98
шектес болып орналасуы жағынан, я уақытқа байланысты атауды
ауыстыру немесе бір заттың екінші бір заттың ішінде орналасуы
(орны мекені жағынан байланысы) не болмаса зат өзінен жасалған
бірнеше заттарға да таралуы мүмкін болатын жағдайлар қазақ
тілінде көптеп кездеседі. Соған орай, синонимдік қатардың да сан
жағынан көбейгендігін көрсететін мысалдарды көптеп келтіре
беруге болатын еді. Бірақ ол жұмыс көлемін тым көбейтіп
жіберетіндіктен, біз олардың әрқайсысына тоқталмай-ақ еңбектің
соңында сөздік ретінде беруді жөн көрдік. Және оларды екі
синонимдік қатар, үш, төрт, бес... он синонимдік қатар түзуші көп
мағыналы сөздер деп көрсетіп отырдық.
Сөздердің ауыс мағынада келуінің үшінші түрі – синекдоха,
контексте жалпы ұғымның бөлшекпен берілуі негіз болады. Мәселен,
жаңылмас
Достарыңызбен бөлісу: