ашылған
заңдылықтарды ӛзінде бар білімнен іріктеп алуды білетін шағында ғана
емес, сонымен катар осыған басқаларды да нандыра алатын шағында ие болады.
Ойлаудың дәлелділігі
келтірілген негіздеудің логикалығын, бір ізділігін қажет
етеді. Білімді пайдалана білу және ӛзіңе де, басқаға да адамның бұл ережені
қолданған, арнайы жасаған себептерін түсіндіру - ойлау процесінің ӛзін оның
барлық буындарында реттеп, ӛтуінің бір ізділігін де қадағалап отыруды қажет етеді.
Ойлаудың бұл ерекшелігі ақыл-ой қызметінің бүкіл процесіне ақылға қонымды және
дәлелді сипат береді.
Ойлау сапаларының тӛмендегідей түрлері болады.
Ойлау ӛрістілігі
- адамның мәселені тұтастай қамтып, сон бірге оның
жекеленген тұстарын да назардан шығармау қабілеті
Ой тереңдігі
- күрделі мәселелердің мәніне жете енуден кӛрінеді тереңдігіне
қарсы сапа - ой үстірттігі Мұндайда адам басты нәрсені кӛрмей, қажеті кем
жағдайлардан аса алмайды.
Ой дербестігі
- адамның жаңа міндеттерді алға тартып, басқалар жәрдемінсіз-
ақ оларды шешудің жолдарын таба білу.
Ой асығыстығы
- тұлғаның кезіккен мәселені жан-жакты ойластырып алмай,
кандай да бір тарапын үзіп алып, шешім беру, жеткілікті ой сарабынан ӛтпеген
жауаптар мен пікірлер айту әдеті.
Ой икемділігі
– мәселе шешудің дәстүрлі, бұрыннан қалыпт әдіс-тәсілдері
құрсауына маталып қалмай, қалыптан тыс шешім жолдарын іздестірудегі еркіндігі,
жағдай ӛзгерістеріне орай жаңаша ой жүргізу қабілеттілігі.
Ой жүйріктігі
- адамнын ауысқан, бейтаныс жағдайлар мәнін жылдам түсініп,
ойланумен дұрыс жол таба білу касиеті.
Ойлау әрекетінде кӛрініс беретін
шабандық
нерв жүйесінің типі - жай
козғалғыштығымен байланысты.
Ой сындарлылығы
- адамның ӛзінің де, ӛзгенің де ой, пікірін шынайы бағалай
білу ептілігі, алға тартылған тұжырымдар мен қорытындыларды тиянақты әрі жан-
жақты тексерістен ӛткізу қабілеті. Ойлаудың жекедаралықты ерекшелігі әр адамның
ӛзін ӛз қызметімен байланысты ойлау түрлерін таңдай білуіне байланысты. Мысалы,
бір адам - кӛрнекі - әрекеттік ой түрін таңдаса, екншісі - кӛрнекі - бейнелі ой
толғастыруды қалайды, ал үшіншісі, тұлғалық деңгейі жоғары адам - абстракт-
логикалық ойлауды қару етеді.
Достарыңызбен бөлісу: