555
Баланың барлық сезім органдары практикалық жұмыстарды жүргізуге
бағытталады. Практикалық жұмыстарға арналған нұсқаулықтар нақты, анық, балалардың
назарын зерттелуші объектілердің басты қасиеттеріне аударуы тиіс.
Дұрыс түсініктердің пайда болу шарттары:
Жад бойынша сурет салу. Бұл әдіс "өткен тәжірибені жандандыру" және
кеңістіктік бейнені қалыптастыру үшін маңызды. Бұл ретте зерттелген объектіні егжей-
тегжейлі жаңғырту емес, осы ұғыммен белгіленген барлық объектілердің елеулі белгілері
көрінетін схемалық сурет талап етіледі. Мысалы, гүл өсімдігінің бөліктерін зерттеу
кезінде тек шөпті өсімдіктің ғана емес, ағаштың, бұтаның да суреті жасалуы мүмкін.
Кестелерді, схемаларды толтыру. Бұл әдіс әдетте практикалық жұмыс
жүргізілгеннен кейін қолданылады. Бұл ретте, балалар қарапайым тәжірибе арқылы
зерттеген табиғи объектілердің қасиеттері есте сақталады.
Сезімдерді жаңғыртуды талап ететін сұрақтар мен тапсырмаларды
қарастыру. Мысалы, оқушылар қандай тәжірибе көмегімен судың мөлдір екенін, ол жақсы
еріткіш екенін анықтау керек.
Бастауыш жаратылыстану курсын оқытудың әдістемелік негіздерін әзірлеу
барысында бастауыш сынып оқушыларының психикасының даму заңдылықтарын
зерттейтін психологияға жүгінетініміз белгілі. Бастауыш мектепте жаратылыстану курсы
материалдар мазмұнын іріктеу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі.
Психологияның міндеті жаратылыстану сабақтарында әртүрлі қызмет түрлерін жоспарлау
және мұғалім үшін балалардың таным және қабылдау процестерінің деңгейін анықтау.
Бұл оқу процесінің жүйелілігін, толық қамтылуын қамтамасыз етеді.
Жаратылыстану ғылымы өскелең ұрпаққа әлемді танудың эмпирикалық
тәжірибесін, жаратылыстану пәнінің негізгі тұжырымдамаларына сәйкес әлемнің
тұтастығы мен алуан түрлілігін көрсететін, табиғатты зерделеудегі сабақтастық
қағидаттарын түсінуді көздейді. Қазіргі кезеңде жаңа білім беру мектебін құрудың негізі
қоғамның мәдени және рухани жаңғыруы болуы тиіс. Осыған байланысты бастауыш білім
беру мазмұнында жаратылыстану ғылымының тұжырымдамалары ғана емес, бастауыш
сынып оқушысының қоршаған орта жағдайына бейімделуіне ықпал ететін табиғат
құрылымына баламалы көзқарастар да көрініс табады.
Достарыңызбен бөлісу: