Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет225/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Барлығы
136,9
100,0
Малайзия
Малайзияның мұнай-газды іздеу-барлауға жарамды ауданы – 494,2 км
2
-ға 
тең территориясы бар. Оның ішінде 337,2 км
2
континентальді қайраңда, 63,9 км
2
терең сулы ауданда, 94,048 км
2
құрлықта. 
Мұнай. 
Мұнда дәлелденген мұнайдың жалпы қоры 2,3 млрд баррельді 
құрайды. Бүкіл мұнайды өндіру Малайзия бұғазындағы қайраңға негізделген. 
Басты кен орындар: Tapis, Guntong, Selgi, Pulai, Bekok, Kepong (18 кен орын). 
Елде өндірілетін мұнайдың жартысынан астамы Tapis кен орнына тиесілі. 
Мұнай қоры қазіргі қарқындылықпен өндірілетін болса, ол 17 жылға жетеді, 
2016/2017 жылға таман Малайзия мұнай импорттаушы ел болуы мүмкін.
Мұнай платформадан құбыр арқылы Терренгану штатының жағалауына 
жеткізіледі. 2001 жылдан Angsi, Larut, Sattelite, Fields кен орындарында өндіру 
жұмыстары басталды. Angsi кен орнын игеру үшін 300 км ішкі өндірістік 
құбырлар төселген және жағалауға дейін 166 км салынған. Болашақта күтетін 
өндіріс көлемі 160 млн. баррель мұнайды және 1,4 трлн. куб.фут газды құрайды.
Larut кен орны 69 м тереңдікте орналасқан. Одан 320 млн. баррель мұнай 
және 1,5 трлн. куб.фут газ өндірілмек. Көмірсутек Терренгану штаты жағасына 
газ құбыры (диаметрі 8 дюйм, ұзындығы 98 км) және мұнай құбыры (диаметрі 
12 дюйм, ұзындығы 101 км) арқылы жеткізілмек.
Тайландпен бірге игеріліп жатқан аудан Тайланд шығанағында Малайзия 
мен Тайланд шекарасы ортасында орналасқан.
Cakeravala газконденсатты кен орнын меңгеру үш бұрғылау платформасы-
нан тұрады: өнімді дайындау платформасы, газ сығымдаушы қондырғысы бар 
платформа, FSO-ға қарай ұзындығы 2 км конденсат желісі. Газ платформадан 
диаметрі 30 дюйм, ұзындығы 255 км болатын құбыр арқылы Тайландтағы ГӨЗ-
на (газ өңдеу зауыты) тасымалданады. Алғашқы газдың тасымалдануы 2014 
жылға қарсы күтілуде.


529
Малайзия бұғазы қайраңында өндірілген газ газ құбыры желісі арқылы 
жағаға келеді (Терренгану штаты, Kerteh зауыты). Қазіргі таңда Exxon компа-
ниясы Jawit, Bintang, Jernet кен орындарының жағалауымен байланыстыратын 
құбыржелісі жүйесін құруда. Bintang кен орнынан алғашқы газ алынды (макси-
малды өндіріс 355 млн. куб.фут тәулігіне). Кен орыннан барлығы 1 трлн. куб.
фут газ өндіріледі.
Саравак штаты қайраңында өндірілген газ бен конденсат Бинтулу 
жағасындағы еріту зауытына құбыр арқылы келіп түседі, ол 22,6 млн тонна 
жылына СПГ (еріген табиғи газ) өндіріледі. Ол ең ірі газ еріткіш зауыты бо-
лып саналады. Штат қорының 85%-ы Бинтулу ауданы жағалауында орналасқан 
Jintan, Heland, Serai және тағы бірнеше кен орындардың газ қоры 6 трлн. куб.
футты құрайды. Ішіндегі ең ірісі – Jintan (2,4 трлн. куб.фут). Jintan кен орнынан 
өндірілген газ конденсаттан айырылып, дегидрацияланып, алынған екі фазалы 
қоспа диаметрі 36 дюйм, ұзындығы 148 км құбыр арқылы пайдалану платфор-
масынан манифольд платформасына келіп түседі. Онда ол Heland кен орнынан 
келіп түскен екі фазалы қоспамен бірігіп, диаметрі 32 дюйм, ұзындығы 99 км 
құбырмен жағаға тасымалданады. Жағаға жеткізу үшін әрқайсысы диаметрі 
22 дюйм, ұзындығы 119 км болатын құбыр қызмет атқарады. Сабах штаты 
жағалауындағы ERB WEST кен орнынан өндірілген газ ұзындығы 65 км құбыр 
арқылы штат астанасы жанындағы газ терминалына жеткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет