Қорғаныс бұйымдары.
Электр қауіпсіздіктерінде қорғаныс бұйымдары 2 түрге бөлінеді:
Жалпы қорғаныс бұйымдары – қорғаныс штанглері, электр тогын, кернеуін өлшейтін приборлар, қолғаптар, төсеніштер және қоршау бұйымдары.
Жеке қорғаныс бұйымдары – очки,каска, противогаз, белбеу.
Жарақат алған адамға жедел жәрдем көрсету жолдары – тоқтан жарақат алған адамды ажырату. Оқшауланған қорғаныс құралдары адамды кернеу астындағы электр қондырғыларынан және жерден оқшаулайды. Барлық оқшауланған қорғаныс құралдары негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі оқшауланған құралдарын қолданып адам кернеуге қосылған тоқ өткізгіш бөліктерді ұстауға болады Кернеуі 1000 В электр құрылғыларды оқшаулайтын негізгі оқшаулағыштарға оқшаулағыш штангілер, оқшаулағыш және тоқ өлшегіш қысқыштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар және жөндеу жұмыстарына арналған құралдар жатады. Қосымша оқшаулағыш құралдарға диэлектрлік қолғаптар, диэлектрлік резеңке кілемшелері және қосалқы қойғыштар жатады.
Электр тоғының немесе найзағайдың атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады. Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы – организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық – физикалық құбылыс. Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу. Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененің құрысуы. Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы тоқ әлгегі деп аталады. Ол төменгі, жоғары, толық ілгек болып бөлінеді: Төменгі ілгек – аяқтан – аяққа (онша қауіпті емес.) Жоғары ілгек – қолдан – қолға (қауіптірек) Толық ілгек – өте қауіпті. Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.
Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек
Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.