МҮГЕДЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Абиев Р., Умирзакова М.А.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Мүмкіндігі шектеулі адамдар (мүгедектер) жағдайын жақсарту Қазақстандағы
әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Адамзаттың күнкөрісіне
аса қажетті (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік даму, экономика және тағы басқа)
салалардың барлығы замана ағымына қарай бейімделуде, өйткені қоғамның дамуы дәуір
сұранысын қанағаттандырумен тікелей байланысты. Осы орайда, тыңғылықты зерттеуді
қажет ететін тағы бір бағыт бар десек, ол – мүгедектердің жағдайы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты халыққа Жолдауында «......мүмкіндігі шектеулі адамдарға толыққанды
еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды....»-
деген болатын [1].
Қазіргі уақытта адам құқықтарына, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға қатысты
қабылданған заңдар мен ережелер мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік қорғау үшін берік
негізбен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанда әлеуметтік жұмыс
тұжырымдамасын енгізген кезде осы санаттағы адамдардың бетпе-бет келетін
проблемалары мен ерекше мұқтаждықтарын көрсетеді. Өзінің мүгедектігі бар адамдар
мен балалардың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған күш-жігерін растау
мақсатында Қазақстан 2008 жылы 11 желтоқсанда БҰҰ Мүгедектер құқықтары туралы
конвенциясына қол қойды [2].
Мүгедектікті зерттеу жалпы алғанда екі модельге бөлінді. (Сурет 1).
Сурет 1. Мүгедектікті зерттеу модельдері (3-ші әдебиет негізінде автордың құрастыруы)
Медициналық модель мүгедектікті аурумен немесе басқа патологиялармен
байланысты физиологиялық немесе психологиялық бұзылыстардың салдары ретінде
қарастырып, оны «емдеуді» қажет ететін «қалып, күй» деп санады.
Мүгедектіктің әлеуметтік моделі мүгедектікті жеке контексте емес, әлеуметтік
контексте айқындайды. Бұл модель мүгедектікті дараландырмау және тек медициналық
мәселеге айналдырмау мәселесінде табысқа жетуге болатынын көрсетті. Солай бола тұрса
да, әлеуметтанушылар әлеуметтік модель мүгедектігі бар адамдардың патологияларын
емдеуде және өмірлерін жақсартуда сәтсіздікке ұшырауы мүмкін екендігін растайды.
Мүгедектігі бар адамдардың денсаулық жағдайларына байланысты қиындықтары, сондай-
ақ олардың мұқтаждықтарына қарай бейімделмейтін, қоғамда олар ұшырасатын
проблемалары болуы мүмкін.
12
Соңғы онжылдықтар ішінде мүгедектіктің «медициналық» моделінен «әлеуметтік»
моделіне көшу мүгедектік үшін әлеуметтік жауапкершілікті индивидтен тұтас қоғамға
беру тәсіліне айтарлықтай дәрежеде ықпал етті.
Мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасылары қоғамның «қалыпты»
мүшелеріне айналуы үшін қоғам негізінен «медициналық» емді ұсынып отырған кезде бұл
модельдің талабы қатты сынға ұшырады, сөйтіп,ол бұл модельден бас тартуға алып келді.
Әлеуметтанушылар мен мүгедектікті зерттеушілер көбінесе мүгедектікті әлеуметтік
мәнмәтінмен тығыз байланыста қарастырады, сондай-ақ мұндай салдарларды әлеуметтік
оқшаулау және мүгедектікпен тығыз байланысты басқа кемшіліктер ретінде көрсетеді.
Бұған қоса, әлеуметтанушылар мүгедектікті әлеуметтік құбылыс деп санайды және
бақыланатын мүгедектік деңгейіне әсер етуде әлеуметтік жағдайлардың атқаратын рөлін
атап көрсетеді. Сөйтіп, мүгедектіктің әлеуметтік моделі, өз кезегінде, проблеманың өзіне
неғұрлым жауапты рөл қабылдауға тиіс қоғамға қайтарылуын талап етеді. Мұндай модель
қоғамға мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасына медициналық модель жүктеген
жауапкершілікті қайтарады деп болжамдауға болады. Әлеуметтік модельде мүгедектік
қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырылады әрі мүгедектігі бар адамдар (және олардың
отбасылар) азаматтық, саяси құқықтарды (сайлау құқықтары, пікір білдіру еркіндігі),
сондайақ экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды (денсаулық сақтау, білім
беру және т.б.) басқа адамдармен тең пайдалана алады.Мүгедектігі бар адамдармен жұмыс
істеуде медициналық модельден әлеуметтік модельге көшуді ұсынады [3].
Бұл мүгедектігі бар адамдарға инклюзиялық ортаны қамтамасыз ететін тек
қаржылық көмек көрсету саясатынан мүгедектігі бар адамдарға медициналық және
әлеуметтік қолдау көрсетуге көшуді білдіретін болады.
Саясат тұрғысынан қарағанда, медициналық модельдің орнына әлеуметтік
модельді таңдаған кезде елдер адам денсаулығы мәселелерінен инклюзивтілікті, қоғамға
араласуды, қызметтер мен инфрақұрылымға толық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін
оған дейін еңсерілуге тиіс кедергілер тізіміне басымдық берген кезде сақ болуға тиіс.
Мұндай кедергілер заңнама аясымен (мысалы, мүгедектігі бар ересектерді/балаларды
анықтау тетіктері, немесе әлеуметтік қорғау және көрсетілетін қызметтер), түрлі қызмет
көрсету жүйелерімен қамту деңгейімен (мысалы, денсаулық сақтау немесе білім беру),
сондай-ақ қоғамдағы мүгедектігі бар адамдар (және олардың отбасылары) үшін ортақ
инклюзивті ортаны құрумен байланысты.
Қазақстанда 644 мың шамасында мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Соның 400 мыңы
еңбекке жарамдылар қатарында. Бірақ ресми ақпараттар бойынша мүмкіндігі шектеулі
азаматтардың тек 20%-ы жұмыспен қамтылған.
Бұл мәліметтерге сүйенсек, елімізде 130
мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат қана еңбек нарығында қызмет етеді. Сонда 270
мыңнан аса еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар қоғамнан автоматты түрде
шеттетілген[4] .
Бүгінгі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) адамдарға деген қамқорлық,
олардың жұмыс істеу немесе табыс табудың бірдей жағдайына ие болуы мәселесі басым
бағыттардың біріне айналып отыр.
Мүгедек жандарға толыққанды азаматтар тарапынан аймағымызда болатын
«қайырымдылық шараларын» азайтып, тиісінше, олардың аяққа тұрып кетуі үшін қоғам
болып өздері жұмыс жасауына ықпал жасау, құқықтық сауаттылығын көтеру мәселесін
дамыту қажет.
Еліміздің Конституциясына сәйкес, Қазақстанның әр азаматының еңбек етуге
құқығы бар. Оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі (мүгедек) адамдарда бар.. Кез келген
топтағы мүгедектер еңбек ете алатыны бәріне мәлім, бірақ бірінші және екінші
13
топтағыларға медициналық комиссиядан рұқсат алу керек. Жұмысқа орналасқанда
мүгедектігі бар адам дені сау адаммен тең құқылы [5].
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР-ның 2005
жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңында «...мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету,
Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес ауыр
жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын
есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде
мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу» туралы айтылған[6].
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы»
Қазақстан
Республикасының
заңның
27-бабында
«...қатысушы
мемлекеттер
мүгедектердің басқалармен теңдей дәрежеде еңбек ету құқығын таниды; ол мүгедектің
еркін таңдаған немесе оған ерікті түрде келісім берген еңбекпен, еңбек нарығы мен
өндіріс ортасы мүгедектер үшін ашық, инклюзивті және қолжетімді болып табылатын
жағдайларда өзін-өзі асырау мүмкіндігін алу құқығын қамтиды. Қатысушы мемлекеттер
еңбек ету, оның ішінде еңбек ету кезінде мүгедектік алған адамдардың еңбек ету
құқықтарын, оның ішінде заңнамалық тәртіппен тиісті шараларды...» -қамтамасыз ету
керектігі айтылған[7].
Бүгінгі ортада мүгедек жандардың өздігінен жүріп-тұруына, қозғалуына біршама
жағдай жасалған. Осыдан 20-30 жыл бұрыңғы кезеңмен салыстырғандағы аталмыш
саланың қазіргі ахуалы жақсы. Алайда, кез келген мәселенің бүгінгі жағдайына баға беру
үшін, оны өткенімен салыстыру болатыны белгілі. Мәселен күні бүгінге дейін бірқатар
мемлекеттің мүгедек азаматтарға деген қарым-қатынасы мынадай болды: оларды қорғау,
амандығы мен саулығын қамтамасыз ету, күнкөрісіне қажетті құрал-жабдықтары мен
дәрі-дәрмектерін мүмкіндігінше уақтылы жеткізу, жәрдемақы мәселесін реттеу және тағы
басқалар.
Олардың әлеуметтік ортаға бейімделуі, өзін-өзі тұлға ретінде дамытуы, азаматтық
қоғам өміріне белсенді араласуы сынды өмірлік маңызы бар дүниелер екінші орынға
ысырылып, кей елдерде бұл мәселелердің аты да аталған жоқ. Себебі, 20-30 жыл бұрыңғы
жалпы әлеуметтің сұранысы – күнкөріс мәселесі еді. Ол уақытта білім алу, тәжірибе
алмасу, таным көкжиегін кеңейту сынды дүниелер ілуде біреуінде болмаса, басып
көпшілігінің қаперіне кіріп шықпайтын.
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау
туралы» Заңына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамту міндеттелген,
алайда бұл заң қағаз жүзінде бар да, іс жүзінде межеге жете алмай отыр.
Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылуын 4% көтере алсақ, орта
есеппен 12,6 мыңның өнімін өндірген күннің өзінде бюджетке жыл сайын шамамен
100000 доллар кіріс кіретінін көруге болады.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру саласындағы аталған
кепілдіктерге қарамастан, жедел шешуді қажет ететін мәселелер өте көп. Ең біріншіден,
олар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбегін ұйымдастыру нысандарымен байланысты
болып отыр.
Қызылорда облысы бойынша мүгедектерді жұмыспен қамтуда атқарылған
жұмыстарға қысқаша тоқталып кетейін. Облыста 29 987 мүгедек бар. (I топ - 2964, II топ -
10851, III топ – 11207 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 4965), олардың 20 733
немесе 69 % еңбекке жарамды жастағылар. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2019
жылдың басына 785 мүгедектігі бар азаматтар қызмет атқарады. Жұмыспен қамтылған
мүгедектер үлесі 3,8 % [8].
Облыс бойынша 58 мекеме, кәсіпорындарда 312 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды
жұмыспен қамтуға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің қаулысымен квота
белгіленген.
14
Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбекке қабілеті бар барлық мүмкіндігі
шектеулі азаматтарға жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер түрін
ұсынады, оның ішінде: жұмыспен қамтуға ықпал етуге, кәсіби даярлау, жұмыспен
қамтудың белсенді шараларына қатысу, жаңа бизнес-жоспарын дамытуға грант, арнайы
жұмыс орындарын құру және т.б.
Десе де, осы санаттағы адамдарды жұмыспен қамтуды
талдау бойынша, жұмыс берушілердің 2-ден 4 пайызға дейінгі мөлшерде жұмыс
орындарының квотасын сақтамағанын көрсетті .
Қазіргі статистикалық деректер бойынша республикамыздағы 400 мыңнан астам
дамуы мүмкіндігі шектеулі еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың тек 20 % -ы ғана
жұмысқа орналасып, салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді жасап
отыр.Олардың ішінде жоғары білімі барлары 10 %-ды ғана құрайды [9], ал бұл
статистикалық мәлімет осы санаттағы тұлғалардың көпшілігінің жоғарғы оқу орнының
аяқтағаннан кейін жұмысқа тұру қиындықтарымен байланысты екеніне дәлел бола алады.
Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру мақсатында
әлемдік тәжірибеде қарастырылған. «Түрлі елдердің тәсілдері де әртүрлі. Мәселен,
Канадада, егер кәсіпорын квотаны орындамаса, онда ол мемлекеттік сатып алуларға
қатыса алмайды. Германия мен Жапонияда мүмкіндіктері шектеулі жандарды жұмысқа
алудан бас тартқан компаниялар мемлекетке өтемақы төлейді. Арменияда «911» деген
жедел қызмет түрі бар екен. Елдің әр бұрышынан қиын жағдайға тап болған адамдар
қоңырау шалғанда, қандай көмек берілуі тиіс екенін анықтап, жан-жаққа, мысалы, жедел
жәрдемге, полицияға немесе өрт сөндірушілерге шұғыл бөліп отырады. Сол жерде
қызметкерлердің 90 пайызы қоларбаға таңылған азаматтар. Мүгедек адамдар өмірден
түңіліп, жұмыссыз әрі қолдаусыз, отбасы, ошақ қасына таңылып қалмасын деп Армения
елінің іске асырып жатқан осындай жақсы жобасы бар екен. Оларды жұмысқа алып
келетін арнайы автобустар да бар. Ғимараттың ішінде, асханасында олардың жүріп-
тұруына барлық жағдай жасалған.
Қорыта айтқанда, мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартудың бірден бір жолы
— оларды мүмкіндігінше еңбекке тарту. Еңбек ету арқылы адам басты үш нәрседен, яғни
зерігуден, ауру-сырқаудан, мұқтаждықтан арылады.
Достарыңызбен бөлісу: |