Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет116/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тарихи-педагогикалық және әдіснамалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі 
қалай дамыды?
2. Тәрбие мәселелерін зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі туралы ғалымдардың 
еңбектерін сипаттаңыз.
3. Этнопедагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесін зерттеу нәтижелерін 
баяндаңыз.
4. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесін зерттеу 
нәтижелерін баяндаңыз. 


281
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
5. Салыстырмалы-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесін зерттеу
нәтижелерін баяндаңыз.
6. Педагогика әдіснамасының даму үдерісін сипаттаңыз.
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Ғылым пәндік өлшемде болатындықтан фи-
лософ О.Ж. Алиев ғылымның жалпы пәндік моде
-
лін құрастырды. Алиев Орақ Жолмырзаұлы 
– «Тұ ран» білім беру корпорациясының вице-пре-
зи денті, экономика ғылымдарының докторы, про-
фес cор, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың 
фи лософиялық-экономикалық ғылыми кеңе сінің 
тұ рақты мүшесі. Ғалым «Теориялық экономика: 
жал пы пәндік модель» атты монографиясында ғы-
лымның жалпыпәндік теориясы негізінде жи нақ-
талған ғылыми пән ретіндегі теориялық эко но ми-
ка ның тұжырымдамалық жалпыпәндік моделін ұсынған. Теориялық эко-
но миканың субъектілер, объектілер, пәндік анықтылығы, қызметтері мен 
нәтижелерінің типологиясы жасалған. 
Бұл ұсынылған ғылыми пәннің жалпы теориясы заманауи ғылымның 
жалпы теориясын жасауға пәндік парадигма негіз бола алады. Аталмыш 
модель қазіргі уақыттағы ғылыми және оқу пәнін тұжырымдамалық-әдіс-
намалық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жеке ғылыми 
пәндердің, ғылымдар жүйесінің нақты жағдайынбағалауға көмектеседі. 
О.Ж. Алиев ғылыми пәннің тұтас ұғымдық құрылымын (зерттеудің 
философиялық деңгейі) және ғылыми пәннің интегралды моделін (зерт-
теудің ғылымтанулық деңгейі) жасаған. Осы модель негізінде педа го ги-
каның философиялық және әдіснамалық негіздері, педагогикалық зерт теу-
дің ғылыми, ұғымдық және өлшемдік аппараты нақтыланды. 
Қазақстанда педагогика ғылымының қалыптасуында профессор
Р.Г. Лембергтің алатын орны айрықша. Ол дидакти-
каның дамуына қомақты үлес қосты.
Лемберг Раиса Григорьевна (1883–1975) – қа-
зақстандық көрнекті педагог, ғалым, профессор, 
Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, көп 
жылдар бойы Қазақтың Абай атындағы педагоги-
ка лық институтында педагогика кафедрасын бас-
қар ған. Раиса Григорьевна Лемберг 1883 жылы 
21 ақпанда Ленинград қаласында дүниеге келді. 


4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
282
1899 жылы Одесса қаласында әйелдер гимназиясын алтын медальмен 
бітіргеннен кейін Петербург қаласына келеді. Онда университетке түсіп, 
бірнеше апта оқиды. Содан соң оқуды тастап, революциялық іске араласады, 
сол үшін ол Ресейден жер аударылады. 1900 жылы Германияға барып, 
Берлин университетінің жаратылыстану-дәрігерлік факультетіне оқуға 
түседі. Көп ұзамай өзінің ұшқыр ойы, ғылымға деген ерекше икемділігі 
ар қылы профессорлардың көзіне түсе бастады. Лембергті тек ғылым ғана 
қызықтырып қоймай, ол студенттердің революциялық қозғалыстарына, 
ереуілдеріне, шерулеріне қатысады.
Өзінің педагогикалық жұмысымен қатар марксизм ілімінің негізін 
салушылардың еңбегін терең оқып-үйренумен шұғылданады. Кейбір 
философиялық, қоғамдық-саяси мәнді еңбектерді неміс тілінен орыс тіліне 
аудара бастайды.
Кеңес үкіметінің алғашқы күндерінде-ақ Р.Г. Лемберг жаңа кеңестік 
мектеп үшін күреседі. Жаңа өмір үшін күрескен Р.Г. Лемберг Одесса 
қаласында РСДРП-ның тапсырмасын орындау кезінде 1904 жылы ұсталып, 
абақтыға жабылады. Одан 1905 жылы босатылып, Берлин қаласындағы 
уни верситеттегі оқуын аяқтауға оралады, бірақ ол ойы орындалмай, ре-
во люциялық ici үшін Р.Г. Лембергті неміс жерінен кетуге мәжбүр етеді. 
Сондықтан ол Ленинградқа келіп, мектепте жұмыс істейді.
1924 жылы А.И. Герцен атындағы мемлекеттік педагогикалық инс-
ти тутында профессордың қызметін атқарады. Осында «Мектептен тыс 
жүргізілетін ағарту жұмыстары», «Бастауыш оқытудың әдістемесі», «Пе-
да гогика», «Педагогика тарихы» деген курстардан дәріс оқиды. 1931 жылы 
педагогика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады.
1938 жылдан бастап Р.Г. Лемберг өз өмірінің 40 жылын Қазақтың 
Абай атындағы педагогикалық институтында педагогика кафедрасында 
өткізді. Р.Г. Лемберг Қазақстанға келгеннен кейін қазақ халқының тілін, 
қазақ мәдениетін білуге ерекше мән берді. Алғашқы ғылыми жұмысында 
Абайдың педагогикалық мұрасын зерттеумен шұғылданды.
1940 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институты 
педагогика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Осы жұ-
мыс ты ол 1963 жылға дейін атқарды. Осы қызметін ол ғылым жолындағы 
шәкірттерінің бipi Р.Ж. Иржановаға тапсырған болатын-ды. Ол өзінің бүкіл 
ұзақ ғұмырын болашақ мұғалім кадрларын даярлауға арнап, жемісті еңбек 
eттi және кеңестік педагогика ғылымын дамытуға өлшеусіз үлес қосты.
Оның қаламынан шыкқан 100-ге тарта ғылыми еңбек жарық көрді. Бұл 
еңбектер педагогика ғылымы мен халық ағарту ісінің өзекті мәселелеріне 
арналды.
Р.Г. Лембергтің «Советская педагогика» журналында дидактиканың 
өзекті мәселелері жөніндегі мақалаларының кейбіреулері шетел ба сы-
лымдарында (ГДР, Польша, Румыния) қайта басылып шыққан болатын-ды.


283
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Лембергтің кітаптары мен ғылыми еңбектері кеңес және шетел пе да-
гогтарының тарапынан өте жоғары бағаланды. Раиса Григорьевна ауқымды 
ғылыми-теориялық жұмысты күнделікті практикалық қызметімен орынды 
ұштастыра білді. Оның педагогикадан, педагогика тарихынан оқыған 
дәрістері әр уақытта да лекторлық және педагогикалық шеберліктің үлгісі 
болып табылады.
Р.Г. Лемберг Қазақстанда, Орта Азия республикалары мен Ресейде 
ғы лыми-педагогикалық кадрларды даярлау iciнe ерекше үлес қосты.
Р.Г. Лембергтің ғылыми жетекшілігімен 3 ғылым докторы және 40-тан 
астам ғылым кандидаттарын даярлады.Олардың ішінде ғылым докторлары, 
профессорлар Қ.Б. Бержанов, Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, 
Т.С. Сабыров, педагогика ғылымдарының кандидаттары Х.Б. Бектенов, 
Р.Д. Иржанова, Б.Р. Айтмамбетова, И.М. Кузьменко, Д. Сейдуалиевті және 
көптеген шәкірттерін ерекше атауға болады.
Ғылыми-педагогикалық қызметтің саласында ерекше сіңірген ең бе-
гі үшін Р.Г.Лемберг Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ ССР Жоғары Ке-
ңе сінің Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды, Қазақ ССР 
ғылымына еңбек сіңірген қайраткер атағы берілді.
Р.Г. Лемберг туралы арнайы кітаптар да жеткілікті (Роботова А.С., Ро-
манчук К.В. Педагогика – как судьба. Очерки жизни и деятельности Раисы 
Григорьевны Лемберг: Документы, воспоминания. Публицистика и педа-
гогические произведения / под общ. ред. Г.А. Бордовского. – СПб., 2010).
Педагогика тарихына өзіндік үлес қосқан белгілі ғалымдардың 
қатарында Төлеген Тәжібаевтың орны ерекше.
Академик Т. Тәжібаев (1910–1964) – Қазақ 
мемлекеттік университетінің үшінші ректоры 
(1948–1953), Қазақ КСР-інің Халық ағарту Ко-
миссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары 
(1941–1944), республиканың сыртқы істер министрі 
(1944–1948), Қазақ КСР-інің Министрліктер Ке-
ңесі төрағасының орынбасары (1953–1957). Төле-
ген Тәжібаев – көрнекті қо ғам және мемлекет қай-
рат кері, Қазақстанда психология және педагогика 
ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына белсене 
атсалысқан, мазмұнды мұрасын қал дыр ған ғұлама 
ғалым, елімізде тұңғыш рет педа гогика ғы лым дарының докторы, Қазақстан 
Респуб ли ка сының Ғылым академиясының академигі. 
Академик Т. Тәжібаевтың мұрасын Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев,
Қ.Б. Сейталиев, Р.Х. Аймағамбетова және т.б. танымал ғалымдар өздерінің 
кандидаттық пен докторлық диссертациялары негізінде жазылған ғылыми 
еңбектерінде теориялық тұрғыдан талдап, болашақ зерттеушілерге тарихи-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет