1. Физиологияның ғылым ретінде жалпы сипаттамасы


ОНЖ қызметінің рефлекторлық принципі



Pdf көрінісі
бет54/132
Дата18.10.2023
өлшемі1,43 Mb.
#117940
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   132
Байланысты:
Физиология рк 1

62.ОНЖ қызметінің рефлекторлық принципі. 
О.Ж.Ж-нің негізгі қызметі – рефлекс ( reflecsus – латын сөзі – тойтарыс беру) тітіркенуге 
жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене 
Декарт (1664ж) , оған ғылыми сипаттама берген Чех ғалымы Прохаска (1817). Рефлекс 
туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары 
И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин. Рефлекс дегеніміз О.Ж.Ж-нің сыртқы немесе ішкі 
тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстердің классификациясы: 1. 
Рефлекторлық доғаның құрылуы тәсіліне байланысты И.П.Павлов барлық рефлекстерді 
шартсыз (туа біткен), шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді. 2. Рефлекстік 
доғаның орталық бөлімінде қатынасатын нейрондар санына қарай екі,үш және көп 
(моносинаптикалық, полисинаптикалық) нейронды рефлекстер болып та бөлінеді. 3. 
Доғадағы негізгі нейрондардың орналасуына қарай-симпальды, 
Бульбарлы,Мезенцефальды,Кортикальды. 4. Рецепторлардың 
орналасуына қарай экстроцептивтік,интроцептивтік рефлекстер болып ажыратылады. 5. 
Биологиялық маңызына байланысты – жыныстық, қорғаныштық т.б.
6. О.Ж.Ж-нің қай бөлігінің рефлексті тарату принципіне байланысты – сомалық және 


126ЖМ Назарқұл Еркебұлан 
вегетативтік болып екіге бӛлінеді. 7. Соңғы 
қорытындысына байланысты – қан-тамырлық, сілекей бөлу, жұту, кірпік қағу, жөтелу.
Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке 
орталығына, онан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Ол бес бӛлімнен тұрады: 1. Қабылдаушы 
құрылым – рецептордан.2. Қозуды орталыққа жеткізетін афференттік 
жүйкеден.3.Афференттік, аралық, эфференттік нейрондардан тұратын орталықтан.4. 
Қозуды орталықтан эффекторларға апаратын эфференттік жүйеден.5. Жауап беруші 
құрылым-эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс 
қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біршама жоғалып 
кетеді.Соңғы кезде рефлекстік доғамен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым 
қолданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады. Оның алтыншы 
бөлімі ъфференттік ағзадан О.Ж.Ж-е рефлекстік әсерленіс туралы хабар жеткізетін 
байланыс, мысалы, рефлекстік әсерленіс, ететін жиырылу болса, оның жиырылу күші 
туралы хабар, яғни керісінше байланыс арқылы орталыққа жеткізіледі. Керісінше 
байланыс рефлекс доғасын бекітіп оны шеңберге айналдырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет