кез келген мінез-құлқы бар адамды «жасап шығуға» болады. Адамның ӛзіндік және
туа біткен сенімдері ғана емес, оның қатынастары мен кӛзқарастары да
теріске шығарылды. Бихевиоризмнің бұл бағдарламасы адамның ешқандай
ерекшеліктерін ескермегендіктен антигуманды болды.
Алайда, 30-шы жылдары Америкада кезекті экономикалық дағдарыс басталып,
бихевиоризм идеялары шайқала бастады, жұмыссыздық, қайыршылық пайда болды.
Атақты американдық психолог Роберт Вудвортс мотивация туралы ілімді жасай
отырып, бихевиоризм ұсынған «ынта-реакция» схемасын ығыстырып, оған аралық
бӛлімді - ағза және оның бағыттарын енгізді. Осылайша «қатаң» бихевиоризм
шайқалып, мінез-құлық психологиясын қайта құру басталды. Оны Эдвард Толмен
және Кларк Халл басқарды, ал жаңа бағыт «необихевиоризм» деген атауға ие болды.
Олар психологиядан дәстүрлі ұғымдарды - бейне, мотив және т.б. шығарып тастауға
болмайды деп санап, олар реакция мен ынтаны ң арасында болады деп болжады.
Осы мақсатпен олар «уақытша-айнымалылар» ұғымын енгізді. Бұл ұғым ретінде,
тікелей ынталандырулар мен жауапты мінез-құлық арасында болатын, танымдық
және себептік факторлар жиынтығы түсінілді. Бірақ мұның бәрі адамның үйренуінің
психологиялық механизмдерін түсіндіре алмады.
Достарыңызбен бөлісу: