66
8-тапсырма.Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Мазмұнын өзгертіп,
сұхбат құрыңыздар.
Айгүл: -
Сәлем, Абылай! Хал-жағдайың қалай?
Абылай: -
Жаман емес.
Айгүл: -
Абылай, сен «Санжар мен Қайсар»
телесериялының басты
рөлінде ойнадың. Санжар рөліне қалай келдің?
Абылай: -
Қазақфильм киностудиясы кастинг өткізді.
Менің бағым
жанып, Санжар рөлінде ойнадым. Санжал ақылды, салмақты және жақсы
оқитын бала. Бұл жағынан мен кейіпкеріме ұқсаймын. Мен бес жасымнан
ән айтып келемін. Балабақшамен қоштасқанда «Балалық» әнін айттым.
Қазір бұл ән өзім тәрбиеленген балабақшаның әнұранына айналды.
Айгүл: -
«Құлыншақ» балалар бағдарламасының тележүргізушісі де
болдың ғой!
Абылай: -
Иә, дұрыс айтасыз. Мен екінші сыныпта оқып жүргенімде
«Алматы» телеарнасы, «Құлыншақ» бағдарламасын жүргізуге шақырды.
О
қ
имыз. С
ө
йлейміз
9-тапсырма. Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыздар.
Театрда
Өмір: -
Таня, сені театрға шақырғым келеді.
Таня: -
Қашан?
Өмір: -
Жексенбі күні М.Әуезов атындағы театрда “Қаракөз” қойылымы
болады. Спектакль кешкі сағат 17:00 де басталады. Сені театрдың ішінде
күтемін.
Таня: -
Біздің орындарымыз партерде ме?
Өмір: -
Иә, бірінші қатардағы алтыншы және жетінші орындар.
Таня: -
Жарайды, келемін.
***
Таня: -
Қойылым 40 минуттан кейін басталады. Жүр бірге театрдың ішін
аралайық.
Өмір: -
Жарайды, аралайық.
Таня: -
Өмір, театрдың екінші қабатындағы суреттерді көрейікші.
Өмір: -
Таня, қарашы міне “Қаракөз” қойылымында
ойнаған әртістердің
суреттері.
Таня: -
О, мен мынаәртістітанимын. Ол “Біздің сүйікті дәрігеріміз”
киносында ойнаған. Оның аты –жөні – Серке Қожамқұлов.
Өмір: -
Спектакль басталатын уақыт болды,жүр, орнымызға отырайық.
***
Өмір: -
Саған қойылым ұнады ма?
Таня: -
Әрине, ұнады. Бұл маххаббат туралы драмма ғой. Керемет екен!