түсіндіру соқыр практикалық соқыр әрекетке әкеліп ұрындырады деп санады. Келер
интеллекті зерттеу объектісі етіп шимпанзені таңдап алды. Оларды жабық
орындарда, Торндайк мысықтарының жағдайларына ұқсас күйде ұстады. Мәселен,
тордың ішінде таяқ, сыртында банан жатты. Маймыл бананды бірнеше рет ұмтылып,
ала алмағаннан кейін бос әурешелікті кояды, бір сәт ойланып қалғандай болады,
содан соң таяқты алып, соның кӛмегімен жемісті алып жейді.
Келер жануарлар мәселені жағдайды сәтінде ӛзгерту арқылы шешеді деп
санады.Соның нәтижесінде жағдай элементттері басқа, жаңа ӛзара байланысқа
түседі, жаңа мағынаға ие болады (тақтайша мақсатқа жету құралы ретінде қызмет
атқара бастайды). Бұл кұбылыс инсайт (инсайт - ұстау, түсіну, «ә, солай екен-ау»
деген шешім) деп аталды және байқап кӛру қателесу әдісіне қарсы қойылды. Келер,
«инсайттық» мінез-құлықтың кӛріп қабылдаумен тығыз байланыстылығын және кӛп
ретте «жағдайды оптикалық түсінумен» анықталатындығын атап кӛрсетті.
Гештальтпсихологиясының құлдырауының себебі мынада: ол ӛзінің
теоретикалық тұжырымдамаларында бейне мен әрекетті бӛліп қарастырды.
Гештальтистер бейнені ӛз заңдылықтарына бағынатын ерекше мағына ретінде
кӛрсетті. Оның шынайы зат әрекетімен байланысы жұмбақ болып қалды. Осы екі
маңызды дәрежелерді біріктіре алмай, психикалық талдаудың біртұтас схемасын
жасай алмағандықтан гештальтпсихологиясының мектебі құлдырады.
Достарыңызбен бөлісу: