Сөз желісі –
түйін – түйін, сала – сала ой тармағы.
13.
Қайғы шеккен, дертті кейін ғана айтушы еді. (34-бет)
Қайғы шеккен –
уайым шеккен, қайғы азабын көп көру.
14.Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсіңдер. (36-бет)
Көк ит –
озбыр ит деген мағына.
15.Ақ қарамды тексердің бе өңшең қан жұтқан қара бет. (36-бет)
Қан жұтқан қара бет –
ұятсыз, арсыз, бетпақ деген мағынада айтылған.
16.Осы қаршығама әкесінің ит мінезін бере көрме. (46-бет)
Ит мінез
– ыржаңы мен ашуы қатар қылық.
17.Осындай қарбаласта «бармақ басты, көз қысты» боп, отырмай момынның тоқты
– торымы сотқар ауылдың жемі болып жүреді. (49-бет)
18.
Бармақ басты, көз қысты –
жең ұшынан жалғасты деген мағынада
қолданылған. Елдің шын шерін білдіретін көкей кесті күйді сол шертеді,-деді Абай.
Көкей кесті –
арманды, мүдделі деген мағынада қолданылған.
19.Осының бәріне қарағанда, Абайдың қалыңдығы Ділдә, тіпті бір үлкен асқақ
жердің қызы тәрізденді. (99-бет)
Асқақ жер
– ұлы, үлкен жер деген мағынада қолданылған.
20.Абайдың құлағына әлі естіліп тұрған сияқты. Қазір де бұның жаны ашып тұрған
тілеулесі – Бөжей.
Жаны ашып
– аяды деген мағынада қолданылған.
21.Биыл ерте кете бастаған қар Аякөзден Семейге шейін көк соқта болып, асқақ
ойылып жүрегін шілдері қатты бейнетке ұшыратты.
Көк соқта болып
– қардың қатты еріп, су бола бастағаны туралы айтылған.
22.Мен болсам сарнаған тілімнен басқа түгім қалмаған, қайраты қайтқан, бір аяғым
көрде, бір аяғым жерде тұрған кемпірмін деді.
Бір аяғым жерде, бір аяғым көрде
– жасы ұлғайған, өмір мен өлімнің арасында
қалды деген мағынада қолданылған.
23.Ұзын бойлы, қыпша бел жас жігіт Құдайбердімен кең жауырын Қамысбай ойға
түйе бере көштің алдын көлденеңдеп, жарысып барады. (61-бет)
Достарыңызбен бөлісу: |