1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет38/96
Дата18.10.2023
өлшемі1,48 Mb.
#118191
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   96
Байланысты:
Психология лекции (1)

3.
 
Зейіннің қасиеттері.
Зейін мынадай қасиетімен сипатталады: кӛлемі, бӛлінуі, шоғырлануы
тұрақтылығы, ауысуы.
Зейіннің кӛлемі – 
бұл адамның бір мезгілде қабылдаған 
обьектілердің саны. Егер столдың үстіне, мәселен, марка, қағаз қыстырғыш, тиын, 
әріп секілді таныс 10-12 ұсақ затты жайып, оларды жауып қойсақ, кейін бұл қағазды 
5-10 секунд ашып барып, қайта жауып тастасақ, ересек адам әдетте 6-7 затты 
жадында сақтайды. Бірақ бұлар оған бейтаныс болса және бір-біріне ӛте жақын
жатса немесе керісінше, шалғай, бытырап жатса, зейін кӛлемі күрт тарылады.
Баланың зейінінің кӛлемі едәуір тар. Сондықтан, егер оған екі жаңа әріптің 
немесе цифрдың таңбасымен (сабаққа келмей қалуы себепті), екі ұқсас суретпен 
немесе мағьнасы жағынан мазмұндары ұқсас тақпақтармен бірден танысуға тура 
келетін болса, қабылданылатын объектілерді «шатастыру» байқалады. Бұл орайда 
әрбір әріптің немесе ұқсас цифрлардың (3 пен 5, 6 мен 9, 1 мен 7) ерекшеліктері 
жеткілікті түрде айкын кӛрінуі үшін, салыстыру әдісін енгізу ӛте-мӛте орынды
болады.
Зейіннің бӛлінуі
 
деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге 
бір мезгілде зейін аудара алатындығынан кӛрінеді. 
 
Бір мезгілде ӛлең жаттап, әрі 
қарапайым қосу мен азайту амалмен есеп шығарып кӛрсек, мұның оңай емес екенін 
бірден байқаймыз. Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі болды. Іс-әрекет 
процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі - ми
қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті ӛмірдегі іс-
әрекетінде адам ӛзінің зейінін бӛле білуді жетілдіріп, тәрбиелеу қажет. Ал ӛмірде 
іс-әрекет зейінді үнемі әр нәрсеге бӛлуді талап етеді. Зейінді бӛле білуге дағдылану 
керек. Бәрімізге мәлім, жас ұстаз сыныптағы оқушыларды жекелеп кӛре алмайды, 
кейде сабақ айтып тұрып қателеседі, оқушылардың жауабындағы қателерді де
байқамай қалады. Кейін мұғалім бірнеше обьектіге зейінін бӛле білуге 
дағдыланады.
Зейіннің шоғырлануы 
адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа 
тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны ӛшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті 


күшімен анықталады. Бала үйде қолдан жасалатын ұшатын аппарат құрастырумен 
шұғылданып отыр дейік. Оның ата-анасының сӛйлескені де, інілерінің ойын-шуы да, 
теледидар да ештеңе алаңдатпайды. Оның зейінінің жұмылу күшінің шоғырлануы 
кӛп. Мектептің кішкентай оқушыларында бұл сирек болатын құбылыс. Оларда 
жұмылу күші кӛбіне аз болады.
Шоғырлану обьектінің зейінді тартып алуынан кӛрінеді. Зейіннің шоғырлануы 
оның аумағы мен бӛлінуімен тығыз байланысты. Зейін тартатын нәрсе неғұрлым аз
болса, зейін кӛбірек шоғырлануына мүмкіндік туады, ал зейін түсетін нәрсе
соғұрлым кӛп болса, зейін аз шоғырланып, жан –жаққа шашырап кетеді.
Зейіннің тұрақтылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет