Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет6/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

ЕЖ ЕЛИ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ
Үнді философиясы
Жалпы адамзат тарихында қола дэуірінен өту өндіргіш күштердің ширақ 
дамуына ғана әкеліп соққан жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық 
қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегі- 
нен бөлінуіне, адамның белсенді іс-эрекеті арқасында өзінің табиғат құдіретте- 
рі алдындағы элсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы 
қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына, осы 
негізде абстракциялық ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп, 
ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күй- 
зеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсін- 
діретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға 
сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім 
жэне ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ 
мұндай көзқарас элі де болса философия емес еді. Себебі Ежелгі Шығыста өнді- 
рістік тэсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістік- 
термен нашар байланыста болуы Шығыс философиясының діни-мифологиялық 
көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Дегенмен де табиғат құбылыстары мен олардың арасындағы езгерістерді 
сиқырлы, танылмайтын беймәлім күштердің құдіретінен деп ұғып, адамға ұқсас 
құдай бейнесін жасау абстракциялы ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп, 
дүниетанымдық көзқараста философияның жеке бағыт қалыптасуына қажет- 
ті алғашқы шарт болды. Осының нәтижесінде кезінде жоғары деңгейдегі мәде- 
ниеттің арқасында элемге ойгілі болған Шығыс елдерінің философиялық ілімдері 
қалыптасты.
Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бурын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық 
қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай, ежел- 
гі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер 
(әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) жэне шудралар (құлдар). Әр варна
10




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет