себепті Аллаһ Тағала оның үйіне көптеген жақсылықтар (бақыт, береке) беріп қояды». Муслим (778).
26. Нәжістен таза аяқ киіммен намаз оқу Абу Саид Мәсләмә ибн Язид (рахимаһуллаһ) айтады:
ُتْلَأَس
َس َو ِهْيَلَع الله ىَّلَص ُّيِبَّنلا َناَكَأ :ٍكِلاَم َنْب َسَنَأ
.ْمَعَن :َلاَق ؟ِهْيَلْعَن يِف يِ لَصُي َمَّل
«Мен Әнас ибн Мәликтен: «Пайғамбар ﷺ аяқ киіммен намаз оқитын еді ма?»- деп сұрадым. Сонда ол: «Иә»,- деп жауап берді». 14 Бұхари (386).
14
Абу Саид әл-Худри (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте
пайғамбарымыз ﷺ былай деп айтқан:
ىَلِإ ْمُكُدَحَأ َءاَج اَذِإ
ا ًرَذَق ِهْيَلْعَن يِف ىَأ َر ْنِإَف ، ْرُظْنَيْلَف ِد ِجْسَمْلا
–
ىًذَأ ْوَأ
–
ُهْحَسْمَيْلَف
.اَمِهيِف ِ لَصُيْل َو
«Сендерден кім мешітке келсе, аяғына қарасын, сонда егер аяқ киімінде қандай да бір нәжістің әсерін байқаса, оны сүртіп (нәжісті кетіріп) тастасын да, сосын сонымен намаз оқи берсін». Абу Дауд (650), Ахмад
(11153), Дәрими (1418).
Шәддәд ибн Әустан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен пайғамбарымыз ﷺ
былай деген:
.مهِفاف ِخ لَو مهِلاعِن يف نوُّلصُي لَ مهَّنإف ؛َدوُهَيلا اوُفِلاَخ
«(Аяқ киімдеріңмен намаз оқу арқылы) яһудилерге қайшы келіңдер. Өйткені, олар аяқ киімдерін және мәсілерін киген күйде намаз оқымайды». Абу Дауд (652).
* Аяқ киіммен намаз оқу көп адамдарға ерсі әрі ұнамсыз болып көрінсе де, ол
әрекет – пайғамбарымыздан ﷺ жеткен сенімді сүннет. Дегенмен де
ғұламалардың айтуынша, аяқ киімде намаз оқу үшін оның нәжістерден таза
болуы шарт етіледі. Сонымен қатар, мешіттің немесе намаз оқылатын жердің
де жағдайы ескеріледі. Яғни, кілемдер мен төсеніштер төселіп тұрған
орындарда аяқ киіммен намаз оқу әдептілікке жатпайды. Ал, далада, жолда,
әсіресе қыстың күні жұмыс орындарында осы сүннетке амал ету – біріншіден
сауапты іс болса, екіншіден денсаулыққа пайдалы және үшіншіден кемел
шариғатымыздың адамдарға жасаған жеңілдігін сезіне алу болмақ.
Сондықтан, қандай да бір мазһабқа немесе имамның сөзіне қатып қалып,
пайғамбарымыздан ﷺ жеткен белгілі сүннеттің дұшпанына айналып кетіп
жүрмейік...