Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V III тарау. К рзаң философиясы



Pdf көрінісі
бет286/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

V III тарау. К рзаң философиясы
Күп шығарма философиялық еңбек болмаса да, қазақ халқының этногенезін 
философиялық тарихи тұрғыдан тұжырым жасауында үлкен мэн бар. Ол 
бұл еңбегінде қазақ қоғамының шығуын, қалыптасуын тарихи деректермен 
дәлелдейді. Сөйтіп, тарих философиясы жағынан да езінің кең білімдарлығын 
көрсетеді.
«Шэкэрім Құдайбердіұлы қазақ прозасының дамуына да едэуір үлес қосты. 
Қазақ әдебиетінде бүрын поэзия, эпос, дастан, поэма, өлең басым болса, XIX ға- 
сырдың соңы мен XX ғасырдың басында шын мэнінде көркем проза пайда бо- 
лып, жедел дамығаны аян»159. Бұл прозалық шығармалары негізінен ғылыми, 
философиялық, ғақлиялар, шешендік сөздер тұрғысында болып келеді. Бұл та­
рихи философиялық шығармалар — жоғарыда айтқан шежіренама, «Бэйшешек 
бақшасы», «Қайғылы роман», «Мэнгі сөздер» афористік топтама, «Шын бақыггың 
айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше», т.б.
Қазақ халқын бақытқа жеткізетін ғылым білім ғана деп, қоғамындағы 
кемшіліктерді, қазақ халқының басындағы ауыр халді ең алдымен осы Еуропа 
өнер-ғылымынан кенде қалу нәтижесі дсп есептейді. «Жер жүзі жабылғанда білім 
жаққа, қазақ жүр құмарланып құр атаққа-» Осының нэтижесінде алға озу қайда, 
күн өткен сайын кері кетіп, елдіктен, кісіліктен айырьшып барады». «Қайран елім, 
қазағым қалың жұртым!... »160, - дейді ақын ағаға үн қосқан парасатты іні. Бұл 
Шэкэрімнің жүрек жаңғырығы еді.
Шэкэрімнің өлеңдерінде «Халқым, қазағым, туған ел жұртым» деген ұғым 
жиі ұшырайды жэне оны ақын алуан түрлі тақырыптарды қозғай отырып, өлеңнің 
негізгі кілті, мазмұны есебінде үсынады. Қай шығармасын алсақ та, шаруасы 
жағынан артта қалған, оку, өнерден, озат мәдениеттен тыс қалған халықтың ахуа- 
лын, тағдырын көреміз.
Абай поэзиясының таңбаларын Шәкәрімнің табиғат, өмір жайлы лирикала- 
рынан да байқаймыз. Бұрынғы бар ой, идеяларды толықтыра, өзіндік мәнермен 
жырлай отырып, ақын соны пікірлер айтады. Философиялық ой-қиялға берілуі, 
өмірдің жеке фактілерін ала отырып, түйіндер жасау оның философиялық 
лирикаларының денінс тэн.
Бір ағын су, дүние қу,
Түстік онда шөп болып.
Сандаламыз, күнде ағамыз,
Бейнетіміз көп болып, -
деп өмір, дүние тақырыбын, пендешілік пен бос әурешілікке бой ұрмай, өмірдің 
мэнді тұстарына мойын бұруға шақырып тұрғанын осылай түсшдіргісі келеді.
Ақын көп өлендерінде өмірге материалистік көзқарасын байқатады. Ол 
пікірін дәлелді суреттемелермен, бейнелі ой-жорамалдармен бекітеді. Әсіресе 
ғьшыми жаңалықтарды көп насихаттайды, өзі соның жүмбағьгн шешкісі келеді.
Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,
Сегіз минут ширекте жерге барып.
159 Ш әкэрім. Шығармалары. -А лм аты : Жазушы, 1988. - 15-6.
Шакэрім. - Алматы, 1988. - 126-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет