С. Ж. Бахтиярова


Қысқа қашықтыққа жҥгіру техникасының орындалуы



Pdf көрінісі
бет45/125
Дата18.10.2023
өлшемі4,53 Mb.
#118227
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   125
Байланысты:
БАХТИЯРОВА С.Ж. Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі (63-66 беттегі материалдарды қарастыру)

4.4. Қысқа қашықтыққа жҥгіру техникасының орындалуы 
Қысқа қашықтыққа жҥгіру арақашықтықтарына кірістіріледі: 60 
метр, 100 метр, 200 метр, 400 метр жҥгірулер. Англияда, АҚШ-та,
Австралияда және кейбір басқа елдерде қысқа қашықтықтар бойынша 
жҥгіру жарыстары 60 метр, 100 метр, 220 метр, 440 метр ярд 
қашықтықтарға жҥргізіледі. Міне осылай метрлік және ярдты 
қашықтықтарға уақытқа жҥгіру ерекшелігі былай кӛрінеді: 100 ярд - 
91,44 метр; 100 метр - 109, 36 ярд (+0,9 с.); 220 ярд - 201,17 метр; 200 
метр- 218,72 ярд (-0,1 с); 440 ярд - 402, 34 метр; 400 метр - 437,44 ярд 
(-0,3 с.). Егер спортшы 9,2 сек. 100 ярд жҥгіріп ӛтсе, онда 100 метр 
жҥгіруде оның нәтижесін қайта есептеу шамамен 10,1 сек. тең 
болады. Қысқа қашықтыққа жҥгіру тарихы ерте заманғы Олимпиа-
далық ойындардан басталады. Стадияға (192,27 метр) және екі 
стадияға жҥгіру гректерде ҥлкен танымалдыққа ие болды. Ежелгі 
атлеттер тек қана жоғары және тӛменгі сӛрені пайдаланды, сонымен 
қатар сӛреде тастан немесе мәрмардан жасалған сӛрелік тіреулерді 
пайдаланды.
Америкада жеңіл атлетиканың пайда болуының бірінші жылдары 
ат жарыстарындағы сӛре секілді сӛрелік жҥрісті пайдаланды. Содан 
кейін спортшы бір аяғын артқа қалдырып және сәл алға қарай 
еңкейіп, жоғары сӛрелік қалыпты пайдаланды.
Біздің заманымыздың І Олимпиадаларында Т.Перк алғашқы рет 
ресми жарыстарда тӛменгі сӛре қалпын кӛрсетті, содан кейін тіпті 
оны 1887 жылы танымал американдық жаттықтырушы Мерфи және 
алғаш рет оның отандасы Шеррилломның кӛмегімен ҧсынылды. Олар 
сӛрені топыраққа қазылған кішкентай шҧңқырдан бастады.
ХХ ғасырдың 30-ыншы жылдары пайда болған сӛрелік тіреуіш-
тер тӛменгі сӛренің техникасын жетілдіруге кӛмектесті.
Қысқа қашықтыққа жҥгіру жеңіл атлетиканың басқа тҥрлеріне 
қарағанда ерте кезден-ақ әйелдер ҥшін де қол жетімді екендігі мойын-
далды.
1928 жылы Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына 
еңгізілді. Қазіргі уақытта кӛптеген жаттықтырушылар қысқа 
қашықтықтарға жҥгірудің техникасы аса жеке және белгілі бір 
биомеханикалық сипаттамаларға қарамастан спортшының нақты 
ерекшеліктеріне, ал сонымен қатар онымен қол жеткізетін қуаттылық 
пен жылдамдық деңгейіне байланысты екендігіне кӛз жеткізді. Бҧл 
әрине техникалық барлық элементтер ҥшін жалпыға бірдей екенін 
естен шығармайды, оны тиісті деңгейде жетілдірумен бҧл жаттығу 
тҥрін қазіргі заманға дейін жеткізді.


70 
Қысқа қашықтыққа жҥгіру техникасын талдау ҥшін мыналарды 
шарты тҥрде бӛледі: 
-
сӛрелік қалып; 
-
сӛрелік жылдамдық; 
-
қашықтық бойынша жҥгіру; 
-
мәреге жету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет