Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Еуропа философиясы 45
месе адамдық табиғаты туралы), ал 323 ж. Император ¥л ы Константин хрис-
тиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін саяси-шіркеулік мәселе-
лер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін
тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артық-
шылығын дәлелдеу арқьшы шіркеудің жанды билеуге құқықтығы жэне «ол аспан
мен жер арасын байланыстырушы» деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін мани-
хеялық, скептицизмдік жэне неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны
осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағы-
тын қалыптастырганы үшін кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негі-
зін қалаупп>і деп мойындайды. Негізгі еңбектері: «Тэубеге келу», «Құдай қаласы
туралы», т.б.
Августиннің ілімі бойьшша, адам дүниеге келмей тұрып, т.б. оньщ іс-әре-
кеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойылған. Ол белгі
игілікке (адам оған лайықты болмаса да) немесе азаптарға (жазықсыз болса да)
бағытталған болуы мүмкін. Құдай элемді жаратқанда барлық заттардың түрлері-
нің бастамасын енгізіп, эрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат
тарихы да осы зандылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасы-
ның өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен күдайға деген сүйіспенші-
ліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин
адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нэтижесі деп тұжы-
рымдайды. Олар - құдайга қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен
құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин қүдай патшалыгы дегенде
жердегі оның өкілі Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөй-
лейтін болғандықган, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек.
Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батые Еуропа ел-
дерінде XII ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің
негізін қалаушы ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен ыгысты-
рыл^ы.
Ортағасырльщ философияның схоластика деп аталған кезеңі Еуропа тари-
хында Рим империясының күйреуінен бастап, Қайта өрлеу дэуіріне дейінгі
600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Еуропа
елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдыққарым-қатынастар ,
қальштасып, христиан діні қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көр-
сетіп, шіркеудің сауаттылық, қолжазбалар сақгау ісінің ошағына айналған мезгілі
болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында
философия өзінің бар ақыл-ой күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап,
дін ілімінің күңіне айналган-ды. Осы кезеңдегі философиялық ілім «схоластика»
(мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:
1
.Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғ.). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) элі
бір-бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құн-
дылығын түсінуді, универсалилерге (жалпылык) байланысты пікірталас негізінде
ақыл- ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді жэне сол үстемдіктің «заңцылы-
ғын» дәлелдеуді (Аристотельдің формалдық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат
қойған схоластикалық тэсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийс
кий, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.