Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 2 II тарау. Антикалыі^ философия



Pdf көрінісі
бет39/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

4 2
II тарау. Антикалыі^ философия
элемдік біртұтастық алдындағы өз міндетін түсінуге дейін көтереді. Осы себеп- 
ті данышпандар өз игілігінен гөрі мемлекеттік игілікті жоғары қойып, қажет 
болған жағдайда ойланбастан өз өмірін қиюға дейін барады. Стоиктер білімнен 
данышпандықты жоғары қойып, білімді данышпандыққа жетудің бірден-бір жо- 
лы деп уағыздады.
Қандай да болсын әдептілік іс-әрекеттер өзін-өзі сақтауға бағытталғандықтан, 
жаман әдепсіздік іс-әрекеттер адамның өз табиғатын құртуға жетелесе, ду- 
рыс, жақсы, әдепті іс-эрекеттер адамды тағдырға көнбеуге, ешқандай сырт күш 
алдында бас имеуге бастайды, сөйтіп, адам бақытының кепіліне айналады.
Демокриттің атомистік ілімдерін эрі қарай жалғастырған ежелгі грек фило­
софы Эпикур (б.д.д. шамамен 342/341-271/270 ж.) болды. Эпикурдың еңбектері 
сақталмаған, бізге тек үш хаты мен шығармаларының кейбір фрагменттері ғана 
жеткен. Эпикурдың ілімінше, атомдар - дүниенің алғашқы бастамасы. Оларға 
Демокрит атаған қасиеттерден басқа, колем, салмақ сияқты мэнді қасиеттер тән. 
Салмақтың арқасында атомдар еркін «құлайды» жэне жолдан ауытқиды. Осылай 
«өздігінен еркін ауытқитын атомдар» - қозғалыстың себебі жэне қайнар көзі. 
Олардың арқасында атомдар өзара байланысқа түсіп, жекелеген денелер пайда 
болады. Ғарышта сансыз көп жекелеген әлемдер бар. Осы әлемдердің арасындагы 
бос кеңістікте мэңгі өлмейтін, бақытты құдайлар өмір сүреді. Олар элем жэне 
адамдар жағдайын ойламайды. Өмірге келіп жэне одан кететіндер тек тіршілік 
иелері мен жан ғана. Жан жіңішке, жеңіл, домалақ жэне тынымсыз атомдардан 
тұрады.
Табиғатты танып-білу негізгі мақсат емес. Бірақ табиғат туралы білім адам- 
дарды соқыр сенім мен діннен босатуға жэне өлім алдындағы қорқынышты 
жеңуге мүмкіндік береді де, олардың бақытқа жэне шаттыққа кенелуіне жағдай 
туғызады. Бақыт пен шаттықтың мэні құмарлықта жатыр. Адам үшін құмарлық- 
тың қайсысының болса да жамандығы жоқ, бірақ көп түрлі құмарлықтың ішін- 
де рухани құмарлықтың орны ерекше, себебі ол басқалардай емес, өте турақты 
жэне сыртқы эсерлерге тэуелді емес. Адамдар ақылдың күшімен және ешқандай 
жаманшьшық бүза алмайтын сабырлылық пен салмақтылықты сақтай отырып 
(атараксия), қүмарына жетулері керек. Эпикурдың этикалық ілімінің негізінде 
кейінірек эпикуризм деген ілім жэне өмір сүру тәсілі кең өріс алды. Бұл ілімнің 
басты идеясы - өмірдегі қүмарлықтардың ішінде материалдық қуаныштарға еш 
ойланбастан бірінші жол беру.
Эпикурдың жолын ұстап, ілімін эрі қарай дамытқан ежелгі Рим философы 
жэне ақыны Лукреций К арр (б.д.д. шамамен 96-б.д. 55-жылдары) болды. Негіз- 
гі еңбегі: «Заттардың табиғаты туралы». Лукреций Эпикур сияқты атомдардың 
қозғалыс барысында ауытқуы материалдық денелерді қалыптастырады, ал 
олардың пайда болуы жэне өзгеріп, дамуы қатал себептілік заңына бағынады 
дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына бейтарап қарап, олардың қайғы-қасіретін 
көбейтеді. Осыған қарамастан адамдар тағдырға мойынсұнбаулары, керісінше, 
қолдарынан келгенінше тағдырдың тэлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек.
Лукреций әлемдегі заттардың бэрі себептілік заңына бағынады десе де, 
оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштің бар екенін мойындайды. Бірақ 
ол қүдайға байланысты емес, себебі құдай жердегі өмірге араласпайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет