Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет2/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

ӘОЖ 378
КБЖ 74.58
ISBN 978­601­04­4237­5 
© Таубаева Ш., 20
20
© Әл­Фараби атындағы ҚазҰУ, 20
20
Т 24


5
Кіріспе
АЛҒЫ СӨЗ
«Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері» оқулығының 
негізгі мақсаты – магистранттарға педагогикалық зерттеудің әдіснамалық 
негіздерін анықтаудың мәні мен ерекшелігін түсінуге көмектесу, зерттеу 
әрекетінде әдіснамалық білімдерді қолдану тетіктерін көрсету. Кітапта 
магистратурадағы «Педагогикалық зерттеудің теориялық-әдіснамалық 
негіздері», «Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру мен жүргізудің 
әдістемесі», «Дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі» пәндері 
дәрістерінің материалдары пайдаланылды. 
Бірінші тарауда педагогиканың әдіснамасының тарихы, мәні, құрылы-
мы, қызметтері ашып көрсетілді. Зерттеушінің ғылыми-педагогика лық із-
де ніс те белсенділігін қамтамасыз ететін оның субъектілігінің даму үде рі сін 
си пат тауға көңіл бөлінді. Педагогикалық зерттеудің әдіснама лық тұ ғыр-
лары мен тұжырымдамалары сипатталды.
Екінші тарауда педагогикалық зерттеу логикасы көрініс тапты. Сон-
дай-ақ зерттеу жұмысының ғылыми аппаратының негізгі элементтерін, не-
гіздемесін, түсініктік алаңын және бағдарламасын жасауға назар аударыл-
ды.
Педагогикалық зерттеудің теориялық, эмпирикалық, эксперименттік 
әдістеріне оқулықтың үшінші тарауы арналды.
Кітапта зерттеу нәтижелерінің бөліктері, оларды түсіндіру, сынақтан 
өткізу мен практикаға ендіру үдерісі және зерттеушінің тұлғасына қойы-
латын талаптар сипатталды.
Оқулықтың төртінші тарауында педагогиканың әдіснамасы сала сын да-
ғы ғылыми мектептер туралы материалдар берілді.
Әр тармақшаның соңында магистранттардың алған білімдерін тексе-
ру мен бекіту мақсатында сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылды. Сонымен 
бірге зерттеуші педагог сөздігі және осы пән бойынша оқу тестілері берілді.
Оқулық хрестоматиялық сипатта. Онда магистранттарға ғылыми зерт-
теу үдерісінде мәселелендіру, өзектендіру, тұжырымдама жасау, модель-
деу мен эксперимент жүргізуде туындайтын сұрақтарды терең оқып зер-
делеу үшін әдебиеттерге сілтемелер берілді.«Педагогикалық зерттеулердің 
әдіснамасы мен әдістері» оқулығында еліміздің жоғары оқу орындарын-
да сынақтан өткен педагогикалық зерттеудің теориясы мен технология-
сы саласындағы магистранттардың әдіснамалық даярлығының мазмұны 
қамтылды.
Оқулықты жетілдіру туралы оқырманның тиімді ұсыныстары болса
авторлар оларды ризашылықпен қабылдап, ол үшін алдын ала шынайы ал-
ғыс білдіреді.
5


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
6
КІРІСПЕ
Адам баласы үшін ақиқатты іздеу – мәңгілік, ал зерттеу – оған жетудің 
бір ғана жолы. Ғылыми зерттеу мен зерттеушілік қызметтің біздің заманы-
мызда мәнінің артуы жаңа технологияның пайда болуымен және дамуымен, 
өндірістің, техниканың, ғылымның күрделенуімен байланысты екені сөзсіз.
Қазіргі маман мәселені қоя білуге, оны талдауға, жалпылауға, өзінің 
іс-әрекетін пайымдауға, болжамды теориялық тұрғыдан негіздей білуге, 
зерттеу әдістерін таңдауға, ақпарат ағымынан өзіне қажеттіні ажырата 
білуге мүмкіндік беретін зерттеушілік біліктілік пен дағдыны игере оты-
рып, кәсіби міндеттерді өз бетінше сауатты шеше алуы және әрбір іске 
шығармашылық тұрғысынан қарауға қабілетті болуы қажет. 
Кәсіби маманның зерттеушілік құзыреттілігі – оның инновациялық 
санасының, іс-әрекетінің, тәрбиесінің ел азаматы ретіндегі бәсекеге қабі-
лет тілігін қамтамасыз ететіндей құрамдас бөлігі болып табылады. 
Адамдардың өмірі мен қызметінің әртүрлі саласында тиімді де өнімді 
оқуы мен білім алуын қамтамасыз етуде оның теориялық және практикалық 
білімі мен тәжірибесі ерекше мағынаға ие болып келеді. 
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру 
парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың 
жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған 
ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындаудың са-
пасын арттыруды талап етіп отыр.
Бүкіл әлемдік білім кеңістігіне енуге ұмтылып отырған Қазақстанның 
жалпы орта білім беру жүйесінде жуықтағы жылдары түбегейлі өзгерістер 
болатыны 12 жылдық оқуға көшуге орай қабылданған тұжырымдамадан 
байқалады (Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім 
беру тұжырымдамасы. – Астана, 2005. – 31 б.). Қазақстан Республикасы 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта бі-
лім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, эко-
номикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұл ға-
ның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген (Қазақстан Республи-
касы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. 
– Астана, 2008).
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл рес-
ми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім 
беру нәтижелерінің алғаш рет енген, үш түрлі құзыреттілік жиынтығын 
игеруі мақсат етілген: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін 
проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; білімнің мазмұнына шоғырланған 
ақпараттық құзыреттілігі; білім алу үшін аса қажет білімді игерумен бірге 
6


7
Кіріспе
жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік. Әлемнің да-
мыған елдерінің білім беру жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзы-
рет тілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты ба-
ғыт ретінде республиканың білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса 
жауапты білім деңгейіне жету үшін оқыту үдерісін соған сай ұйымдастыра 
білетін, мектеп оқушыларына білімді өз бетінше еңбек етіп алатындай күйге 
жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби-
дидактикалық құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр. 
Дидактикалық зерттеудің нәтижелері халық пен мемлекеттің болашағы 
үшін білім беру жүйесін жетілдіруде өте маңызды екені сөзсіз. Сондықтан 
да білім беру саласында ұлттың рухани байлығын бағалап, сақтай ала-
тын, адамгершілігі мол, ғылым мен техниканың, технологияның жаңа 
бағыттарын жетілдіріп дамытуға қабілетті тұлға қалыптастыру жұмысы 
мақсатты жүргізілуде. 
Педагогикалық зерттеу мен дидактикалық ізденістерді жүргізу логика-
сы педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде ғалым-педагогтардың
сту дент-
терді көптеген белгілі еңбектерімен таныстырып, түсіндіре отырып, зерттеу 
әдістерімен құралдарымен қаруландыруға арналған. 
Дидактикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесінің,
 
ерекшелігі 
ғылыми жаңалық ашуға және ғылыми ізденіске бейім зерттеушінің ға лым 
мен педагогтің жеке тұлғасының дамуына басымдық беру болып та бы-
лады. Осы тұрғыдан алғанда білім берудің құзыреттілік тұрғыдан қа рас-
тырылуының нығаюы, зерттеушінің жеке тұлғалық әлеуетінің дамуына 
көңіл бөлінуі бұл мәселенің толықтай дұрыстығын көрсетеді. Одан әрі 
матрицалық логикада білім берудің жаңа сапасына қол жеткізетін ғылыми 
жұмыс әдістерін меңгеруді қамтамасыз ететін дидактикалық зерттеулер-
мен жұмыс істеу жолы көрсетілген. Сонымен қатар педагогика мен ди-
дактиканың даму кезеңдерінің жетістіктері ретінде көрнекті педагог-зерт-
теушілердің еңбектерін және олардың ғылыми мектептерін жүйелеу, олар-
дың тұжырымдамалық идеяларын меңгеруді қарастыру жобаланған.
Оқулық авторлардың магистранттар мен болашақ мұғалімдерге ар-
налған «Дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі», «Болашақ 
мұ ғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру» элек тив-
тік курстарының көмегімен дайындалды. Мақсаты – білім берудің ин но-
вациялық сипатының пайда болуы жағдайында зерттеушінің замануи пе-
дагогикалық зерттеулер жүргізудің ерекшелігін тереңірек түсінуіне, зерт-
теушінің қажетті базалық зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруға, 
оның тұлғалық дамуына, ғылыми тәжірибе жинақтауына ықпал ету. 
Оқыту нәтижесінде:
– қазіргі дидактиканың зерттеушілік қызметінің заңдылығы туралы 
базалық түсінік және ұғымның қалыптасуы; 


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
8
– замануи дидактикалық зерттеудің негізгі сипаттамаларын меңгеруі; 
– зерттеушілік ізденістің әдіснамасын анықтауда практикалық білік 
пен дағдының қалыптасуы;
– әдіснамалық мәдениеттің тұрақты жетілуіне алғышарттардың 
жасақталуы;
– өзін-өзі және жеке зерттеушілік жұмысын жетілдіру, бағалау бойын-
ша тұлғалық дамуы қамтамасыз етіледі.
Магистранттар мен студенттердің педагогикалық зерттеудің теория сы 
мен технологиясы саласындағы әдіснамалық және әдістемелік дайынды-
ғы бағдарламасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, ҚазҚызҰПУ-да және
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде сынақтан 
өтіп мақұлданған, мазмұны тәжірибелі педагог-теоретиктерге, практик-
терге және зерттеушілік қызметін жаңа бастаған жас мамандарға пайдалы 
болмақ.
Дидактикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесін меңгеру оларға 
шығармашылық ізденістерінде баламалы ойлауын қалыптастыруға мүм кін-
дік береді және жаңаша қызмет етуге қызығушылығын тудырады. 


9
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
1-ТАРАУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет