84
гаухар тасты сырға, оюлы сырға, жапырақ тасты сырға, маржан тасты
сырға деп бөлінеді.
Қыздар мен әйел адамдар білезікті білегіне, моншақ пен алқаны
мойнына тағады. Ал жүзік пен сақинаны саусағына киеді.
Белдік- адамның беліне тағатын сәнді бұйым. Ер адамдар да, әйел
адамдар да белдік тағады. Белдіктер жіңішке, жалпақ әрі сәнді болады.
Белдіктерді былғарыдан, қатты маталардан жасайды.
Айна, тарақ, түйреуіштер де әшекейлерге жатады. Әшекейлер қымбат
металл мен таза, асыл тастардан жасалады. Гаухар және маржан тасты
әшекейлер мен алтыннан жасалған бұйымдардың бағасы өте қымбат.
Сондай –ақ әшекей бұйымдар арзан металл мен шыныдан да жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: