Ойлау операциясының келесі түрі
абстракция.
Шындықтағы
заттар мен
құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша
бӛліп алуды
абстракция
дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген
сездерді "тӛрт бұрыш" деген сӛзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-
ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ касиеті ретінде "ақшыл" деген сӛзді алсақ,
бұл да абстракциялық ұғымға жатады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті
нақтылау
деп атайды. Нақтылау -
абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке
заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай,
құнан, дӛнен, айғыр, бие деп бӛлетін болсақ, мұндағы жылқының жеке түрлері
нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды кӛрнекі
етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жалпылау
дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың
ортақ қасиеттерін
оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу
керек. Мәселен, алма, ӛрік, мейіз, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп,
«жемістер» деген жалпы ұғымды береді.
Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип
бойынша орналастыруды
жүйелеу
(систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары түрі
- классификация.Жүйелеуде заттар мен құбылыстарды топтастырғанда,
белгілі бір
ұқсастықтарына қарай жүргізілмейді. Жүйелеу осы топтың ішінен одан да кіші
топтар мен бӛліктерді саралайды. Мәселен, арыстан, жылқы, сиыр, қасқыр, қой т.б.
бәрі жануарлар болғанымен жылқы, қой, сиыр, үй жануарларына, арыстан, қасқыр
тағы жануарларға жатады. Сол сияқты жануарлар - типке, типтен - класқа, кластан -
отрядқа, отрядтан - отбасыға,
отбасыдан - текке, тектен - түрге т. б. жүйеленеді.
Жүйелеу
арқылы
ӛсімдіктер
дүниесін, химиялық
элементтерді белгілі
классификацияға келтіруге болады. Жүйелеу ой тәсілі қазақтарда ерекше дамыған.
Мәселен олар шӛпті ащы (кӛкпек, изен, жусан т. б.), тұщы (қияқ, боз т. б.), құрғақ,
сулы деп бірнешеге бӛледі. Шӛптерді қай малдың жейтініне қарай да топтастыруға
болады. Айталық, түйе үшін: жапырақ, шағыр, изен т. б. қой жейтіндері:
жоңышқа, қына десек, жылқыға - боз, қияқ, беде, ебелек, бидайық т.б. бӛлген.
Достарыңызбен бөлісу: