ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін яғни, аштықты, шӛлдегенді, ыссысуықты
түйсіну
интерорецепторлар
(органикалық түйсіктер) болып бӛлінеді.
Ағзаның сыртында орналасқан кӛз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері -
экстерорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам ӛз денесінің сыртында тұрған
заттар мен құбылыстардың сипаттарын бейнелейді. Бұлшық еттерде, тарамыс пен
сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп айтады. Бұл
рецепторлар арқылы адамның қимылдау түйсіктері мен тепе-теңдік түйсіктері
сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, ӛкпеде) орналасқан сезім мүшелерін
интрорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту,
қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процес болып жатқаны жайында
хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түсіктерді
органикалық түйсіктер деп атайды.
Кӛру түйсіктері.
Кӛру мүшесі болып табылатын кӛз - анатомиялық құрылысы
күрделі сезім мүшесі. Оның негізгі бӛлімі - кӛз алмасы. Кӛз алмасы үш түрлі
қабықпен (ақ түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Екі бүйірінен қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді кӛз алмасын қоршап
тұрған үш қабығы болады. Сыртқы қабықты
ақ қабық
деп атайды. Ақ қабықтың
алдыңғы жағы дӛңестеніп қалың қабыққа айналады. Кӛздің
торлы қабығына
жарық
сәулесі осы қасаң қабық арқылы ӛтіп отырады. Сыртқы ақ қабықтың астыңғы екінші
қабығы -
тамырлы қабық
. Тамырлы қабықтың алдыңғы бӛлігі -
нұрлы қабық
деп
аталады. Кӛздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліше болып
келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан.
Кӛз дистанттық рецепторға жатады, ӛйткені ол сезім мүшелерінен біршама
қашықтықта жатқан заттар мен сыртқы дүниеде болып жатқан кұбылыстар жӛнінде
білім береді.
Кӛру түйсіктері біздің кӛзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің
нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде кӛзімізге ұзындығы 380-нен
780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бӛлімі) электромагнит
толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі ұзындығы бар әр түрлі
толқындар әсер етсе ғана кӛз заттардың түсін (бояуын) ажыратады. Мәселен, қызыл
түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай ұзындықтағы
электромагнит толқындарының әсер етуінен пайда болады. Спектрге (спектрум –
латын сӛзі, қазақша кӛріну деген мағынаны білдіреді) қараған кезде одан
табиғаттағы жеті негізгі түсті және олардың сансыз реңдерін айыруға болады.
Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата
алады.
Заттар мен құбылыстардың түстері
Достарыңызбен бөлісу: