Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/112
Дата17.10.2023
өлшемі5,7 Mb.
#117706
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   112
Байланысты:
Абильбекова Б.Т., Қазақ тілі Оқу құралы.

1-тапсырма.
Мәтінді таспадан тыңдап, әңгімелеңіз. 
Қазақстанда некеге тұру жүйесіндегі ұлттық, салт-дәстүрлер.
Қазақ халқында отбасы мен некеге қатысты ежелден келе жатқан әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасқан. Ұлтымыздың мәдениетінде 
«отау көтердің» деген сөз бар. Ол «үйлендің», «жұпты болдың» деген 
мағынаны білдіреді. Демек, үйленумен бірге отау көтерілуі тиіс. Әдетте, 
ұлы үйленетін, қызы тұрмысқа шығатын ата-ана алдымен отау 
дайындаған. 
Aтa-бабабымыздың дәстүрі бойынша қaзaқи отбaсында aтa-анa өз ұлын 
үйлендіруді әрқашан ойластырып жүрген. Болашақ келінді бала кезінен 
іздестіре бастаған. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып атастыру рәсімі 
болған. Құдаларды құрметті, текті жерден іздестірген. Құда түсу салт-
дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілген.
Қазақтарда жеті атаға 
толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын. 
Үйлену әдет-ғұрыптарында келесі іс-шаралар өткізіледі: құда түсу,
келін түсіру, қыз ұзату, беташар, той жасау, төсек-орын әкелу, неке қию 
рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-
бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын 
көрсететін. Үйлену тойы кезінде құдалар жағы бір-бірімен қоржын
 


21 
алмасып, өзара бір-біріне кит кигізіп, сыйлықтар жасайтын. Ол түрлі 
қымбат бағалы киімдер, асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардан
қымбат  маталардан, мал басынан тұратын.
Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың 
жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз 
баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, 
текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, 
әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған. 
Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Неке – 
отбасын құрудың негізі болып табылады. Неке – отбасының заң жүзіндегі 
негізі. Неке қию екі түрлі болады. Біріншісі қаладағы жас жұбайлар 
сарайына барып, немесе оның қызметкерлерін (ЗАГС-тің, АХАЖ) тойға 
шақырып, сонда некеге отыру. Екіншісі мешітке барып, немесе молданы 
тойға алдыртып неке суын ішіп, некелерін қидыру.
Неке 
сақинасы. Этнографтардың зерттеуінше, неке сақинасын 
алмастыруды мысырлықтар ойлап тапқан. Сақинаның дөңгелек қалыбы 
(формасы) – мәңгілік жұптар арасындағы шексіз бақыт пен махаббатты 
бейнелейді. Қазақстанда мемекеттік АХАЖ органында тіркелген неке ғана 
танылады. 
Қазіргі кезде ең алдымен қыз бен жігіт танысып, көп уақыт бір-бірін 
жақсы біліп, содан соң әке-шешелеріне үйлену ниеттерін айтады. Содан 
соң, ата-аналары рұқсат етсе, жігіттің туған- туыстары қыздың үйіне 
барып, құда түседі, кейін «Қыз ұзату» және «Үйлену» тойын жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет