Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


 4 Ill тарау. Ортағасырльщ философия



Pdf көрінісі
бет61/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

6 4
Ill тарау. Ортағасырльщ философия
ты тандауы қажет екенін айтуы міндеггі»20. Қалай өрескел жас өз мамандығына 
сәйкес білімді толық меңгеріп шығады, солай ол білімдерді қолдана отырып, ақша 
табады жэне еол мамандыққа қатысты білімін әрмен қарай жетілдіре түседі; со- 
нымен қатар <йі ата-анасының ақшасына емес, өз күшіне сенетін болады. Дэл 
осы сәтте оны «үйлендіріп, өз бетінше өмір сүруге жағдай жасау қажет»21. Олай 
болса, ибн Сина өзінің білім беру философиясында баланың тәрбиесі жэне оның 
өскендегі адамгершілік тәрбиесі мсн кэсіби мамандануы, оның арқасында ата-ана 
қамқорлығынан тәуелсіз болуын ерекше атап өтеді екен.
Ибн Сина «интеллекгуалды сопылықтың» нағыз өкілі болып табылады. Рух- 
тың мэңгілігі жайлы идея, оның «әрекетшіл парасатпен», материяның ықпалымен 
жүретін рухтың тазару қажеттігімен, мұсылманның орындауға тиісті қағидаттары- 
мен, нәпсі құмарлық эрекеттерден арылу мен «әрекетшіл парасатқа» тиесіліні 
орындаумен байланыстырмау - мұның барлығы ойшылдың «сопылық» жайлы 
ойламауы мүмкін емес екендігін аңғартады. Ибн Сина өзінің «Рисалят әл-‘ишк» 
атты трактатында Жақсылық барлық тіршілік етушінің алдында өзін жүзеге 
асырады жэне ол эрбір заттың мүмкіндіктерімен «байланысады» (ар. «иттисал») 
деп атап өтеді. Жаратылыстың жоғарғы Абсолютпен бірігуі «адам-сопының» 
болмысы болып табылады22. «Әл-и’шарат уа ат-танбихат» трактатында философ 
бақыт жайлы пайымдап, оны таным барысында келетінін жэне интеллектуалды 
лэззат екенін айтады; бақыттың жоғарғы түрі абсолютті Жақсылықты тану бо­
лып табылады. Дегенмен материя бұл бақытқа жету жолында кедергі жасайды, 
сондықган да материалды қажеттіліктерден, тіпті өзінің тәнін де ұмытқан адам 
ғана бұл бақытқа жете алады. Мұндай адам бүкіл Ғаламмен ұласып, абсолютгі 
Жақсылыққа қатты құштарлықпен ғашық болады. Метафоралық түрде айтқанда, 
ол Онымен «бірігу» дәрежесіне жету болмыстың астыртын аспектілері арқылы 
жүзеге асып, құдіретті қызметті ақыл мен жүрек көзімен түйсінеді. Бул «шынайы 
гностиктің дәрежесі» болып табылады. Ибн Синаның түсінігі бойынша, сопы -
«жоғарғы түспен» байланысқан және Ғаламның метафизикалық алғашқы себебі 
жайлы ойлайтын адам. Осының арқасында адамның интуициясы дамиды және ол 
материалды әлемнен періштелер әлеміне өту қабілетіне ие болады, материалды 
заңцылықтар оның көз алдынан жойылып кетеді, ал «болмыстың ақиқаты оның 
жүрегінде Күн сәулесі таза су бетінде қалайша жарқырайды, солай жарқырайды»23.
Ибн Сина сопылардың рухани деңгейлерін элем лэззаттарынан бас тартқан 
«тақуалар» (ар. «захид»), игі әдеттер жасаушы «ынтасымен бас июшілер» (ар. 
«’абид») категориясынан бастап, Құдіретті күшпен ойша үласқан және барлық 
әрекеттерінде Ақиқаттың жүрегінде орын алуы үшін жасайтын, көңщці, батыл, 
мейірімді «білгірлер» (ар. « ’ариф») тобымен жіктеп, аяқтайды. Бұл әрекеттері- 
мен олар өздерінің іштеріндегі Ақиқаттың сэулесі арқылы Жоғарғы Жаратушыға 
«жеткенше» (ар. «усуль») демеу көрсетулері керек. Бірақ бұл «жетістіктер» фи- 
лософиялық терминдермен түсіндіріле алмайды, өйткені «рухани күйді» тек 
«мушахадат» шеберлері ғана түсінуі мүмкін.
20 Абдо Аш-Ш имали, 354-6.
21 Абдо Аш-Ш имали, 355-6.
22 Абдо Аш-Ш имали, 389-6.
23 Абдо Аш-Ш имали, 389-6.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет