ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
болатын энтодерма қабаттары аралығында үшінші ұрык жапырақ-
шасы - мезодерма дамиды. Құрттардың денесі ұзынша келген және
арқа-құрсақ бағытында қысыңқы /жапырақ, тақта, таспа тәріздес/.
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі
тері бұлшықет қапшы-
ғының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бүлшықет
талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл бұлшықеттер бірнеше қабат
түзе отырып /сақина тәріздес, ұзына бойы,
дорза-вентральды, қиғаш/
эпителий астында жануардың денесін қаптайды. Plathelminthes
типінің “құрт тәріздес” қозғалуы тері-бұлшықет қапшығындағы бұл-
шықет талшықтарының жиырылуы арқасында жүреді.
Жалпақ құрттардың бәрі де қуыссыз, паренхималы жануарлар:
ішкі мүшелері арасындағы кеңістікті
мезодермадан пайда болған
дәнекер тканьдер немесе көптеген клеткалары бар паренхима
толтырып тұрады. Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп
те атайды. Паренхима мүшелер аралығындағы
барлық кеңістікті алып
тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор
және қорек заттар жиналатын орны боп саналады.
. Ас корыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе жұт-
қыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен
тұрады. Артқы ішегі және ерекше аналь тесігі жоқ.
Кейбір паразиттік
түрлерінде ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.
Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда
болады. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше
шоғы бар жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Сыртқы ортамен
протонефридиялар экскреторлы /зәр шығарушы/ саңылаулармен
байланысады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.
Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына
карай жүретін, өзара сакина тәріздес
өсінділермен байланысатын
нерв бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және кұр-
сақтық екі ұзына бойы бағаналары бар.
Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі. Іштей ұрықта-
нуды қамтамасыз ететін мүшелер пайда болады .у
Жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады: кірпікшелі құрттар
(Turbellaria), дигенетиқалық сорғыштар немесе трематодтар (Trema-
toda), моногейётикалық сорғыштар (Monogenfndea),
таспа кұрттар
(Cestodajn>KOHe цестодатәрізділер (Cestodaria). Соңғы 4 класс өкілдері ~
нағыз паразиттёр^
Достарыңызбен бөлісу: