1. Физиологияның ғылым ретінде жалпы сипаттамасы


 Көмірсу алмасу. Организмдегі көмірсулардың функциясы. Көмірсулар алмасуын



Pdf көрінісі
бет77/132
Дата18.10.2023
өлшемі1,43 Mb.
#117940
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132
Байланысты:
Физиология рк 1

87. Көмірсу алмасу. Организмдегі көмірсулардың функциясы. Көмірсулар алмасуын 
реттеу. 
Жалпы көмірсу ағзагың энергия көзі болып табылады. 1г = 4,1ккал немесе 17,17 кДж 
энергия. Көмірсудың оңай тотығуына байланысты шапшаң қимылдарға энергия бөледі. 
Көмірсу ағзаға тамақ арқылы немесе ақуыз бен майдан синтезделінеді. Организмге күніне 
400-500грамм көмірсу түсуі керек. Полисахаридтер ыдырап, моносахаридтерге айналады. 
Асқорыту жолында қорытудың соңғы өнімдері ( көмірсу ішіндегі) глюкоза, фруктоза және 
галактоза болып табылады. Қан айналымындағы негізгі көмірсу - глюкоза. Клеткалық 
мембрана арқылы глюкозаны тасымалдау. Глюкоза глюкозаны жасуша мембранасы 
арқылы жасушаның ішіне жеңілдетілген диффузия арқылы тасымалдайтын 
тасымалдаушы ақуыздарға қосылады. Глюкозаның трансмембраналық тасымалының 
басты активаторы-инсулин. Инсулин жоқ жасушаларға түсуі мүмкін глюкоза мөлшері 
(бауыр мен мидан басқа) метаболизмнің қалыпты деңгейін энергиямен қамтамасыз ету 
үшін тым аз. Инсулиннің әсерінен жасушалық мембраналар арқылы тасымалданатын 
глюкозаның жылдамдығы мен мөлшері айтарлықтай артады. Жасушаға келіп түскен 
глюкоза фермент-глюкокиназамен фосфорланады. Жасушаға түскеннен кейін глюкоза 
бірден энергияның пайда болуы үшін қолданылады немесе гликоген түрінде жинақталады 
(глюкоза молекулаларынан үлкен полимер). Гликогенолиз-глюкозаның пайда болуымен 
гликогеннің ыдырау процесі.
Көмірсу алмасуының реттелуі. 1849ж. К.Бернар ашқан болатын. Оның тәжірибесі 
бойынша, егер сопақша мидың 4 қарыншасын ине арқылы тітіркендіретін болсақ, онда 
гипергликемия болады. АЛ оның жүру механизмі симпатикалық жүйесінің қозуына 


126ЖМ Назарқұл Еркебұлан 
байланысты екенің айтты. БҰл жүйе бүйрекүсті безіне әсерін тигізіп, андреналин 
гормонының синтезін күшейтіп, бауырдағы гликогенез процессін жеделдетеді. 
Андреналин өз кезегінде қандағы қант мөлшерін арттырады. Ал қалқанша без гормоны – 
тироксин глюкозаның денеге сіңуін үдетеді. Сонымен қатар андреналинге қарама-қарсы 
әсер инсулин болып табылады. Ол Лангерганс аралшықтарынан синтезделіп, қанда қант 
мөлшерін төмендетеді. Ал егер инсулин артық синтезделген жағдайда, керісінше қанда 
қанттың жетіспеушілігі пайда болып, гипогликемия пайда болады. Адам комаға түсуі 
мүмкін. Ұйқы безінде синтезделетін глюкогон бауырдағы гликоген синтезін күшейтіп, 
қант мөлшерін арттырады. Бұл процесс инсулин әсеріне қарма-қарсы. Гипофиздің 
соматотроптық гормоны инсулиннің түзілуін күшейтіп, көмірсу алмасуын реттейді.Бұл 
орталық гипоталасмуста орналасқан. Яғни, гипоталасмустың артқы ядроларын 
тітіркендірген жағдайда адреналин мен инсулинның синтезделуі артады. Гипоталамус 
көмірсудың аламасуын парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдер арқылы реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет