ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯ С Ы
134
50-cypem.
Ескектілер: A-Cydippea; Б - “шолпан белдігі” - Cestus veneris;
В - жорғалаушы ескекті - Coeloplana; Г - бекініп тіршілік ететін - Tjalfiella;
Д - қармалауышсыз ескекті - Beroe cucumis
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Архипелагтың жағалауларынан Coeloplana-ға ұқсас жорғалауыш
ескектіні тауып, оны Ctenoplana kowalevski деп атады.
Жорғалауыш ескектілердің денесі басты
ось бағытына жалпайған
(жоғарыдан төменге қарай), астыңғы жағында ауыз тесігі, оральды
жорғалауыш табаны, ал жоғарғы жағында абораль мүшесі
және қос
қармалауыштары орналасқан. Денелері екі жақты симметриялы,
мезодерма бастама клеткалары айқын дамыған. Бұларда ескектілердің
де, кірпікшелі жалпақ құрттардың да (Turbellaria) белгілері байқалады.
Ctenoplana-ның сегіз қатарлы ескекті
тақталарының болуына
байланысты, олар жүзе де, жорғалап та жылжи алады.
Coeloplana-ның ескекті тақталары жойылған, сол себептен олар
тек жорғалайды. Бұлардың жас формаларында
ескек тақталары
болып, даму процесінде жойылып кетеді.
Е С К Е К Т І Л Е Р ( C T E N O P H O R A ) Т И П І Н І Ң Ф И Л О Г Е Н И Я С Ы
Ескектілердің кұрылысындағы белгілеріне (эктодерма, энтодерма
қабаты, гастроваскулярлы жүйесі)
байланысты оларды ішек-
қуыстылардың ерекше бір жоғарғы сатыдағы бұтағы деп есептейді.
Шығу тегі жөніндегі гипотезалардың көпшілігі ескектілер мен медуза-
лардың өзара байланыстарын көрсетіп, ескектілер гидромедуза-
лардан (Геккель, Кун) немесе сцифоидты медузалардан шыққанды-
ғын (Гетте) дәледейді. Басқа авторлар
медузалар мен ескектілер
“Scyphula” деген бір ортақ тектен пайда болды деп жорамалдайды.
Оның денесі гаструла тәрізді, кірпікшелермен қапталған және жақсы
дамыған жұтқыншағы болған деп жорамалдайды.
Эволюция барысында ескектілер
көптеген өзгерістерге ұшы-
раған: өзгерген кірпікшелері арқылы қозғалуы; жүзуден жорғалап
жүруге
бейімделуі; мезодерма клеткалар бастамасының болуы; екі
жақты симметрияның қалыптасуы. Осы белгілерге сүйенсек, жор-
ғалауыш ескектілер кірпікшелі құрттардың (Turbellaria) арғы тегі
деген жорамал (Ланг) шындыққа
жақын сияқты және екі жақты
симметрияның пайда болуын түсіндіруге дәлел болады.
Достарыңызбен бөлісу: