Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет4/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

8
Ф илософия тарихы
қазіргі философия тарихы ғылымында бірегей жағдайда болтаны дұрыс-ақ, ал іс 
жүзінде олар эрбір кезде жеке-дара орын алуда.
Философия ілімін зерттеу дін ілімімен тікелей байланысты. Жалпы фило- 
софиялық мектептердің негізінде адам баласының рухани байлығының, сенім- 
дерінің қатысы мол байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, Орталық Азияда болған 
діндердің дүниеге келуі мен жайылуын анықгау - философия тарихы мен дін 
философиясы ілімдері үшін аса маңызды дүние. Қазақстан жері қауымдардың 
көші-қоны мен эртүрлі діндердің таралуына сан алуан сахна болғанын ескерсек, 
қазақ халқының дүниетанымында, философиялық жоралғыларында діннің алар 
орнының маңыздылығы айқын болмақ. Әл-Фараби секілді әлемдік деңгейдегі фи- 
лософтың еңбектерінде діни сенімнен туындаған бай жэне терең мазмұнның ке- 
зігуі осының айғағы.
Қазіргі философияда өткендегі дүниеге көзқарастың өзекті мэселелері идеялар 
элемінде өз орнын таба алмауда. Философиялық шығармашылық көп жағдайда 
қоршаған болмыстың сыртқы жағдайларын ғана жанап өтіп, ішкі мәніне бойлай 
алмайтын дәрежеде қызмет атқаруда. Бұдан келіп философтар мэңгілік, жалпы- 
лық, универсалдық мэні бар құбылыстардан алшақ кетті деген ой тумаса керек. 
Бірақ көпшілігі өткен мен келешекті бағалағанда орта ғасырдағы мүмкін болуды 
романтикалық түрде, утопиялық кейбір идеяларды адамдардың жемісті қызметін- 
де үлкен нэтиже береді деген бағыттар ұстауда.
Еліміздегі біршама философиялық зерттеулер бөтен елдің топырағында пайда 
болған идеологиялық қасаң өлшемдердің көлеңкесінен ніыға алмады. Оған уақыт 
кінәлі болғанмен, интеллектуалдық және адамзаттық патриотизм жетіспеді. Мэ- 
селен, қазақтың қоғамдық-философиялық ойлау жүйесі жөнінде объективті түр- 
де зерттеу жүргізілмеді, ал оқу процесінде оған мардымсыз уақыт қана бөлінді. 
Қазақ ағартушылары туралы арнайы курс болғанмен, оған керекті дәрежеде мэн 
берілмеді. Еуропацентристік идеялар басымдылық танытып, студенттерге тек 
классикалық философия тұрғысынан дэріс берілді. Ал бізге көршілес орналасқан 
Шығыс елдерінің философиялық ой-жүйелерін ескермейтін саясат ұсталды. Бұл, 
түптеп келгенде, философиялық білім жүйесінде сыңаржақтылыққа алып келді, 
ал үлттық философиялық ойлау туралы ешқандай да бастамаға жол ашылмады. 
Тоқсаныншы жылдардың басында елімізде қазақ философиясын зерттейтін жэне 
оқытатын бағыттар ашып, нэтижелі табыстарға қол жеткізе бастады.
Қазіргі кезде еліміздің рухани өміріндегі өзекті мэселслердің бірі отан- 
дастарымыздың философиялық мэдениетін өркендету болып табылады. Оған 
қоғамның басынан кешіп отырған қайшылықтарды әлемдік философия тарихы- 
ның өзекті мэселелерін танып, талдап, зерттеу арқылы шеініп, қазіргі заман- 
ның ерекшеліктерін халыққа ашып корсету арқылы қол жеткізуге болады. 
XX ғасырдағы Шығыс жэне Батыс философиясының компаративтік тәсілделуі 
арқылы ұлттық философия қырларын зерттеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес 
философияның ішкі байлығы арқылы туысқан елдердің рухани көкжиектеріне 
назар салу міндеті түр.
Философияның дамуы барлық әлеуметтік-мәдени себептермен байланыс­
ты. Мазмұндық жағынан алғанда, оның жүйелік-танымдық байланысын біртұтас 
қүбылыс ретінде ашып көрсету маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ филосо-




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет