Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida. Теңіз жаға-
лауындағы құмда тіршілік етеді. Қапшық тәрізді ішегі және жұтқын-
шақта орналасқан жұп хитинді жақтары бар. Отрядтың ерекшелігі
тері эпителиясында кірпікше емес, талшықтары бар Қарапайым
түрлерінде нерв жүйесі беткейі орналасқан, протонефридия және
біріккен сарыуыз бездері болмайды. Өкілі: Gnathostomula paradoxa
(57, Б - сурет).
Көп тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Polycladida. Теңізде тіршілік ететін, жапырақ тәрізді, кейде ірілері 15 см-ге дейін
жететін турбеллярилер. Олардың ірілігі ішектің тарамдыльн'ы мен
жыныс бездерінің көп болуынан. Поликладидалардың құрылысында
қарапайымдық белгілері де кездеседі: сарыуыз бездерінің, жыныс
жолдарының болмауы Поликладидалардың тропикалық өкілдері,
әсіресе коралл рифтерінде тіршілік етушілері ашық және тарғыл
түсті болады Біздің солтүстік теңіздерде
Leptoplana alcinoi жиі
кездеседі Дамуы метаморфоз (личинка) арқылы өтеді.
Уш тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Tricladida. Денесі жапырақ немесе тақта тәрізді. Жыныс жүйесіне көптеген
аталық тұқым бездерінің, екі жұмыртқа безі мен көптеген сарыуыз
таратқыштарының болуы тән. Ішегі үш тарамды. Көбіне тұщы су
формалары,-Өқіддері Dendrocoelum lacteum, Euplanaria genocephala,
Polycelis nigra. Кейбір Tricladida-лар теңіздерде өмір сүреді. Тропи-
калық түрлері, мысалы Bipalium stimpsoni су өсімдіктер жапырақ-
тарының астында, ылғалды жерлерде кездеседі. Құрлықта кездесетін
Tricladida-лар кейде 30 см-ге дейін жете алады. Әсіресе үш тармақты
ішекті турбеллярилерге Байкал көлі бай. Сондағы трикладидалардың
мөлшері үлкен болады және олар бірнеше жүз метрге дейінгі
тереңдікте кездеседі.
Тік ішектілер отряды Rhabdocoela. Өте ұсақ /0,5-5мм/, ұршық^
цилиндр пішіндес жәндіктер. Денесіндегі кірпікшелері арқылы
жақсы жүзеді. Негізгі ерекшелігі жұтқыншағы жақсы дамыған, одан
дененің артқы жағына бағытталған тұйықталатын тік ішегі өтеді.
Жұтқыншақ үстіндегі ми түйінінен артқа қарай 3, 2, тіпті кейде 1
жұп нерв бағаналары басталады. Зәр шығару жүйесін бір жүп түтік,
тарамдалған түтікшелер және бір жұп саңылау құрайды. Жыныс
жүйесіне жұп болып құралған гонадалардың көп болуы тән (аталық,
аналық және сарыуыз бездері]. Аталык және аналық саңылауларының
152