Методические рекомендации по организации исследовательской и проектной деятельности обучающихся мкш нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет51/184
Дата18.10.2023
өлшемі5,4 Mb.
#118880
түріМетодические рекомендации
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   184
Байланысты:
жоба эжазу улгісі

Дайындық кезеңі 
Бұл кезеңде жоба жетекшісі сабақтарды білім алушылармен өткізеді. 
Балалар кейбір қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеудің негізгі 
дағдыларын меңгере отырып, ақпараттық-компьютерлік технологияларды 
игереді. Олар жұмыстың соңғы өнімдерін безендіру мен дизайнына қойылатын 
негізгі талаптармен танысады. 
Технологиялық кезең 
Технологиялық кезеңде білім алушылар технологиялық операцияларды 
орындайды, өзінің жұмысына бақылау жасайды және өзін бағалайды. Пән 
қызметі – құрастырылатын өнім. Білім алушылар жұмыс істейтін құралдар мен 
жабдықтар тәсілі. Жоба жетекшісі олардың жұмысын тексеріп, 
консультациялар өткізеді. Бұл кезеңде оқыту сабақтары қажет болған жағдайда, 
Word, Publisher, Excel, PowerPoint және т.б. бағдарламаларының қосымша 
мүмкіндіктерімен танысады. 
Соңғы кезең 
Соңғы кезеңді осы жобаны жүзеге асырудағы қорытынды деп атауға 
болмайды. Бұл ақпараттық ресурстар базасын толықтыру – ұзақ мерзімді 
процеспен байланысты. Осылайша, бұл білім алушылардың жеке тобы жасаған 
жұмыстары үшін ғана соңғы кезең. Бұл кезеңде қорытынды жасалып, білім 
алушылардың жұмыстарына түзету жүргізіледі. Білім алушылар өздері жасаған 
жұмыстарды талдайды, олардың мақсатына қол жеткізді ме, олардың 
жұмысының нәтижесі қандай екенін анықтайды. Олардың жасаған өнімдерін 
пән мұғалімі сараптамадан өткізеді. Содан кейін материалдар мектеп желісінің 
базасына енгізіледі. 
Қосымша материалдар 
1-
қосымша. Презентация көрсетілімі. 
2-
қосымша. Жобалық жұмысты ұйымдастыру кестесі. 
3-
қосымша. «Мәтіндік редактор» тақырыбы бойынша білім алушыға 
техникалық тапсырма. 
4-
қосымша. 5-6 сынып білім алушыларына арналған шығармашылық 
тапсырмалар. 
5-
қосымша. Жобалық жұмыстың бағалау парағы. 
Мұндай
үлкен жобаға мысал ретінде көрініп тұрғандай, негізгі орта 
мектептің барлық деңгейлерінің білім алушылары белсенді қатыса алады. 
5-
7 сынып білім алушылары көмекшілер рөлінде, ал 8-9 сынып білім 
алушылары сайт әзірлеушілер рөлінде өнер көрсетеді. 
Мысалға сәйкес, негізгі орта мектепте жобаны оқыту балалардың 
бірлескен қызметін әр түрлі жасауға мүмкіндік береді, сонымен бірге топтық 
жұмыста жеке-бағытталған көзқарасты қамтамасыз етеді. 


86 
Жобалау жұмысында 5-9 сынып білім алушыларының ынтымақтастығы 
мен бірлескен шығармашылығын дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл әрбір 
білім алушыға жалпы міндеттерді шешу кезінде практикада өзін көрсетуге 
және сонымен қатар топ алдындағы жауапкершілікті сезінуге, жобалық 
жұмыстың барлық кезеңдерінде іскерлік өзара іс-қимыл, дербес шешімдерді 
талқылау және қабылдау тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Проблеманы анықтау, бірлескен мақсат қою, «ми шабуылы», жобамен 
жұмыс істеу процесін, қарқынды талқылаулар мен пікірталастар, жобаны 
қорғау білім алушылардың дамуының және олардың арасындағы өзара 
әрекеттестіктің тиімді құралы болып табылады. Жобалық іс-әрекет кезінде 
күрделі деңгейі бойынша әр түрлі жұмыс түрлері әр білім алушыға жоғары 
сынып және бастауыш сынып білім алушысына өз күшін қолдану аясын табуға 
мүмкіндік береді. Сыни ойлауды дамыту технологиясының, педагогикалық 
шеберханалардың, пікірталастардың көптеген тәсілдері ақпаратты талдау және 
алмасу процесінде қарқынды өзара әрекеттестікте құрылатын шағын топтарда 
(жұптарда) белсенді жұмысты болжайды және әртүрлі жастағы балалардың 
бірлескен жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
5-
9 сыныптарда жобалау жұмысын ұйымдастыру кезінде мұғалім келесі 
мақсаттарды жүзеге асыруы тиіс:
1. 
Әрбір қатысушының жеке сенімділігін арттыруға ықпал ету. 
2. 
Білім алушылардың топта жұмыс жасай алуын, қарым-қатынас пен 
ынтымақтастықты дамыту. 
3. 
Баланың сыни ойлау қабілетін дамыту механизмін қамтамасыз ету, 
қойылған міндеттерді шешу жолын іздеу. 
4. 
Білім алушыларды зерттеу іскерліктерін дамыту (проблемаларды 
анықтау, ақпарат жинау), бақылау, гипотеза құру, жалпылау, аналитикалық 
ойлауды дамыту. 
Негізгі орта мектепте барлық жобалардың негізгі түрлерін қолдану, 
оларды орындау дағдыларын жетілдіру және білім алушыларды жоғары 
сыныптарда жобалар мен зерттеулерді толық дербес іске асыруға дайындау 
қажет.
Бұл ретте жас ерекшеліктеріне де, дайындық деңгейіне де неғұрлым 
сәйкес келетін жобалардың түрлеріне артықшылық беру керек (8-суретті 
қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет