Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/112
Дата17.10.2023
өлшемі5,7 Mb.
#117706
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   112
 
 
Ойтүрткі
а) 
Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіздер? 
ә) 
Ұлттық тағамның ерекшелігі қандай? 
б)Қазақ халқының ұлттық тағамдарының денсаулыққа пайдасы туралы не 
білесіз? 
1-тапсырма.
Мәтінді таспадан тыңдап, түсінгеніңізді 
әңгімелеңіз. 
Ұлттық тағамның пайдасы 
Әрбір халықтың өзіне тән ұлттық дастарқаны болады. Әр ұлт өз 
асханасының өзіндік ерекшелігін сақтап қалады. Қазақ дастарқаны 
ежелден өзіндік болмысымен ерекшеленеді.
Қaзaқ халқы aсты, тaғaмды өте құрметтеген. Дaстaрқaн жaйып, дәмді 
тағам пісіріп, оны жaқсы ыдыстaрымен дaстaрқaнғa қою дәстүpі ұрпaқтан-
ұрпаққа жалғасып келеді. Мәдиетімізде ас беру арқылы адамға құрмет


40 
көрсету қалыптасқан. Бұл қазақ халқының қонақжай ел екенін көрсетеді.
Әжелеріміз бен аналарымыз ұлттық тағамдарымызды дайындау дәстүрін 
осы күнге дейін сақтап келеді. Олар қымыз-шұбат, құрт-ірімшік жасауды 
ұрпағына үйретіп отырады. Халқымыз ұлттық тағамдарды ерекше дәмді 
даярлауды өнер деп бағалаған. 
Мал шаруашылығымен айналысқан ата-
бабамыздың негізгі асы – ет пен сүт болған. 
Етті асып және қуырып жеген, ал, сүттен 
көптеген тағамдар дайындаған. Сиыр, қой, 
ешкі сүттерінен құрт, кілегей, ірімшік, сары 
май, тағы да басқа тағамдар әзірлеген. Осы 
астардың 
барлығын 
дaярлауды 
қазақи 
отбастарында әйелдерге жүктеген. Қазақ 
әйелдері тағамдарды жазда да, қыста да 
бұзбай сақтаудың әдіс-тәсілдерін білген. Олар сүттен жасалатын қаймақ
ірімшік, сары май, шұбат, қымыз, құрт сияқты тағамдарды шебер 
дайындаған. Басқа тағамдарға қарағанда сүттің алатын орны ерекше. 
Себебі, сүт және сүттен жасалатын тағамдар денсаулыққа өте пайдалы. 
Асқазанның жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады, сонымен 
қатар сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті де бар екен. Олар емдеу, алдын алу, 
диеталық тағам ретінде де қолданылады. Ал, жылқының сүтінен 
әзірленетін қымыздың емдік қасиеті ертеден белгілі. Онда жүректің жұмыс 
істеуін жақсартатын дәрумендер бар. Шұбат та денсаулыққа өте пайдалы 
сусын болып табылады. Осы астардың пайдасын қазақ атамыз медицина 
пайда болмай тұрып-ақ білген. Халқымыз қымыз, шұбатын ішіп, құрт-
ірімшігін жеп-ақ кез келген дерттің, аурудың алдын алған.Ата-бабамыздың 
алып тұлғалы, батыр да дана болуының бір сыры осы болуы да әбден 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет