Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Дәстүрлілік пен жацашылды^ философиясы 3 1 5
Бұл жерде Шэкэрім Еуропа ғалымдарының магнетизм, спиритизм, телепатия,
фахризм, лунатизм, түс көру сияқты ойларымен пікір таластыра отырып, ұждан
туралы ілімінің қалыптасуына жоғарыда айтқан құбылыстардың дүниеде бар
екендігі себеп болғанын байқаймыз.
«Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң қаламын. Оларға мұндай сөзді
қандай ой айтқызып отыр екен?... Бір адам жанының өлген соң да жоғалмай, мұнан
таза, жоғары болатынын ақылмен қабылдагі нанса жэне бір адам жан өлген соң
біржола жоғалады деп таныса осы өлерде есі дұрыс болып деп өлерін біліп, өлсе,
екеуі не жанынан өледі? Әрине, жанның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына
нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, бір жола
жоғалмады-ау деп өлсе керек. Жэне ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған
кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек»154,
- дейді Шәкәрім. Біздің екі дүниеде де ұжданның бар екендігін, қажет екендігін
дәлелсіз сену керек. Сенген адам, о дүниеге қиналмай аттанады, бұлар өмір бойы
өзін рухани тазалықта ұстаған адам деген мұсылмандықтың жолын ұстаған
Шәкәрімді пайымдаймыз.
«Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне
әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауыр-
дай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман
жолы сияқты»155, - деп өз ойын қорытады. ¥ж дан туралы өз пікірінің соңында
Шәкәрім «жан екі өмірде де азығы - ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік
көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жәрдемі уш анық дегенім осы»156, - деп
тұжырымдайды.
Бұл тақырыптардан Шәкәрім дүниетанымының озық ойлы жақтарымен қатар,
діни-этикалық философиясын да баиқаймыз. «Оның мундай дүниетанымға бой
¥РУ себебін, біріншіден, жастайынан мұсылманша оқып, сауатын ашқандығынан,
Шығыс ақындарынан тағлым алғандығынан жэне өз ұстазы Абайдың «Жан
қуаты», «Нұрлы ақыл» сияқты үғымдар төңірегіндегі ой кешулерінің ықпалынан
көреміз»157.
Шэкэрімнің философиялық зерттеулерімен қатар, «Түрік, қырғыз, қазақ һэм
хандар шежіресі» атты тарихи шығармасының да маңызы үлкен деп санаймыз.
Бұл шығарма - өз заманының талабына сай жазылған тарихи шежірелік шығарма.
Бұл жөнінде белгілі ғалым О.А.Сегізбаев: «Они были написаны им в соответствии
с требованиями и духом своего времени. Несмотря на это, они не утратили своего
значения в наши дни. И сейчас они надежно служат делу глубокого понимания и
познания разных периодов истории казахского народа, особенностей его быта в
далеком, прошлом, состояния его экономики, политической жизни и культуры. В
этом плане особое значение имеет его глубокая и богатая по содержанию рабо
та под названием «Шежіре», или «Родословная тюрков, киргизов, казахов и хан
ских династий»158, - деп Шәкәрімнің бұл тарихи шығармасына үлкен жогары бага
береді.
154 Ш әкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық. -А лматы , 1991.-34-6.
155 Бұл да сонда. - 34-6.
156 Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. - Алматы, 1992.-331-6.
157 Ссгизбаев О.А. Казахская философия X V -X IX веков. - Алматы, 1996. - С. 374-375.
158 Сегизбаев О.А. Казахская философия X V -X IX веков. - Алматы, 1996. - С. 374-375.