ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
екіншісінің тікелей терісіне немесе
паренхимасына енгізіледі. Спермато-
зоидтар жұмыртқаларға өздері жетіп,
оларды ұрықтандырады. Жұмырт-
қалар толық,
бірақ біркелкі емес
спиральды түрде бөлінеді. Гаструла
құрылғанға дейін, жұмыртқа блас-
томерлері эктодерма түзілетін ми-
кромераларға және энтодерма мен
мезодермаға бастама беретін 4 ма-
кромераларға бөлінеді.
Көп
тарамды ішекті турбелля-
ридің (Polycladida) дамуы метамор
фоз арқылы жүреді. Жұмыртқадан
“мюллер” деп аталатын личинка шы-
ғады. Личинканың денесі жұмыртқа
тәріздес.
арқа құрсақ бағытында
ығыспаған, ішегі тарамдалмаған.
Ауыздың алдыңғы жағында 8 ұзын
қалақшалары дамыған (56-сурет).
Олардың бос шетінде кірпікше түк-
тері болады. Личинка планктонда
еркін жүзіп жүріп, кішкене турбел-
ляриге айналған соң ғана су түбіне түседі. Басқа турбеллярилер
личинкасыз дамиды.
Кейбір турбелляриялар (Macrostomida отряды)
қайта-қайта
көлденең бөлінуі арқылы жыныссыз көбеюге бейіі^ Голық бөлінгенге
дейін, денесінің артқы жартысында мүшелердің қалыптасуы
байқалады: клеткалардың жұп шоғыры пайда болып ми ганглиялары
түзіліп, оның үстінде
көзі қалыптасып, жұтқыншақ бастамасы пайда
болады. Тек осыдан кейін ғана бөліну басталады. Мүшелердің
қалыптасуы мен түзілуі алдын-ала жүрген соң екі особь та қоректене,
тітіркендіргіштерге жауап бере бастайды.
Көптеген турбеллярияларда денесінің артқы бөлімі алдыңғысынан
баяулау
бөлінеді де, әрбір жас индивид пайда болғалы жаңа бөлініске
дайындала бастайды. Осылайша, Microstomum және басқаларында
4, 8 немесе 16 особьтан
тұратын тізбек пайда болады, кейін тізбек
жеке особьтарға бөлініп ыдырайды. Мұндай тізбектер уақытша ко-_
лониялар. Сипатталған бөліну түрін паратомиялы бөліну деп атайды.
56-сурет .
М юллер личинкасы
(Polycladida отр.): 1
көзі, 2
ми
ганглиясы, 3 - қапшық тәрізді ішек,
4
ауыз тесігі, 5
қалақшалары,
6 - кірпікше түктері
150