Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет110/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. В.В. Краевский мен В.М. Полонскийдің педагогика әдіснамасы бойынша ғылыми 
мектебінің мәнді нәтижелерін сипаттаңыз.
2. М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер, Н.М. Шахмаев пен В.В. Краевскийдің мектеп дидакти-
касы бойынша ғылыми мектебінің мәнді нәтижелерін түсіндіріңіз.
3. Л.И. Новикованың тәрбие теориясы туралы ғылыми мектебінің ең мәнді нәти-
желерін сипаттаңыз.
4. З.А. Малькова мен Б.Л. Вульфсонның ғылыми мектебінің салыстырмалы педагоги-
ка жайлы мәнді нәтижелерін түсіндіріңіз.
5. С.Я. Батышев пен А.М. Новиковтың «Кәсіптік педагогика – үздіксіз білім беру
теориясы» ғылыми мектебінің мәнді нәтижелерін сипаттаңыз.
6. Педагогикалық ғылымтану туралы зерттеулер нәтижелерін сипаттаңыз.
7. В.А. Сластениннің «Тұлғаға бағдарланған кәсіптік білім беру» бойынша ғылыми 
мектебінің мәнді нәтижелерін түсіндіріңіз.
4.3. Заманауи әдіснамашы ғалымдар
Сенько Юрий Васильевич (28.01.1941) – педа-
гогика ғылымдарының докторы, профессор. Оның 
ғылыми, педагогикалық және қоғамдық жұмысы
Алтаймен тығыз байланысты. «Ресей универси-
тет тері» бағдарламасы аясында жаңа типті мек-
тепке қажет ғылыми-әдістемелік құжаттар жазып 
дайындауға жетекшілік етті. Ю.В. Сенько «Лицей-
университет», «Гимназия-университет» (1992–1995) 
атты оқу-пе дагогикалық кешендер ашты.
Ю.В. Сенько – жалпы білім беретін және кә-
сіптік мектеп дидактикасы, педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы, пе-
дагогикалық технология, педагогикалық үдерісті гуманитарландыру мә-
селелері бойынша отызға жуық ғылыми еңбектердің авторы. Әсіресе оның 


269
4.3. Заманауи әдіснамашы ғалымдар
«Гуманитарные основы педагогического образования», «Педагогика пони-
мания» (авторлық бірлестікте), «Стиль педагогического мышления» және 
т.б. кітаптары педагогикалық ойлаудың гуманитарлық стилін меңгеруге 
көмектесті. Бұл еңбектер педагог әлемінің кәсіби бейнесі сұрақтарын қам-
тыды, педагогикалық үдерісті мәдениеттің гуманитарлық феномені ретінде 
қарастырды.
Қазіргі заманның көрнекті әдіснамашы ғалымдарының бірі – Лукац-
кий Михаил Абрамович. Оның педагогиканың әдіснамалық бағ дар ларын 
түсіндіруі педагогиканың пәнаралық байланыстарын, ғылым фило со-
фиясының тұжырымдарын негіздеуде пайдаланылды.
Лукацкий Михаил Абрамович – педагогика ғылымдарының докторы, 
профессор, Ресей Білім ака демиясы Педагогиканың теориясы және тари-
хы институтының зертхана меңгерушісі. Ғалым бі-
лім беру философиясымен, теориялық педаго ги ка-
мен, ғылым тарихымен, гуманитарлық зерттеу әдіс-
намасымен, отандық және шетелдік гумани тар лық 
ойдың тарихымен айналысады. 
М.А. Лукацкий «Педагогика ғылымының әдіс-
намалық бағдарлары» атты монографиясында педа-
го гиканың философиямен, ғылым фи ло софия сымен, 
дидактикамен, психологиямен бай ланысын жан-
жақты қарастырды. Сондай-ақ ол педа гогикалық 
тео рияның қызметтерін гуманитарлық әдіс нама тұр ғысынан негіздеді, 
педагогикалық семиологияның қалыптасу ке зең дерін нақтылады, тарихи-
педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұ ғырларын қарастырды. Соны-
мен бірге М.А. Лукацкий жазушы Л.Н. Толстойдың өзін-өзі адамгершілік 
тұрғыдан жетілдіру мәселелерін терең зерттеуде. Педагогика тарихынан 
оқу құралдарын ұсынды. 
Зерттейтін мәселелері: білім беруфилософиясы, теориялық педагогика, 
ғылым тарихы, гуманитарлық зерттеу әдіснамасы, отандық және шетелдік 
гуманитарлық ойдың тарихы, педагогиканың әдіснамалық бағдарлары; 
құрастыру логикасы [143; 149].
Вершинина Надежда Александровна – педаго-
гика ғылымдарының докторы, профессор. Ғалым 
педагогика әдіснамасы, педагогикалық ғылымтану, 
бей нелеу өнерін оқыту әдістемесі мәселелерін зерт-
тейді.
Ғалым «Педагогиканың құрылымын зерттеу 
әдіснамасы» атты монографиясында педагогиканың 
дамуындағы түрлі ғылыми мектептердің, тұғыр-
лар дың, ағымдардың, бағыттардың бірнеше нақты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет