Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 57. Синтаксистік сөз тіркестері тіркестіріліп қойылған



Pdf көрінісі
бет71/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   174
Байланысты:
file-4107 3


§ 57. Синтаксистік сөз тіркестері тіркестіріліп қойылған
даяр түрған тіркестер емес, сөйлеу процесінде жасалатын, яғни 
сыңарлары сөйлеу кезінде бір-бірімен тіркесетін сөз тіркестері 
болып саналады. Осыған орай, синтаксистік сөз тіркестерінің
88


кұрамындағы бір сөздің орнына ыңғайына карай басқа бір сөзді 
койып айтуға болады. Осы ерекшелігіне сэйкес, синтаксистік сөз 
тіркестері кейде 
еркін сөз тіркестері
деп те аталады. Ал жалпы 
сөз атаулы, соның ішінде кұрделі сөз де, сөйлеу процесінде 
жасалынбайды, бұрыннан құрастырылған, қалыптасқан, даяр 
тұрған бірліктер ретінде қолданылып, сөйлем құрамына сол 
даяр тұрған күйінде енеді. Мысалы, 
үлкен цазан, ас даярлау,
тоц бала
тәрізді синтаксистік сөз тіркестері сөйлеу процесінде 
құрастырылып, айтылатын ойдың мазмүнына, мақсатына орай, 
кііиі цазан

қара цазан, ас пісіру, тамац даярлау, тоц адам
түрінде 
қүрамындағы сыңарлары ауыстырылып та, өзгеріліп те қолданыла 
алса, яғни бүлар сөйлеу кезінде құрастырылса
асцазан, тоц шек
тэрізді күрделі сөздер осылайша біріккен, тіркескен қалпында, 
даяр күйінде сөйлем құрамына енеді. Бұлар тэрізді күрделі сөздер 
сөйлеу кезінде күрастырылып жатпайды, бұрыннан біріккен, 
қосарланған немесе тіркескен күйінде, сыңарлары өзгеріссіз 
қалпында қолданылады.
§ 58. Күрделі сөзге тэн морфологиялық тұтастық белгісі оны 
синтаксистік сөз тіркесінен ажыратуға көмектеседі. Күрделі 
сөз тұтасқан күйінде белгілі бір сөз табына жатады. Анығырақ 
айтқанда, күрделі сөздің сыңарларының әрқайсысы эр сөз табына 
емес, бүтін күйінде бір ғана сөз табына қатысты болады.
Құрама сөздер тарихи жасалу түрғыдан алғанда, бір сөз табына 
қатысты сыңарлардан да, эртүрлі сөз табына қатысты сыңарлардан 
да кұралуы мүмкін. Қүрама сөздің шыққан тегі - еркін сөз тірке- 
сінің алғашқыда эр сөз табына қатысты болған сыңарлары бүтін- 
дей сөз тіркесінің лексикалану процесінде семантикалық, синтак- 
систік дербестігінен ғана емес, сонымен бірге морфологиялық 
дербестігінен де айырылып, осының нәтижесінде ол сыңарлар 
эр сөз табына теліну қабілетін жояды да, күрделі сөз тұтасымен 
белгілі бір сөз табына телінеді. Мысалы, 
боз торгай, цара торгай,
ащы шек, тоц шек, кәрі ж ілік
деген құрама сөздердің алдыңғы 
сыңарлары 
(боз, цара, ащы, тоц, кәрі)
шығу тегі, жеке тұрғандағы 
қалпы немесе синтаксистік сөз тіркесінің қүрамындағы мағынасы 
мен қызметі жағынан сын есімдер болғанымен, аталған күрделі 
сөздердің қүрамында морфологиялық дербестігінен, атап айтқанда
өз алдына сөз табы болу қасиетінен айырылып, тұтас күйінде бір
89


сөз табына (зат есімге) енетін күрделі сөздің бөлшегіне (сыңары- 
на) айналған. Аталған күрделі сөздердің бәрі де бүтін күйінде зат 
есімдердің тобына енеді. 
Боз торгай, цара торгай, ащы шек, тоц
іиек, кәрі ж ілік
тэрізді күрделі сөздердің алдыңғы сыңарларының 
(боз, цара, ащы, тоц, кәрі)
жалпы дербестік қасиеттен, соның ішінде 
морфологиялық дербестігінен айырылғандығын мынадан көруге 
болады: 
боз, цара, ащы, тоц, кәрі
дегендер еркін сөз тіркестерінің 
қүрамында келгенде, сын есім болу қасиетін сақтай отырып, сын 
есімнің шырай формаларын қабылдаса (мысалы: 
ащырац (ащылау)
көже, кәрілеу жылцы
жэне т.б.), күрделі сөздердің құрамында 
олар сын есім болу қасиетінен айырылып, шырай формаларымен 
өзгере алмайды. 
Боз торгай, цара торгай, ащы шек
жэне т.б. 
осылар тәріздес күрделі сөздердің алдыңғы сыңарлары шырай 
формаларын қабылдамайды, егер шырай формалары жалғанса 
(мысалы, 
ащырац шек),
онда олар күрделі сөз болудан қалып, 
синтаксистік сөз тіркесіне айналып кетеді.
Осындай морфологиялық түтастық курделі сын есімдердің 
табиғатынан да көрінеді. Күрделі сын есімдердің сыңарларының 
бірі зат есімнен (мысалы: 
қүс түмсыцты, цасцыр ішікті, түлкі
тымацты)
болуы мүмкін, бірақ ол сыңар күрделі сын есім 
кұрамында зат есім ретінде емес, біртүтас күрделі сын есімнің 
бөлшегі ретінде танылады. Демек, күрделі сөз бір бүтін лексикалық 
бірлік ретінде, ал оның сыңарлары бүтіннің бөлшегі ретінде 
қаралуға тиіс.
Сонымен, күрделі сөз бен синтаксистік сөз тіркесі тілдік 
табиғаты эр басқа құбылыстар болып саналады. Ал оларды бір- 
бірінен ажыратуда жоғарыда аталған айырмашылықтар мен 
ерекшеліктер негізге алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет