ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
дамуы осымен түсіндіріледі. Олардың дене клеткалары мен сыртқы
ортаның осмос қысымының әр түрлілігінен жануардың денесіне
үздіксіз су кіріп тұрады, ал артық су протонефридиялар
арқылы сырт-
қа щығарылады.
Геңіз турбелляриінде ерекше зәр шығару мүшесі жоқ, оларда
кажетсіз зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару қызметін паренхима-
дағртлфзғалғыш клеткалар - амебоциттер атқарады.
Т ы н ы с а л у ж ә н е қ а н а й н а л у м ү ш е л е р і
турбеллярилерде жоқ.
Суда еріген оттегі денесіне бүкіл терісі арқылы өтеді. Бұл жерде
турбелляридің денесінің ұзын болуының маңызы зор.
Н е р в ж ү й е с і
бас нерв түйіні (ганглиясы)
және одан тарайтын
нерв бағаналарынан тұрады. Нерв түйіні немесе ми нерв клеткалары-
ның жиынтығынан құралған және ол оң және сол жақ ганглиялардан
тұрады. Ми нерв жүйесінің басқарушы орталығы организмнің іс-
әрекетінің негізі, одан дене бойына
таралатын нерв талшықтары
басталады. Турбелляриялардың нерв жүйесінің құрылысы әр түрлі
болғандықтан оның эволюциясын класс деңгейіңде ғана түсінуге
болады. Кейбір ішексіз турбелляриде (Асоеіа) нерв жұйесі ішек-
қуыстыларға ұқсас, яғни дененің бетіне өте жақын - шырмалған
диффузия тәріздес орналасады. Кішкене ми ганглиі құрттың алдыңғы
бөліміндегі орналасқан статоцистті нервпен қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесінің дамуы басты үш бағытпен жүреді.
Әуелі тері
астындағы нерв жиынтығы түзіледі, соның арқасында нерв баға-
налары мен олардын көлденең өсінділері айқындалады. Сонымен
қатар статоцистті нервтендіретін кішкене ми бірте-бірте үлкейіп
бүкіл денені реттеуші негізгі орталыққа айналады. Келесі кезеңде
жүйе паренхиманың қалың қабатына енеді.
Мұны ми мен бағана-
ларды сыртқы орта әсерінен қорғаудағы маңызды бейімделушілік
деп қарастыруға болады. Соңында нерв жиынтығынан 5-6 жұп ұзына
бойлық бағаналар жіктеліп шығады, ал
олар эволюция процесі
нәтижесінде екі немесе бір жұпқа дейін азаяды. Қалған бағаналар
жақсы дамыған және жуан. Біз бұл жерде гомологтық мүшелердің
олигомеризациясын көреміз. Барлық ұзын бағаналар көлденең
сақиналы өсінділермен жалғасқан, сол себептен нерв жүйесі тор
пішіндес болады. Басқа да құрттарға тән мүндай
құрылысты нерв
жүйесі ортогон деп аталады (54-сурет).
Көп тарамды ішекті турбелляриде (Polycladida отряды) ми дененің
алдыңғы бөлімінен ығысып, орталық бөлікте орналасқан. Үш тарамды
ішекті турбелляриде (Tricladida отряды), тік ішектілерде (Rhabdocoela
146