Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы // adilet.zan.kz/kaz/docs/
2.
https://helpiks.org/9-25948.html
3.
https://superinf.ru/view_article.php?id=270
4.
Мұғалімдерге арналған үлестірме материал (Екінші баспа) ДББҰ «Назарбаев
Зияткерлік мектептері», 2015 ж.
5.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2016. – 5б.
556
САУАТ АШУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ТОПТЫҚ
ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жұмаділла Н.Р., Абилхаирова Ж.А.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр.» деген болатын [1]. Қазіргі
заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу ғана емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-
психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап
етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен
тәрбие ісінің жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана біліктілігі мен
білімі жоғары жетекші тұлға ретінде саналады.
Қазақстандағы білім берудегі қазіргі жағдай мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарын енгізумен сипатталады, соның салдарынан білім беру жүйесінің
барлық буындары жаңартылуы нәтижесінде айқындалады, олардың ішіндегі ең
маңыздысы – бастауыш мектеп. Баланы оқытудың маңызды кезеңі – сауат ашуды оқыту
кезеңі.
Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу
жұмысының негізгі міндеті оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас ұрпаққа білім
негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің
негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі – жеті жастағы балаларды
сауаттандыру мәселесі. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне
бейімділігі, ынтасы қалыптасады. Бастауыш мектеп оқушылары алдағы білімі табысты
болуы үшін қажетті дағдыларды игереді. Сауат ашу – бұл ең алдымен балалардың
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын меңгеруі, сонымен қатар, бұл
олардың өзіндік ойлауын дамытудың қалыптасу құралы болып табылады. Бұл кезеңнің
өзіндік ерекшелігі, ол баланың бір өмір сатысынан екіншісіне ауысуын білдіреді. Бұл
сынып ұжымын құру бойынша тәрбие жұмысының күрделілігін, бірінші сынып
оқушыларының мектепте өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелерін түсінуімен анықтайды.
«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу» -
дейді философ Әбу Насыр әл-Фараби [2]. Сондықтан сауат ашуды оқыту кезіндегі жұмыс
барысына әсер ететін маңызды фактор – балалардың мектепке дейінгі дайындығының
әртүрлі деңгейде болуына байланысты. Балалар бір-бірінен сөйлеу деңгейі бойынша
ерекшеленеді, олардың кейбіреулерінің сөйлеуінде кемшіліктер болады. Сонымен қатар,
соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, мектепте оқуды бастаған бірінші сынып
оқушыларының көпшілігі оқи алады, оқу деңгейі төмен балалардың үлесі айтарлықтай
көп емес.
Еліміз білім беру сапасына аса жоғары мән беріп отырғаны белгілі. Сол жолда
білім сапасын көтеру мақсатында сауат ашу сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану
мұғалім үшін де, оқушы үшін де өз пайдасын тигізері анық. Бүгінгі таңда сауат ашу
сабағы барысында қолданатын тиімді тәсілдерінің бірегей ерекше түрлері – жеке және
топтық жұмыстар болып отыр.
Сауат ашу кезіндегі жеке жұмыс – арнайы бөлінген уақыт аралығында мұғалімнің
көмегінсіз орындалатын, оқушының белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыра білу және дамытудың бастапқы қадамы. Жеке жұмыс түрлері:
оқушылардың сыныптастарымен байланыстан тыс және мұғалімнің жанама басқаруында
бірыңғай немесе әртүрлі тапсырмаларды орындау көрінісі.
Қазіргі таңда оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің біршама
дамыған мемлекеттерінің мектептерінде қолданылуда. Сауат ашу пәніндегі жеке жұмыс
істеудің мақсаты – оқушының өзіне артылған жауапкершілікті сезіне білуі, ақыл-ой
557
қабілеттерін жетілдіруі, баланың шығармашылық жеке дарындылығын дамытумен қатар,
оқушының өз бетінше ізденуіне жағдай жасау. Сонымен қатар, оқушының өзіне деген
сенімділігі артады, қабілет, біліктілігін анықтай алады. Кеңес психологы Р.С.Немовтың
айтуы бойынша, «бала мектепке келгенде ойын-сауық қарым-қатынасы мен қатар, оқу іс-
әрекеті ұсынылады. Бұл қызметті әрі қарай алып кету балалар үшін маңызды рөл
атқарады. Бала ойын және сабақ арқылы басқа заттарды бір-бірінен ажыратады» [3]. Яғни,
ойын баласы мектеп заңына бағынып, ондағы тапсырмаларды орындауға дағдылануы,
оның ересек өмірге жасаған алғашқы қадамы болмақ.
Әрбір оқушымен жеке-дара жұмыс – сауат ашу жұмысына қойылатын
талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындықпен келеді. Мұғалім балалардың
өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып, әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді.
Бірінші сынып оқушыларының сауат ашу пәнінің оқу қызметін ұйымдастырудың жеке
түрін жүзеге асырудың ең тиімді жолдарының бірі-сараланған жеке тапсырмалар болып
табылады. Оқушыларды күрделі тапсырмалардан босататын және уақыт аз болған
жағдайда, өзіндік жұмыс көлемін айтарлықтай арттыратын тапсырмалар. Мұғалімнің
оқушылардың тапсырмаларды орындау барысын бақылауы, оқушылардың туындаған
қиындықтарды шешуге уақытында көмек көрсетуі маңызды болып табылады. Мұғалім
балалармен үш түсті көрсеткіш: қызыл – «мен білмеймін, көмек сұраймын»; сары –
«күмәнданамын, сенімді емеспін»; жасыл – «білемін, біле аламын» көрсеткіші арқылы
әрбір сабақта жеке жұмыс кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады. Сауат ашудың
негізгі белгісі – сөз болғандықтан, сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөзді ауызша айту,
оқу және жазбаша жұмыстар жүргізіледі. Жаңа сабақта өтілген әріп бойынша сөздер
құрастырып жеке айтумен қатар, олар жайында бірнеше сөйлем құрауды сабақ барысында
қолданады.
Үлгерімі төмен оқушылар үшін өз бетінше орындай алатын жеке тапсырмалар ғана
емес, мұғалімнің көмегі арқылы да орындайтын жеке тапсырмалар беріледі. Мұғалім
оқушылардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды, сұрақтар қоятын кеңестер береді, ал
көптеген оқушылар тапсырманы орындамайтынын байқаған жағдайда, мұғалім жеке
жұмысты үзе алады және барлық сыныпқа қосымша түсінік бере алады. Тіпті кейбір
оқушылар тақырыпты талдай отырып, қателесуден, тапсырманы нұсқаусыз немесе
мұғалімнің көмегінсіз шешуден қорқады. Сауат ашу кезіндегі жеке жұмысты сабақтың
барлық кезеңдерінде жүргізген дұрыс. Себебі жаңа материалды өз бетінше орындау үй
жағдайында тиімді болады. Қима қағаздардан басқа сараланған үй тапсырмалары,
тақырыптық түйін сөздер, түрлі деңгейдегі тапсырмалар кеңінен қолданылады. Бұл ретте
бала неғұрлым белсенді ойлайды және әрекет етеді, бұл білімді, шеберлікті және дағдыны
анағұрлым берік және мағыналы қалыптастыруға әкеледі. Әр оқушы жеке оқу
формасында өз оқу мүмкіндіктерінің деңгейіне сәйкес жұмыс істейді. Мұғалім әрбір
тапсырманы таңдайды, балаға оқуға барынша оңтайлы мүмкіндік беретін нұсқаулықтар
береді. Жұмысты жеке түрде ұйымдастыра отырып, мұғалім әр оқушының нақты білімі
мен іскерліктері туралы ақпарат алады. Оқытудың жеке түрі өте қажет, бірақ оны сабақ
барысында асыра пайдалану оқушылардың үрейленуін арттыруға, сондай-ақ олардың
ажыратылуына, оқушылардың өзімшіл көріністерін дамытуға әкеледі.
Сауат ашу сабақтарындағы топтық жұмыс – өзара іс-әрекет жасалып, соңғы
нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы. Бірінші сынып
оқушыларының сауат ашу пәнінің оқу тапсырмасын бірлесіп орындау үшін бірнеше
жұмыс топтарын (5-6 адамнан артық емес) құру арқылы ұйымдастырады. Бұл
ешқайсысын сырт қалдырмай, барлық оқушыларға жұмысқа қатысып, ынтымақтастық,
басқа адаммен қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді. Топтық
жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды
шешуді көздейді. Осы әрекеттер топтық жұмыста жүргізіледі. Оқушыларды топқа бөлудің
екі жолы бар: Бірінші, бірыңғай топтық жұмыс. Мұғалім оқушылардың қабілеттерін,
көшбасшылық қасиеттерін ескермей, кездейсоқ таңдау әдісімен топқа бөледі. Екіншісі,
558
сараланған топтық жұмыс. Оқушыларды шағын топтарға бөлуді бүкіл топтың, сондай-ақ
жекелеген білім алушылардың ерекшеліктерін (мысалы, оқу үлгерімі, аталған пәнді оқуға
деген қабілеті, көшбасшылық қасиеттері, қарым-қатынас жасау қабілетінің деңгейі) ескере
отырып, алдын ала жоспарлау арқылы бөледі. Оқушыларды топқа бөлгеннен кейін топтың
жекелеген мүшелері бір-бірін құрметтей отырып бірлесе, яғни жұмыстың
алғышарттарының бірі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы күтілетін нәтижеге
жетуге негізделген. Сауат ашу кезінде оқушылардан құралған, барлық топ мүшелері
білетін және түсінетін жалпы ережелерді мұғалім түсіндіріп алуы қажет. Топ ережесі:
бірін-бірі тыңдау , өзгенің пікірін сыйлау, сөзін бөлмеу, уақытқа бағыну, шапшаңдық,
бәсекелестік, бірлесуіне негізделген. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін,
жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай
қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет. Сабақ барысында әр түрлі әдістер арқылы
оқушыларға басқалармен бірігіп жұмыс істеу, ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу,
ақпаратты басқару дағдылары қалыптасады. Түрлі әдістерді топтық жоспарлау құралы
ретінде пайдалануға да болады. Әр оқушының пікірі, көзқарасы тыңдалады.
Оқушылардың ой-пайымдары негізінде жаңа идеялары пайда бола бастайды.
Тапсырмадан кейін оқушылардан жауап алу міндетті түрде жүргізілуі керек. Бір сұрақ
бойынша бірнеше жауаптар беріледі. Топ болып қабылдаған жауаптар үшін оның дұрыс
не дұрыс еместігін оқушылардың өздері ажыратуы керек. Топтық жұмыс сауат ашудағы
оқушылар арасында бір-бірімен өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және бірігіп
проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды
өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты
ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға
ынталандырған жағдайда тиімді болады. Фактілер бұл үдерістің кезең-кезеңмен
жүретіндігін растайды. Айталық, сауат ашудың бастапқы кезеңіндегі топтық жұмыс
әлеуметтік өзара әрекет етудің дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың
арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас
жасау және өз беттерінше мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады. Топтық
жұмыстың маңызды мәселелерінің бірі талқылау, талдау жұмысы. Бұл бірнеше
сатылардан тұрады:
a)
Әр топ мүшелері өзінің болжамын, идеясын ортаға салуы. Топ мүшесі
сөйлеп жатқанда қалғандары шыдамдылықпен тыңдау қажет. Басқаның идеясына
құрметпен қарау керек.
b)
Әр топта айтылған болжам, идеялардың талқылануы. Бұл жерде бірін-бірі
тыңдау, болжам, идеяларды қорғау оған келтірілетін дәлел мен дәйектер болу керек.
c)
Топтық шешімнің талқылануы. Топтық шешім сыни бағалау үрдісінде
пайда болады. Тиімді шешім таңдалады.
d)
Топ жұмысының қорытындысы талқыланады.
Сабақ соңында әр топты бағалау жүргізіледі. Бағалау мұғалім тарапынан
оқушылардың білімдерін әрі қарай жетілдіруге ынтасын арттырады. Ал, оқушылардың
бір-бірін бағалауы топ мүшелері арасында сенімділіктің орнығуына көмектеседі.
Топтық жұмыс сабақты ұйымдастыруда жаңашылдық алып келеді.
Егер мұғалім сауат ашу кезінде жеке және топтық жұмысты белсенді пайдаланса,
оқытуды ұйымдастырудың бұл түрі неғұрлым тиімді болады. Бұл жағдайда оқушы бірте-
бірте дербес болуды, бастамашылық пен шығармашылық танытуды, өз еңбегінің
нәтижесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуды үйренеді.
Осылайша, ұсынылған жұмыста қарастырылатын мәселенің өзектілігі, сауат ашу
пәнінде оқушылардың бірлескен және жеке жұмыс іс-әрекеті мәселесі біршама жоғары
нәтижелер көрсетуде. Сонымен қатар, педагогтер мен психологтардың заман талабына
сай зерттеулері бойынша, басқалармен қарым-қатынас жасау-бірінші сынып
559
оқушыларының ойлау қабілетін дамыту, оқыту және тәрбиелеуде маңызды рөл
атқаратыны дәлелденген.
Жоғарыда айтып өткендей, оқыту кезіндегі бұл тәсілдер оқушы үшін білімі мен
біліктілігін арттыруға зор мүмкіндік болмақ. Оқушылардың білімді меңгеруі және
олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған шәкірт пен ұстаз арасындағы бірлесіп
жүргізілетін іс-әрекеттің субъекті-субъектілік қарым-қатынас құралы ретінде анықталады.
Бұл тәсілдерді тиімді пайдалануға дағдылану мұғалімнің жетістігіне алып келеді. Сауат
ашу кезеңіндегі жеке және топтық жұмыс істеудің маңыздылығы сол-бала өзінің жетістігі
мен ойлау қабілетінің деңгейін ажыратады. Алдағы еңбек іс-әрекетінің қалай және қай
бағытта болуына ықпал жасалады. Әдіс-тәсілдердің кең таралуы заман талабына сай
даму сатысының маңызды бөлігі болмақ.
Белгілі маман психологтардың мәлімдеуінше, оқушының белсенділігі оның
тапсырмаға деген көзқарасынан туындайды. Егер тапсырма оқушыны қызықтыра білсе,
оқушы белсенділігінің де жоғары болуы мүмкін. Осы жерде тағы да айта кететін жағдай
оқушының белсенділігіне әсер ететін нәрсе сабақтағы еркіндік атмосферасы. Сондықтан
баланың қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін түрлі әдістерді қолдану арқылы
оқытып, жан-жақты дамыту керек.
Сауат ашу – аса күрделі де жауапты міндет болғандықтан, оны ойдағыдай жүзеге
асыруда атқарылатын жұмыстар сан түрлі. Оның жоғары нәтижеде болуы үшін бірінші
сынып оқушыларына жүргізілетін әдістердің тиімділігін анықтап алған жөн. Сауат ашу
кезіндегі жеке және топтық жұмыс әдістерін жүргізу барысында сауат ашу пәнін меңгеру
айтарлықтай нәтиже берері анық. Себебі оқушылардың берілген білімді ғана меңгеріп
ғана қоймай, бір-біріне және өзіне деген сенімділігі және басқалардың ойымен санасуы
бірінші сыныптан бастап рухани тұрғыда дамып отырады.
«Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз болса, анықтап нық
үйрету абзал», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, оқушылардың сапалы білім алуы
бірінші сынып табалдырығынан бастау алмақ. Оның ішінде сауат ашу пәні маңызды рөлге
ие екені белгілі. Сауат ашудағы әріптерді танытумен оларды қалай қолдануына бастама
болатын-мұғалімнің білімі. Мұғалім бастауыш сыныбында баланы қай бағытқа бұрса,
бала сол бағытты ұстанады. Сол себептен, қазіргі заман талабына сай әр баланың
қабілетін ояту және оны болашаққа дұрыс бағдарлау үшін жан-жақты білім мен
біліктілікті, әр түрлі әдістерді пайдалану -көптеген жетістікке жеткізері анық.
Достарыңызбен бөлісу: |