2
Алғы сөз.
Қазір таңда барлық сала, техника, білім, ғылым өркендеп, өсіп, жаңа
үлкен бетбұрыстарға жол ашуда. Еліміздің өркендеп, өркениетті ел
болуына тіліміздің, соның ішінде мемлекеттік тілдің ықпалы зор.
Сондықтан да, әр саналы азамат мемлекеттік тілді ауызекі тілде ғана
сөйлеп қана қоймай, іскери, ресми тілде де сөйлеп, тіл мәртебесін көтеруі
тиіс. Бүгінгі студент, ертеңгі үлкен маман. Жақсы маман болу үшін, өз
кәсібімен бірге мемлекеттік тілді де меңгеріп, үйренуі қажет. Ол үшін,
студент өз бетінше сабақта, сонымен қатар сабақтан тыс уақыттарында
тілге деген белсенділігін арттыруы керек.
Жазылып отырған оқу құралы В1— орта деңгейге арналған және типтік
оқу бағдарламасы нагізінде құрастырылған. Оқу құралы тіл үйренушінің
қарым-қатынасқа түсу салаларын ескере отырып, сөйлеу әрекетінің 4
қағидатына (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген,
сонымен қатар коммуникативтік жағдаяттар компоненттері, контекспен
байланыстылығы, тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметі, сөйлеудің
прагматикалық ерекшеліктері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен
сөйлемінің өзіндік ерекшеліктері, сөздердің семантикалық тіркесімділігі
басшылыққа алынған. Қазіргі таңда тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
коммуникативті-функционалдық грамматика тұрғысынан қарастырылуда.
Тіл бірліктерінің қолданыстағы қызметі, белгілі бір мағына түрлерін
жеткізу функционалдық грамматика арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан
алғанда, ең басты мақсат – тұрмыстық, әлеуметтік тақырыптардағы
мәтіндер негізінде тіл үйренушілердің сөйлеу біліктілігін жетілдіру,
лексикалық қорын, грамматикалық білік дағдыларын қалыптастыру, қазақ
тілі грамматикасы туралы білімін дамыту. Диалог жүргізе алу құзыреті,
яғни әңгімені бастау, қолдау мен аяқтауға арналған тілдік құрылымдарды
меңгеру.
Қазіргі таңдағы кредиттік оқу технологиясы студенттің өз бетінше білім
алуына, ізденуіне, ақпаратты молынан жинақтап қолдануына және әртүрлі
бақылау жұмыстарын тиімді пайдалануына бағыт-бағдар береді. Осы
жағдайды ескере отырып, оқу құралы білім алудың модуьдік технология
жүйесіне бағыталған. Бұл оқу құралы студенттердің сөздік қорын
байытып, сөйлеуге дағдыландырады. Оқу құралы коммуникативтік әдіс,
сын тұрғысынан ойлау, сонымен қатар ой шақыру, проблемалық жағдаят
туғызу, кесте арқылы жұмыс істеу тәсілі, іздену сияқты әдіс-тәсілдерге
негізделіп жазылған. Оқу құралы тіл үйренуші қауым студенттермен бірге
оқытушыларға да көмек болары анық.
Достарыңызбен бөлісу: