Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Практикалық сабақ
Орындаған :Комекбай Айман
Тексерген:Дуйсенова С. М
ПС 4. Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
Қазіргі уақытта көптеген елдерде цифрландыру дамудың стратегиялық басымдығы болып табылады. Әлемдік жетекші сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі цифрлық болмақ, және мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін экономиканы цифрландыру технологияларын енгізу ауқымды және динамикалық үдеріске айналып келеді.
Әлемнің 15-тен астам елі цифрландырудың ұлттық бағдарламаларын іске асыруда: Дания, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Германия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Аустралия, Жаңа Зеландия және Қазақстан.
Қытай өзінің «Интернет плюс» бағдарламасында цифрлық индустрияларды дәстүрлімен ықпалдастырады. Сингапур «Ақылды экономиканы» қалыптастырады, Канада Торонтода АКТ-хаб құрады. Ал, Оңтүстік Корея «Креативті экономика» бағдарламасында адами капиталды дамытуға, кәсіпкерлікке және АКТ жетістіктерін таратуға бағыт алады, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруды көздейді.
Қазақстан «басынан» бастамайды, 90-шы жылдары үдемелі индустриялық инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама іске қосылды, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасына бастамашы болды, 2005 жылы электронды үкіметті қалыптастыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстанда инновациялық экожүйенің бірқатар элементтері құрылды, «Алатау» ИТП» арнайы экономикалық аймағы, «Назарбаев университеті» жұмыс жасайды, Astana Нub халықаралық технопаркі іске қосылды.
Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпінді қамтамасыз ететінін атап өтті. Осыған байланысты Елбасы цифрлық технологияларды қолданумен құрылатын жаңа индустрияларды дамыту бойынша міндетті алға қойды.
Цифрлық сауаттылық күнделікті және кәсіби қызметте цифрлық технологиялар мен интернет-ресурстарды қауіпсіз және тиімді пайдалануды білдіреді және әртүрлі АКТ-ны сауатты пайдалану және цифрлық желіні қорғау дағдылары сияқты цифрлық құзыреттерді меңгеруді қамтиды.
Дүние жүзіндегі 15-тен астам ел цифрландырудың ұлттық бағдарламаларын жүзеге асыруда: Дания, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Германия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия және Қазақстан. Бүгінде көптеген елдерде цифрландыру дамудың стратегиялық басымдығы болып табылады. Әлемнің жетекші сарапшыларының болжамдары бойынша 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың төрттен бірі цифрлық болады, ал экономикаға мемлекет, бизнес және қоғамның тиімді өзара әрекеттестігіне мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды енгізу ауқымды масштабты және динамикалық процесс.
Әлеуметтік өзара әрекеттестік – бұл жеке адамның, жеке адамда тобының, жалпы қоғамның қазіргі және болашақтағы кез келген мінез-құлқы.
Әлеуметтік өзара әрекеттесу схемасы келесідей болады:
Өзара әрекеттестік - бұл заттардың, энергияның, ақпараттың алмасуында, сондай-ақ (қоғамда) іс-әрекет пен оның өнімдерінде көрінетін заттардың белсенді өзгеруін, өзара тәуелділігін, өзара тәуелділігін білдіретін диалектика принципі екенін есте ұстаған жөн. .
Өзара әрекеттестік – тікелей немесе жанама, сыртқы немесе ішкі қатынастың, коммуникацияның түрі. Өзара әрекеттестік интегралдаушы фактор рөлін атқарады, ол арқылы бөліктердің тұтастығы белгілі бір түрге біріктіріледі.
Әлеуметтік жүйелерге келетін болсақ, әлеуметтік қатынастардың, яғни әлеуметтік шындық мәселелерінің өзара тәуелділігі мен өзара әрекеттестігінің рөлі өте маңызды. Демек, әлеуметтік жүйенің жұмыс анықтамасы келесідей болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйе – әр түрлі қоғамдық қатынастардың реттелетін өзін-өзі басқаратын бірлігі, оның тасымалдаушылары жеке адам және оны тұтынатын әлеуметтік топтар.
Пайдаланған интернет ресурстары: https://melimde.com/cifrli-tehnologiyalar-men-eleumettik-ozara-ereket-orindafandar.html
https://melimde.com/seminar-tairibi-cifrli-tehnologiyalar-men-eleumettik-ozara-ere.html
ПС 5.Физикалық денсаулықтың әлеуметтік эпидемиологиясы
Денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару мәселесін қарастырмас бұрын, алдымен мемлекеттік басқару деген не, тұтасымен алғанда мемлекеттік басқарудың неден тұратынын, оның түрлері мен ерекшеліктерін анықтап алу қажет деп ойлаймыз. Мемлекеттік басқару ұғымының мәнін ашуда оның екі құрамдас бөлігі «мемлекеттік» және «басқару» деген түсініктердің мазмұнын ашып алу қажет. Өйткені бұл ұғымдар әлі күнге дейін әрқилы мағыналарда, интерпретацияларда, бір-біріне қарама-қайшы келетін түсініктерде айтылып жүр. Әсіресе «басқару» түсінігі көптеген түрлерде беріліп, ол тіпті әртүрлі сападағы құбылыстарды, қатынастарды және процестерді қамтып жүр. «Басқару аспектісін механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық байланыстар тұрғысынан қарастыру да етек алды. Тіпті табиғи және әлеуметтік әрекеттердің өздігінен туындайтын элементтеріне де басқарушылық сипат беруге тырысуда» .
Осындай жағдайлардан, басқаруды табиғаттың, қоғамның және адамның көптеген элеметтері мен құрамдас бөліктерінің өзара байланыстарын ретке келтіруді сипаттайтын түрлерге бөлу пайда болып таныла бастады. Мұндай басқару механикалық, биологиялық және әлеуметтік жүйелердің өзара әрекеттері мен байланыстарының қасиеттерін зерттейтін кибернетикада (Н. Винер), осыған байланысты басқару теориясының математикалық және ақпараттық саладағы түрі (К. Шеннон, У.Р. Эшби), сондай-ақ басқа да ғылым салаларында көрініс берді» . Басқару ұғымының мұндай сипат алуы тәжірибеде бірқатар жетістіктерге жетуге жол ашқанын жоққа шығаруға болмайды (физикалық және химиялық процестерді тануға, биотехнологияның туындауына және т.б.).Осы адам қоғамындағы басқарудың өзін ғылыми әдебиеттерде негіздері бойынша әр түрге бөледі. Мәселен, қоғамдық өмірдің аяларына байланысты: жалпы қоғамды басқару, экономикалық басқару, саяси басқару, әлеуметтік басқару, рухани, идеологиялық саланы басқару.Осы орайда, Г.В. Атаманчук басқару жөнінде: «басқару түрлерін жіктеудің негізін басқару субъектісі болып табылатын биліктің қайнар көзі мен әлеуеті құрайды. Осыған байланысты басқару мемлекеттік басқаруға, жергілікті өзін-өзі басқаруға, менеджемет (кәсіпорындарды, фирмаларды басқару), қоғамдық басқару, топтық өзін-өзін реттеушілікке, адамның мақсатты жүрістұрысына бөлінеді», – дейді .
Басқарудың барлық түрлері арасында мемлекеттік басқару, өзіне тән қасиеттері арқылы ерекше орынға ие болады, өйткені басқарудың негізгі әлеуеті мемлекет қолында шоғырланған. Мемлекеттік басқару әлеуметтік қызметтің бір түрі ретінде кең және тар мағынады түсініледі. Кең мағынады – бұл, ұйымдастырушылық, тәртіпке келтірушілік қызметі, яғни әртүрлі қоғамдық қатынастарды мемлекеттің барлық билік тармақтарының, мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен реттеу. Тар мағынада (әкімшілік-құқықтық) – бұл, атқарушы биліктің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде, атқару билігінің арнайы мемлекеттік органдарының жүйесімен немесе мемлекеттік басқару органдарымен жүзеге асырылатын мемлекеттің әкімшілік, атқарушылықбилік етушілік қызметі.
Біздің зерттеу мақсатымызға орай, біз мемлекеттік басқаруды осы тар мағынасында қарастырамыз. Өйткені, ұйымдастырушылыққұқықтық мағынасында ғана мемлекеттік басқару әкімшілік-құқықтық реттеудің негізгі объектісі және әкімшілік құқық нормасының қолданылу аясында болады.
Мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық әдебиеттерді талдау, мемлекеттік басқарудың біз қарастыратын мағынасында төмендегідей бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден, мемлекеттік басқару –функционалды және құзіреттілік ерекшеліктерге ие, атқарушы-билік етуші мемлекеттік билік органдарымен (басқару органдарымен) біртұтас мемлекеттік билікті жүзеге асыру жөніндегі қызмет.
Екіншіден, мемлекеттік басқарудың мәні осы қызмет түрін ұйымдастырумен сипатталады.
Үшіншіден, мемлекеттік басқару дегеніміз, әкімшлік, атқарушы-билік етуші сипаттағы заңға бағынышты қызмет (басқару органдары, заңдардың, президент жарлықтарын, үкіметтің қаулыларын және өзге де жалпы құқықтық талаптарды құқықтық құзіреті шегінде іске асырады).
Төртіншіден, мемлекеттік басқару – үздіксіздік және ырғақтылық сипаттағы, шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, ұйымдастырушылық, әкімшілік-саяси құрылысты күнделікті және тікелей басқару процесіндегі атқарушылық қызмет.
Демек, мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың бір түрі бола отырып, ұйымдастырушылық сипаттағы заңға бағынышты мемлекеттік билік органдарымен (басқару органдарымен) жүзеге асатын әкімшілік, атқарушылықбилік етушілік қызметті білдіреді.
Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару, адамды, оның өмірі мен денсаулығын ең жоғары құндылық деп тани отырып, осыларға байланысты қоғамдағы басқа құндылықтар мен игіліктер анықталып жүргізіледі. Сондықтан денсаулық сақтауды басқару бүкіл қоғамның алдындағы кешенді міндеттерді шешу жөніндегі басқару, оның жүзеге асырылуына басқару құрылымы мен халық шаруашылығының көптеген салалары қатысады.Өз кезегінде, денсаулық сақтау саласын басқарудың міндеті емдеу, диагностикалық және сауықтыру іс-шараларының, денсаулық сақтау ресурстарын ұтымды пайдалану сапасын жоғарылату жолымен басқару мақсаттарына тиімді қол жеткізу болуы тиіс. Сондықтан мемлекет денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқару жүйесімен басқарғанда азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерді шешуі қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүзеге асыру, халықтың денсаулығын қорғау саласындағы міндеттерді шешу үшін мемлекетте арнайы атқару органдарының жүйесі құрылады. Осы органдар өздеріне берілген құзіреттері мен құрылымдары арқылы халықтың денсаулығын сақтау мен қамтамасыз етуге тікелей араласып, өздерінің жиынтығы бойынша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бір буынын құрайды. Демек, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық сақтауды басқарудың өзіне сәйкес жүйесі бар деуге болады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын басқару жүйесі, өзінің белгілі бір ішкі ұйымдасуы мен функциялары, басқа жүйелермен байланысы және одан әрі даму болашағы бар қоғамды басқарудың бір жүйесі.
Ол төмендегідей өзіне тән белгілермен сипатталады:
өзара байланысты элементтерден тұратын біртұтас жүйені құрайды;
біртұтас әлеуметтік жүйедегі күрделі бір жүйе болып табылады;
басқарудың басқа да жүйелерімен бірлікте бола отырып, өз қатынастарында дербестікке ие және бір-біріне әсер етіп отырады;
ішкі (осы жүйенің ішкі құрылымдарымен) және сыртқы (басқа жүйелермен байланысы,иерархиялық құрылымы, элементтері, құқықтық мәртебелері бойынша ерекшеленетін әртүрлі деңгейдегі құрылымдары бар;
белгілі бір тұрақтылық қасиеттеріне ие;
ырғақты, яғни дамып және жетілдіріліп отыру.
Денсаулық сақтау саласын басқарудың мазмұнын жалпы және арнайы атқарушылықбилік етушілік функциялар құрайды.
Жалпы функцияларға мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, оларды қаржыландыру, бақылау, кадрлық мәселелерді шешуді жатқызуға болады; арнайы функцияларға емдеу-сауықтыру жөніндегі көмекті ұйымдастыру, денсаулық сақтаудың емдеу-сауықтыру және өзге де ұйымдарының жұмысын орнықтыру, медициналық ұйымдар мен халықты дәрі-дәрмекпен және өзге де медициналық өнімдермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру, медициналық сараптамалар жүргізу, медицина ғылымын дамыту, халық арасында аурулардың алдын алу мен сауықтыру жөніндегі жұмыстар жатады.
Пайдаланылған интертен ресурстары: https://melimde.com/fizikali-densauliti-eleumettik-epidemiologiyasi.html
Достарыңызбен бөлісу: |