Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


' В.В. Виноградов. О формах слова, «Известия А Н СССР, отделение литературы



Pdf көрінісі
бет101/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   174
Байланысты:
file-4107 3

' В.В. Виноградов. О формах слова, «Известия А Н СССР, отделение литературы
и языка», том III. 1944, вып. I, стр.35-36. В.М . Жирмунский жогарыда келтірілген
мысалдарды бір сөздін эртүрлі формалары деп есептеу керек пе, жок па? - деген
сұракты ашык калдырып. - «форма тудыру» дегеннен сөз түрлендіру мен сөз
тудырудын арасындагы ауыспалы категория ұгынылады деп ойлауға болады,
олардын эр баска тілдердегі көріністерінде түбірлі айырмашылыктар бар»,
- дейді. Қараныз В.М . Ж ирмунский, О границах слова, Сб. «М орфологические
структуры слова в языках различных типов», М .-Л ., 1963, стр. 17.
2 Грамматика русского языка, том I, М ., 1952, стр. 15.
126


мағыналарды білдіретіндері өз алдына дербес лексикалық бірлік- 
тер (эр басқа сөздер) ретінде қаралуға тиісті де, эр басқа лексика- 
лык мағыналарды емес, эртүрлі грамматикалық мағыналарды біл- 
діретіндері сөздің формалары ретінде қаралуға тиісті. М әселеге 
осы тұрғыдан қарау сөз ф ормалары ны ң табиғаты н айқы ндай 
білуге көм ектеседі. Бүл ретте қазақ тілін дегі төм ен дегі 
мы салдарды ң екі тобын бір-бірімен салыстырып көрелік: 1) 
ек, егіңіз, ексін, егейік, егіціздер, ектік, ектіңдер, ексе, ексек,
ексеціздер, екпек, екпекпіз, екпексіздер, егер, егерміз, егерсіздер,
егетін, егіп, егіпсіздер, еккен, еккенбіз, еккенсіздер
жэне т.б.; 2) 
ек,
егін, егінді, егінші, егіншілік, егіс, егістік.
Бірінші топтағылар -
ек
деген етістің әртүрлі формалары да, екінші топтағылар -
ек
деген 
етістіктен жасалған эр басқа туынды сөздер. Бұлай деуіміздің 
мәнісі мынада: бірінші топтағы 
ек
деген етістіктің әртүрлі форма­
лары түбір етістіктен 
(ек)
лексикалық мағынасы өзгеше, эр басқа 
жаңа сөз тудырмай, әртүрлі грамматикалық мағыналарды білді- 
реді. Сондықтан олар бір сөздің 
(ек)
грамматикалық формалары 
ретінде танылады. Ал екінші топтағылар 
(егін, егінді, егінші,
егіншілік, егіс, егістік)
бір ғана 
ек
деген түбірден таралғанмен, 
эр басқа лексикалық мағынаны білдіріп, олардың әркайсысы 
өз алдына бөлек-бөлек сөздер (лексикалық бірліктер) ретінде 
ұгынылады.
Сөзде қатар өмір сүретін, бір-бірімен байланысты және өзара 
шартгас формалардың жүйесі бар. Сөз бір ғана формада емес, 
өзгеріп, түрленіп, әлденеше формата ие болады. Өзгеріп, түрленген 
сөздің екі жағы бар: оның бірі - сөздің эртүрлі формалар арқылы 
қаншама түрленгенімен, өзгеріссіз қалатын негізгі лексикалық 
жағы, екіншісі - бір ғана сөзге емес, сөздердің белгілі бір тобының 
күллісіне бірдей ортақ, солардың бэріне бірдей тэн грамматикалық 
жағы. Сөздің грамматикалық формасы сөздің осы аталған 
грамматикалық жағымен (мағынасымен) ұштасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет