4
Атап айтқанда, «ҚР Білім туралы заңында» білім беру жүйесінің негізгі
міндеттері былайша берілген:
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуға қажетті жағдайлар
жасау;
тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының
берік негіздерін
қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы
интеллектті байыту;
азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына
деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қарсы
және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың
қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу
қажеттілігін қалыптастыру, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне
саналы көзқарасын қалыптастыру;
отандық және әлемдік мәдениеттің
жетістіктеріне баулу; қазақ
халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихын,
әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шетел
тілдерін меңгеру;
Құзыреттілік тәсіл осы тұрғыдан аталған міндеттерді барынша тиімді
шешеді. Алайда білім берудің сын тұрғысынан ойлауға бағдарлануы, сондай-ақ
білім берудің ортасында білім алушы тұрған білім беру жүйесін қалыптастыру
сияқты құзыреттілік тәсіл оқытудың жаңа түрлерін қолдануды талап етеді.
Бүгінде қажетті құзыреттер мен сыни ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік
беретін қызмет түрлері инновациялар үдерісіне белсенді енгізілуде. Олардың
ішінде зерттеу және жобалау қызметі ерекше орын алады.
Қазіргі жағдайда білім алушылардың
жобалық қызметі танымдық
қызметтің міндетті бөлігі, жаңа білім алуға уәждеме, белгілі бір құзыреттілікті
қалыптастыру технологиясы ретінде қарастырылады.
Жоба әдісінің негізінде білім алушылардың танымдық дағдыларын
дамыту, өз білімдерін өздігінен құрастыра білу, ақпараттық кеңістікте
бағдарлай білу, сыни ойлауды дамыту жатыр.
Осының барлығы ауыл мұғалімінің жаңа педагогикалық құзыреттілігін
қалыптастыруды, білім алушылармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін
қайта қарауды, демек, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу бағдарламаларын,
сондай-ақ оқушылардың зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру мен жобалар әдісіне
арналған оқу және әдістемелік құралдар жасауды талап етеді. Сондықтан
ШЖМ педагогтері ерекше әдістемелік қолдауды қажет етеді. Бұл ретте шағын
жинақты ауылдық мектепте білім алушылардың
зерттеу жұмыстары мен
жобалар әдісіне арналған оқу-әдістемелік әдебиеттері жеткіліксіз.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралдың өзектілігі қазіргі кезеңде
ауылдық ШЖМ-да білім беру үдерісінің мазмұнына қойылатын талаптармен,
5
сондай-ақ ауылдық мектепте білім алушыларды қазіргі заманғы білім беру
стандарттарына сәйкес даярлау қажеттілігімен анықталады.
Бүгінде ауылдық ШЖМ-да жоба әдісі енгізілуде және зерттеу
жұмысының түрлері пайдаланылуда, алайда білім беру қызметінің бұл түрлерін
ұйымдастыруда шешілмеген мәселелер баршылық.
ШЖМ-да зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастырудың өз
ерекшеліктері бар екеніне назар аудару қажет. Оның оң тұстары мен сәтсіз
тұстары да кездеседі. Бір жағынан, мұғалім
білім алушылардың тұрақты
құрамымен және белгіленген кесте бойынша сабақ жүргізеді. Екінші жағынан,
сынып әртүрлі жастағы балалардан тұрады, оның үстіне бір сабақта бірнеше
пән оқытылады. Бұл жағдайда ШЖМ-дағы сабақтың өзіндік ерекшеліктері,
артықшылықтары мен кемшіліктері, күрделілігі туындайды.
Біздің оқу құралымыздың мақсаты – педагогтерге жедел және озық
әдістемелік қолдау көрсету және ШЖМ білім алушыларының зерттеу және
жобалық қызметін тиімді ұйымдастыруға көмек көрсету болып табылады,
себебі білім алушылардың сыни ойлауға бағытталуы және заманауи
құзыреттілікті меңгеруі тиіс.
Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер іске асырылды:
ШЖМ жағдайында жобалау және зерттеу
қызметін ұйымдастыру
ерекшеліктері анықталды;
бастауыш мектеп білім алушыларының жобалық және зерттеу
қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері анықталды;
негізгі орта мектеп білім алушыларының жобалық және зерттеу
қызметінің ерекшелігі талданды;
жалпы орта мектеп білім алушыларының жобалық және зерттеу
қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері сипатталған;
ШЖМ-да оқытудың барлық деңгейлері үшін жобалық және зерттеу
қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Әдістемелік құралдың ғылыми жаңалығы ШЖМ-ның барлық
сатыларында жобалық және зерттеу қызметін ұйымдастырудың ерекшелігі
анықталған және соған сәйкес ШЖМ-да осы жұмыс түрлерін неғұрлым тиімді
ұйымдастыруда ұсынымдар жасалған.
Тәжірибенің маңыздылығы ауылдық ШЖМ жағдайында әзірленген
ұсыныстар табысты қолданылуы мүмкін.
Оқу құралы мұғалімдерге, мектеп
әкімшілігіне, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің
қызметкерлеріне арналған.
Оқу құралында ШЖМ-де зерттеу және жобалау әдісін ұйымдастыру
әдістемесінің негізі көрсетіліп, әрбір сатыға арналған жалпы ерекше белгілері
анықталып, зерттеу қызметін ұйымдастыру мен жоба құрудың мысалдары
келтірілген. Авторлар бұл құрал ШЖМ педагогтеріне жобалық және зерттеу
қызметінің мәнін түсінуге және оны тиімді ұйымдастыруға көмектеседі,
сондай-ақ олардың педагогикалық құзыреттілігін жетілдіруге ықпал етеді деп
үміттенеді.
Оқу құралының мазмұнында жобалық және зерттеу әдісін әзірлеу,
негіздеу және іске асыру мәселелеріне кешенді көзқарас жүзеге асырылды.