын күзетті. Осы 
уақытта батальон құрамында 8 мыңнан астам адам қызметтен өтті, көпте-
ген офицерлер мен солдаттар көрсеткен ерлігі үшін орден-медальдармен 
марапатталды.


104
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Қазақстанның еуразиялық көшбасшылығы
Шығыс Еуропадан Тынық мұхитқа дейін созылып жатқан Ұлы Дала Елі 
ықылым заманнан бері алып құрлықтың қақ ортасын иемденіп келеді. 
Еуразия халықтарының жағрапиялық және тарихи байланыстары мен 
бірлігі, өзім қашанда құрмет тұтатын, белгілі тарихшы және этнолог Лев 
Гумилев еңбектерінің негізіне айналған. Мен әртүрлі халықаралық бір-
лестіктердің тәжірибесін мұқият зерттей отырып, Еуразияның ұлы кеңісті-
гіндегі ықпалдастық үдерістерді белсенді жүргізу қажеттігіне көз жеткіздім.
Мен тұңғыш рет еуразиялық бастаманы 1994 жылдың 22 наурызын-
да Ұлыбританияға жасаған сапарым кезінде айттым. Менің бақылауым 
бойынша, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің сол кездегі дамуы екі басты тен-
денцияға – ұлттық мемлекеттің қалыптасуына және экономикалық ықпал-
дастықтың қажеттігіне байланысты болатын. 
Британдық аудиторияға Қазақстанның ерекшеліктерін түсіндіре отырып, 
мен біздің бір кезеңде еуропалық және азиялық аймақтық халықаралық 
ұйымдарға мүше екенімізді көрсеттім. Сол кезде өзінің өзектілігін бүгінгі 
ХХІ ғасырда да жоймаған мына сөздер айтылған: «Біз өзіміздің геосаяси 
жағдайымыздың маңызын түсінеміз және қауіпсіздікті нығайту жөніндегі 
орталық болуға әзірміз».
Лондондағы осы сөзімнен кейін, бір аптадан соң, мен Мәскеуге ресми 
сапармен бардым. Дәл сол 1994 жылдың 29 наурызында Мәскеу мемле-
кеттік университетінің мінберінен мен Еуразиялық одаққа бірігу қажеттігін 
мәлімдедім және Достастықтың зиялы элитасын, ТМД құрылғаннан кейінгі 
екі жылда бір орында табандап қалған, көпқырлы ықпалдастыққа тың сер-
пін беруге шақырдым.
Менің 1994 жылдың 29 наурызында ММУ-де айтқан еуразиялық бас-
тамамды қолдаған ТМД елдерінің басшылары онша көп емес. Алайда 
посткеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қарым-қатынастардың одан арғы 
даму логикасы анағұрлым тиімді ықпалдастық қажеттігін растады. Арада 
алты жыл өткен соң, 2000 жылдың 10 қазанында, Қазақстан, Ресей, Бела-
русь, Қырғызстан мен Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты 
құрды. Біз әлемдегі көптеген бірлестіктер өткен, қарапайым да түсінікті қи-
сынмен жүріп келеміз.
Мен ортақ экономикалық кеңістік құруды және бірлескен қорғаныс сая-
сатын қамтамасыз етуді қашанда жаңа бірлестіктің шешуші міндеттері деп 
есептедім. Сондай-ақ, жаңа одаққа енетін барлық елдердің тәуелсіздігі мен 
ішкі мемлекеттік саяси құрылымы бір-бірінің ішкі шаруасына араласпау 
принципіне негізделген.


105
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
1994 жылдың 3 маусымында Қазақстан ойластырылған жобаны басқа 
да тәуелсіз мемлекеттер басшыларына жіберіп, еуразиялық бастаманың 
жаңа нарықтық негіздегі тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық өзара 
әрекеттестігін білдіретінін атап көрсеттім.
1994 жылдың қазанындағы түркітілдес мемлекеттер басшыларының 
Ыстанбұл саммитіндегі менің сөзім дәл осы мәселеге арналды. Мен онда
Шығыс Еуропадан Қытайға дейінгі аймақтағы әртүрлі елдер қатыса алуы 
үшін, одақтың форматын өзгертуді ұсындым.
Қазақстанның еуразиялық жобасы жаппай қызығушылықпен қоса, үл-
кен резонанс пен қызу пікірталастар тудырды. Оны әртүрлі елдердегі он-
даған партиялар мен қозғалыстар, белгілі қоғам қайраткерлері қолдады. 
Еуразия кеңістігінің әр қиырынан, қарапайым адамдардан бастап зияткер-
лік элитаға дейін көптеген азаматтардан менің атыма хаттар түсе бастады.
Еуразиялық бастама нағыз жаңашылдық болатын. Біз 1990-шы жылдар-
дың бірінші жартысындағы күрделі ахуалды ескерумен қоса, болашақты 
да болжадық. Сол кезде Қазақстанның креативті ниетін қабылдауға кей-
бір посткеңестік елдер басшыларының келіспеуі содан болуы мүмкін. Дей 
тұрғанмен, сол кезде жүзеге аспаса да, еуразиялық жоба жаңа мемлекет-
тер арасындағы өзара әрекеттестіктің нығаюы мен дамуында үлкен рөл 
атқарды және еуропалық, сондай-ақ ортаазиялық аймақтың өзара әрекет-
тестік жүйесін қалыптастырудағы біздің батыл шешімімізді көрсетті.
1994 жылдың 13 сәуірінде, мен Шолпан-Атада еуразиялық баста-
мамен сөз сөйлегеннен кейін бір айдан соң, Өзбекстан және Қырғыз-
стан жетекшілерімен бірге Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы 
келісімге қол қойдық. Осылайша, болашақтағы ортаазиялық экономика-
лық ынтымақтастық құқықтық негізге ие болды. 1995 жылдың қаңтарын-
да Қазақстан, Ресей мен Беларусь Кеден одағын құру туралы келісімге 
қол қойды және Ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бағдарламасын 
қабылдады. Сол кезде қол қойылған келісімнің бәрі бірдей жүзеге асқан 
жоқ. Дегенмен, жаңа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастың 
күрделілігіне қарамастан, мен ешқашан еуразиялық экономикалық одақ 
міндетті түрде болатынына күмәнданбадым.


106
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет