«М әдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


мүмкш. г)  Түс  көріп  жатып  ояну.  Түстің  апщаратын  қызметі



Pdf көрінісі
бет22/43
Дата03.04.2017
өлшемі17,69 Mb.
#11051
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43

мүмкш.

г) 


Түс  көріп  жатып  ояну.  Түстің  апщаратын  қызметі. 

Қорқынышты  түс.

  Санаға  дейінгі  сфера  үйықтағысы  келу 

тілегімен  толы   екендігіне  сенген  соң,  біз  түс  көруді

187


қарастыруды  әрі  қарай  жалғастырамыз.  Алдыңғы  айтқан- 

дарымыздың  негізінде  шыққан  түжырымдарды  түйіндеуге 

тырысайық.  Сергек  ойдан  кейін  күндізгі  қалдықтар  сақта- 

лады  немесе  сергек  ой  санасыз  тілектердің  бірін  оятады 

немесе  екеуінде  бірдей  орын  табады.  Бүл  мүмкіндіктердін 

бәрін  біз  жоғарыда  егжей-тегжей  қарастырғанбыз.  Күні 

бойы  немесе  үйқы  күйінің  пайда  болуымен  санасыз  тілек 

күндізгі қалдықтарға қарай өзіне жол салады.  Осыған орай, 

жаңа  материалға  көшірілетін  тілек  түзіледі  немесе  басын- 

қы  ж аңа  тілек  санасыздық  сферасы  көмегі  арқасында 

қайтадан  көтеріледі.  Ол  ойлау  процестерінің  қалыпты 

жолымен  өзінің  қүрам  бөліктерінің  бірімен  байланысқан 

санаға  дейінгі  жүйе  арқылы  санаға  кіруге  тырысады.  Осы 

жерде ол цензураға тап келіп,  жаңа материалға  көшірілген 

күйі,  оның  әсеріне  үшырай  отырып  бүрмаланады.  Осыған 

дейін  тілек  мезі  еткен  көрініс  ретінде,  бос  идея,  басқаша 

айтқанда  көшіруімен  бекіп,  цензурамен  бүрмаланған  ой 

түрінде  көрінуге  әзір  болған  еді.

Санага  дейінгі  сфера  үйқы  күйіне  жол  бермейді,  бірақ 

әрі  қарай  өтуді  бүл  сфера  өзінің  қоздырғыштарын  бәсец- 

дету  арқылы  әлсіретуі  ықтимал.  С онды қтан  түс  көру 

регрессия  жолымен  үмтылады.  Ол жол  үйқының  өзіне  тән 

күйіне  байланысты  ашылған.  Түс  көру  осы  ж ол  үстінде 

еске алу тобының әсерінен тартылуға үшырайды. Регрессия 

жолында  ол  таңдауш ы лы қ  қабілетіне  ие  болады .  Ал 

қоюлану  туралы  біз  кейінірек  сөз  қозғаймыз.  Осылайша 

түс  көру  өзінің  ирелеңдеген,  бүлталақ  тәрізді  жолынан 

өтеді.  Бірінші  бөлігі  санасы зды қ  көрін ісінен   нем есе 

фантазиядан  санаға  дейінгі  жүйеге  дейін  үдемелі  багытта 

ж айылып  ж атады ;  ал  екінші  бөлігі  ц ен зу р а  шегінен 

қабылдауға  дейін  созылады.  Түс  көру  мағынаға  ие  бол- 

ганда,  цензура  мен  үйқының  санаға  дейінгі  жүйесі  қойған 

бөгетті  айналып  өтеді;  ол  өзіне  назар  аудартып,  санаға 

танылады.  Сана  психикалық  сапаны  қабылдауға  арналган 

сезімдік  мүше  ретінде  сергек  күйде  екі  пункт  бойынша 

тітіркендіруге  қолайлы:  біріншіден,  аппаратты  түтасымен 

алғанда  оның  шетіндегі  қабылдау  жүйесінен,  екіншіден, 

аппарат  ішіндегі  энергия  өзгерісінің  бірден-бір  психикалық 

сапасы  болатын  жагымды  ж әне  жағымсыз  сезімдерінің 

тітіркенуінен.  Психология  жүйесіндегі  барлық  басқа  про- 

цестер  психологиялық  қүндылықтан  ада  болтан,  сондық- 

тан да санаға объект бола алмайды әрі  оған қабылдау үшін 

жагымды  ж ән е  ж ағы мсыз  сезім дер  берілм еген.  Осы 

жағымды  жөне  жағымсыз  сезімдер  сананың  толу  прцесін

К £ ЗТТЫ  ТХРле  Реттейді  деп  үйгаруға  мәжбүр  болдық. 

нен  көбірек  қиын  әрекетті  ж еңілдету  қаж еттігі,

188


көрініс  жолын  қанагаттанбау  сезімінен  едәуір  тәуелсіз 

ететіні  анықталды.  Бұл  мақсат  үшін  санаға  дейінгі  жүйеге 

өзіне тән  сананың  назарын  өзіне аударатын  сапалар қажет 

болды.  Ол  оны  санаға  дейінгі  сөзді  еске  алу  сапаларынан 

айырылмаған  процестерді  біріктіру  арқылы  қабылдағаны 

ықтимал.  Бүл жүйенің сапасына байланысты,  осы уақытқы 

дейін қабылдауға арналған сезім мүшесі болып келген сана, 

енді  біздің  ойлау  процестеріміз  үшін  де  осындай  маңызға 

ие  болады.  Нәтижесінде  біреуі  —  қабылдауға,  екіншісі 

санаға  дейінгі  ойлау  процестеріне  бағытталған  екі  сезімдік 

алаң  түзіледі.  Санаға  дейінгі  жүйеге  багытталған  сезімдік 

қабылдау  жүйесіне  қарағанда,  шала  үйқы  күйіне  байла­

нысты  аз  тітіркенетінін  болжауым  керек.  Түнгі  ойлау 

процестеріне  деген  қызығушылықтын  жойылуы  толығы- 

мен мүмкін.  Ойлауда ешқандай өзгеріс болмау керек,  себебі 

санаға  дейінгі  ж үйе  үйқыға  кетеді.  Егер  түс  көру  қабыл- 

дауға  айналса,  онда  ж аңадан  пайда 

болған

  сапаларына 

орай  көруді  жаңартуы  мүмкін.  Осы  сезімдік  тітіркендіргіш 

өз  қызметіне  лайық  санаға  дейінгі  жүйені  әрекетке  итер- 

мелейді.  Соңғының  әсерінен  ол  түтас  көрнекі  болу  үшін, 

біз  екіншілік  өңдеу  деп  атаған,  өзгеріске  үшырайды.  Біздің 

айтарымыз:  ол  қабылдаудың  басқа  кез  келген  мазмүнын 

қарағандай  қарап,  мазмүн  мүмкін  ететіндей  шамада  күту 

көріністерінің  әсеріне  үшырайды.  Түс  көру  әрекетінің 

төрттен  бір  бөлігі  басқа  жолмен  өтетіндіктен  соңғысы 

ілгерілемелі  сипатта  болады.

Түсінбеуш ілік  болмас  үшін  тус  керу  процестерінің 

уақытша  ерекшеліктеріне  қысқаша  тоқтала  кетсек  артық 

болмайды.  Ш ынайылап  келгенде,  М оридың  гильотин 

туралы,  түс  мәселесімен  қаныққан,  ерекше  қызық  Гобло 

теориясы, түс көру үйқы мен сергек күйдің қысқаша өтпелі 

кезеңін  қамтиды  деп  кәрсетуге  үмтылады.  Соңғысына 

белгілі  уақыт  керек,  міне,  осы  уақытта  түс  көру  шығады. 

Түс  керудің  қорытынды  көрінісі  айқын  әрі  күшті  болған- 

дықтан,  оянуга мәжбүр етеді.  Шындығында,  ол күшті бол- 

ғандықтан,  бізді  оянуга  тым  жақындатады.  "Арман 

бүл 


оянуды ң  басы".  Дю ганны ң  көрсетуі  бойынша,  Гобло 

көбінесе  өз  теориясы ны ң  дүрыстығын  дәлелдеу  үшін 

нақты  материалмен  есехітеспеген.  Кейбір  түстерден  ояна 

алм айсы ң,  мы салы ,  к ей д е  түсім ізде  тагы   түс  көріп 

жатамыз.  Түс  көру  әрекеті  жайльі  түсінікке  орай,  біз  ол 

ояну  кезеңін  гана  алып  жатады  деген  оймен  келіспейміз. 

Керісінше,  біз  түс  көрудің  бірінші  бөлігі  санаға  дейінгі 

сф ер ан ы ң   ү стем д ік  етуш і  уақы ты нда,  ягни  күндіз 

басталады  деп  есептеуіміз  керек.  Ал  екінші  бөлігі  санасыз 

фантазияны  қатыстыру  мен  қабылдауға  ену  арқасында

189


цензура  әсерінен  өзгеріп,  түні  бойы  жалғасатыны  сөзсіз, 

сондықтан  да  біздің  түні  бойы  түсімізге  бір  нәрсе  кірді, 

бірақ  не  екенін  білмеймін  дегеніміз  дүрыс  айтылған  сөз 

болады. Менің ойымша,  түс  көру  процесі  оны  пайымдауға 

дейін  біз  жаңа  ғана  сипаттап  кеткен  уақытша  реттілікпен 

өтетінін  мойындауымыз  керек:  алдымен  көшірілген  тілек 

пайда болады,  соңынан цензура әсерінен бүрмалану  өтеді, 

әрі  қарай  регрессияға  қарай  бүрылу  болады  ж әне  т.б. 

Баяндау  кезінде  осы  р еттіл ік ті  с ақ т а у ы м ы з  керек; 

шындығында  іс  барысы  бір  уақы тта  әр  тү р л і  ж олды 

байқап  көруге  тіреліп  түр.  Тітіркену  біресе  бір  ж аққа, 

біресе  екінші  ж а қ қ а   үмты лады.  О сылайш а,  оларды ң 

мақсатты  таралуы   арқасы нда  қандай   да  бір  топтасу 

белгіленгенге дейін  жүреді.  Түс көру  әрекеті  өзінің  өнімін 

алуы үшін кейде бір күн,  не бір түн жеткіліксіз болатынын 

меніц  ж еке  бақы лаулары м  дәлелдеп  отыр.  Сонда  түс 

жобасының  төтенше  күші  өзінің  барлық  ерекшелігінен 

айырылады.  Меніңше,  қабылдау  ретіндегі  түсінушілікке 

қатынастың  өзі  де түс  көру  санаға жеткенше  ғана  көрінуі 

мүмкін.  Түс  көру  өзіне  деген,  басқа  қабы лдау  түрлері 

сияқты,  қатынасты  кездестіргендіктен,  осы  кезден  бастап 

процесс біраз жеңілдейді. Ол енді үзақ әзірленіп, қас қағым 

сәтте  ж аны п  кететін   ф ей е р в е р к   с и я қты .  Түс  көру 

әрекетіне орай,  түс көру процесі өзіне сананы аудару үшін 

әрі  санаға  дейінгі  сфераны  түс  тереңдігі  мен  уақытына 

байланыссыз  ояту  үшін,  жеткілікті  мөлш ерде  қарқын- 

дылыққа  ие  болады  немесе  оның  қарқындылығы  жеткі- 

ліксіз  болғандықтан,  ояну  алдында  көбірек  қозғалмалы 

болатын  зейінмен  тікелей кездескенше  күте түруы  қажет. 

Көпшілік түстер  оянуды  күтетіндіктен,  мардымсыз  психи- 

калық  қарқындылықты  пайдаланатын  болу  керек.  Бізді 

қатты  үйықтап  жатқан  кезде  оятса,  біздің  түсті  қабыл- 

дауымыз  осымен  түсіндіріледі.  Кенеттен  оянғанда,  біздін 

көзқарасымыз  түс  әрекетінен  түзілген  түйсік  мазмүнына 

үмтылады  да,  содан  кейін  ғана  барып  сы рттан  алған 

түйсікке  назар  аударады.

Үйқының  ортасы нда  оятаты н  тү стер   тео р и я л ы қ  

қызығушылықты көбірек туғызады. Барлық жерде үстемдік 

етуші  мақсатқа  сәйкестілікті ескере отырып,  не  себепті  түс 

көруге  немесе,  басқаша  айтсақ,  санасыз  тілекке  үйқыны 

бүзуға  билік  берілді  деген  сүрақ  қоюға  болады.  Ол  деге- 

німіз  санаға  дейінгі  тілектің  орындалуын  көрсетеді.  Бүл 

сүрақтың  жауабы  төмендегідей  болмақ,  біздің  энергия 

қатынасына  қатысты  біліміміз  өте  мардымсыз.  Егер  біз 

осындай  білімге  ие  болсақ,  түс  көруге  еркіндік  беру  және 

оған  деген  арнайы  зейін  шығыны,  санасыздық  түнде  де

190


күндізгідей  аумақта  үсталу керек дегенмен салыстырғанда, 

энергияны  үнемдеу  болып  табылады.  Бақылау  нәтижесі, 

көрсетіп  отырғандай,  түн  ішінде  бірнеше  бөлінсе  де,  түс 

көру  үйқымен  толық  қабысады.  Субъект  қас  қағым  сәтте 

оянып,  қайтадан  сол  сәтте  үйқыға  кетеді.  Бүл  үйықтап 

жатып  қонған  шыбынды  қаққанмен  бірдей,  тек 



ad hoc

 үшін 


оянасың.  Қайта  көзіміз  ілінгенде біз  бүлінгенді  жалғастыра 

аламыз.  Күтушінің  түсі  жайлы  бізге  белгілі  мысал  көрсет- 

кендей,  үйқы  тілегін  іске  асыру  зейінді  белгілі  бағытта 

үстаумен  толық  қабысады.

Бүл жерде санасыз процестермен тыңгылықты танысуға 

негізделген  бір  қарсылыққа  тоқталғанымыз  жөн  болар.  Біз 

өзіміз  санасыз  тілек  әр  уақытта  белсенді  әрі  берік  дегенді 

айттық.  Сонымен  бірге  күндіз  олар  аса  күшті  болмаған- 

дықтан  білінбейді.  Дегенмен,  егер түс күйі мен санасыздық 

тілек  түс  көруді  тудыру  қабілетін  ашып,  оның  көмегімен 

санаға  дейінгі  сфераны  оятса,  онда  не  себепті  бүл  қабілет 

түс  көру  іске  асқаннан  кейін  жойылады?  Мазаңды  алған 

шыбынды  қанша  қақсан  да,  қайта  айналып  келе  беретіні 

сияқты,  көргеніміз  неге  қайта  оралып,  тагы  да  түсімізге 

неге  кірмейді?  Түс  үйқыны  бүзады  деген  түжырымды 

айтуға  біздің  қандай  қақымыз  бар?

Санасыз  тілектің  әрдайым  өз  тірлігін  сақтайтыны  айдан 

анық.  Олардың  бойынан белгілі  мөлшерде тітіркену бағыт- 

талысымен,  оның  өтуіне қолайлы жолдарды  көрсетеді.  Са­

насыз  процестердің  ерекшелігі  —  олардын  бүзылмайтын- 

Дығы.  Санасыздықта  еш  нәрсені  аяғына  дейін  жеткізуге 

болмайды,  онда ештеңе үмытылмайды және одан еш нәрсе 

өтпейді.

Невроздарды  зерттеу  негізінде  әсіресе  қояншықтық 

жағдайды  зерттегенде  оған  көрнекі  түрде  көз  жеткізуге 

болады.  Үстамалы  күйге  бәсеңдеу  үшін  бағытталған,  сана­

сыз  ойлар  жүйесі  тітіркену  жеткілікті  мөлшерде  жиналы- 

сымен,  қайтадан  өтуге  қолайлы  күйге  енеді.  Осыдан  отыз 

жыл  бүрын  пайда  болған  ауру  санасыз  аффекті  көздеріне 

еніп,  өзінің  ж асаң  күйін  отыз  жыл  бойы  сақтайды.  Ол 

туралы  есте  қалғанды  қозғасақ,  сол  сәтте  өркендеп,  үста- 

малы күйде моторлық нәтиже табатын өзінің тітіркенуімен 

байланысын  аны қтайды.  Міне,  осы  ж ерде  психотера- 

пияның  араласуына  болады.  Онын  міндеті  санасыз  процес- 

тердің  естен  шығып,  жойылуын  қамтамасыз  ету.  Бізге  өз- 

өзінен  түсінікті  болып  көрінетін  және  есте  қалғандардын 

жүрнағына уақыттың алғашқы әсері болып сезілетін 

есте 


Ңалганның  көмескіленуі  мен  ескі  әсерлердің  әлсіреуі,  іс 

жүзінде  соңғы,  қиын  іске  асатын  екіншілік  өзгеріс  болып 

есептеледі.  Соңғысы  санаға  дейінгі  сферада  орындалады

191


және  психотератияның  санасыздық  жүйені  санаға  дейінп 

жүйеге  бағындырғанннан  басқа  амалы  қалмайды.

Тітіркенудің  жеке  санасыз  процесінің  екі  жолы  бар. 

Оның  еркі  өзінде  болып,  аяғында  бір  ж ол  тауып,  өзін 

тітіркендірушінің  әдістемеге  шығуына  жол  береді.  Немесе 

санаға дейінгі сфераның әсеріне үшырайды,  сонда тітіркену 

ешқайда  кетпей,  керісінше,  байланысады.  Соңғысы  түс 

көру процесі кезінде  өтеді.  Түс  көруге  қарсы  санаға  дейінгі 

жүйеден келген қабылданушы  толуды  түс  көрудің  санасыз 

тітіркендіргішімен  байланыстырып,  оның  бүзушы  әрекетін 

жояды.  Егер  қиялдаушы  бір  сәтке  оянса,  онда  ол  шын- 

дығында  үйқысын  бүзбақшы  болған  шыбынды  үркіткені. 

Сондықтан  санасыз  тілекке  ерік  беріп,  оған  регрессияға 

жол  ашу,  түсті  тудыру  үшін  тиімді  екеніне  біздің  көзіміз 

жетті.  Ж әне  бүл  түсті  санаға  дейінгі  әрекеттің  аздаған 

көмегімен  түйіндеп,  аяқтау,  түс  кезінде  санасыз  сфераны 

жүгендегенге  қарағанда  қолайлы  болды.  Түс  кәру  бастап- 

қыда  мақсатқа  бағытталған  процесс  болмағанмен,  жан 

дүниесі  күштерімен  белгілі  бір  қызмет  атқаратыны  белгілі 

болған.  Біз  оның  қандай  қызмет  екенін  білеміз.  Санасыз 

жүйенің  босаған  тітіркенуін  санаға  дейінгі  жүйеге  басқа- 

руға  беруді,  түс  көру  өзінің  алдына  міндет  етіп  қояды. 

Осымен  қатар  ол  санасыз  жүйе  тітіркенуін  аластап,  оған 

вентиль  ретінде  қызмет  етіп,  санаға  дейінгі  сфера  үйқы- 

сының сергек әрекетінің мардымсыз шығынынан қорғайды. 

Осылайша  ол  келісімге  келуші  ретінде,  басқа  психикалық 

білімдер  сияқты,  екі  жүйеге  де  қызмет  етіп,  егер  тілектері 

үйлесімді  болса  —  кезек-кезек  сол  тілектерді  орындайды. 

Бірінші  тарауда  қарасты ры лған  Роберттің  теориясы н 

оқырманның есіне салсақ,  біз мынаны көреміз,  яғни біз  бүл 

галымның негізі түс көру қызметін анықтаудағы  алдын  ала 

шолуымен  келісуіміз  керек.  Бірақ  басқа  жағынан,  атап 

айтқанда  түс  көру  процесін  багалауда,  біз  онымен  келіс- 

пейміз.


"Екі  тілек  үйлесімді  болғандықтан"  деген  шектеуде  түс 

көру  қызметі  күйреуге  үшырағандағы  ықтимал  жағдай- 

ларға  нүсқау  енеді.  Түс  көру  процесі  алдымен  санасыздық 

жүйесіндегі  тілекті  іске  асырушы  ретінде  жіберіледі,  егер 

бүл тілекті іске  асыру  талабы  санаға  дейінгі  жүйені  шүғыл 

шайқалтып,  езінің тыныштығын  сақтай алмайтындай болса 

және түс көру ымыраға келуді бүзып,  өзінің алдына қойған 

міндетінің  екінші  бөлігін  орындамаған  жағдайда  болады. 

Ол  сол  сәтте  үзіліп,  толық  оянумен  алмасады.  Егер  ол 

үйқының түрақты  күзетшісі  ретінде  оны  бүзбауға  мәжбүр 

болса,  негізінде  түс  көруді  кіналауға  болмайды.  Ол  біздің 

мақсатқа  лайықтылық  туралы  пікірімізден  айнытпайды.

192


Бұл  ағзадағы  мақсатқа  лайықтылық  факторды  мақсатқа 

лайықсыз  ететін  бірден-бір  жағдай  емес.  Оның  түзілу 

шартында  қандай  да  бір  өзгеріс  туындайтын  болса,  онда 

мүндай  жағдайдағы  бүзылу  белгілі  мақсатқа  қызмет  етеді. 

Ол  өзгерісті  әшкерелеп,  ағза  амалдарын  соңғыны  реттеуге 

итермелейді.  Мен,  әрине,  бүл жерде қорқыныш түсін айта- 

мын  және  оқырман  мені  тілектің  орындалу  жайлы  теория- 

ны  жалған  бүзушыдан  әдейі  қашып  отыр  деп  ойламасын 

деймін  де,  мүндай  түсті  тіпті  болмағанда  жалпы  түрде 

жоруға  тырысамын.

Қорқынышты  тудыратын  психикалық  процесс  тілекті 

орындаумен бізді таңғалдыра алмауы мүмкін. Біз бүл қүбы- 

лысты төмендегідей жолмен түсіндіреміз.  Тілек санасыздық 

жүйесіне  қатысты  да,  ал  оны  санаға  дейінгі  ж үйе  кері 

қайтарып  басып  тастайды.  Санасыздық  жүйесінің  санаға 

дейінгі  ж үйеге  бағынуы  психикалық  дені  сау  болғанда 

толық  жеткіліксіз  болады,  мүндай  бағынушылық  біздің 

психикалык,  қалыпты  күйіміздің деңгейін  көрсетеді.  Невро- 

тикалық  белгілер  екі  ж үйенің  бір-бірімен  шиеленіскен 

жағдайда  болатын  көрсетеді.  Бүл  —  уақытынан  бүрын 

аяқталған шиеленіскен күйдің ымыраға келуі.  Бір жағынан 

олар  санасыздық  жүйе  тітіркенуінің  шығу  жолы  ретінде 

болса,  екінші  жағынан,  санаға  дейінгі  жүйенің  санасыздық 

жүйеге  белгілі  бір дәрежеде  үстемдік жүргізуіне мүмкіндік 

береді.  Мысалы,  қандай  да  бір  есірлік  фобияның  маңызын 

зерттеуді  қарастырайық.  Айталық,  қояншық  (есірік)  көше- 



мен  ж алғыз  ж үре

  алмайды,  біз  оны  науқас  белгісі  деп 

айтсақ  —  қателеспейміз.  Науқасқа  оның  қолынан  келмей- 

тінді  орындауға  көндіріп,  осы  белгіні  жоюға  күш  салайық. 

Сонда  оның  бойында  қорқыныш  үстамасы  туындайды; 

мүндай  үстама  көшеде  талай  рет  ол  үшін  агорофобияньщ 

дамуына желеу болғаны белгілі. Біз бүдан науқас белгісінің 

қорқыныш ты  туды рмау  үшін  екенін,  ал  фобия  к,орқы- 

ныштың  шекаралық  қамалы  екеніне  көзімізді  жеткіземіз. 

Біз  бүл  процестердегі  аффектілер  рөліне  қозғамай,  баян- 

дауды  әрі  қарай  жалғастыра  алмаймыз;  бірақ  оның  өзінде 

кең  көлемде  баяндау  мүмкіндігіміз  де  жоқ.

Алдымен  мынадай  түжырымды  алға  қоямыз;  санасыз- 

дық  жүйесін  басудың  қаж ет  себебі  мынада: 



санасыздық 

жүйеде өзіне-өзі берілген көріністер жолы аффект туғызуы 

керек.  Ол  бастапқыда  үнамды  сипатта  болып,  алшақтату 

процесінен  кейін  наразылық  сипатқа  ие  болады.  Басудың 

мақсаты  —  осы  жайсыз  аффектінін  алдын  алу.  Ол  саиа- 

сыздық  жүйесінде  көріну  үшін  таралады,  себебі  аффек- 

тінің  шығатын  ж ері  сонда.  Біз  осы  жерде  негіз  ретінде 

аффектілердің  даму  сипаты  мен  мәніне  қатысты  белгілі

13—1530 

193


жорамалдарды  енгіземіз.  Соңғысы  иннервациялық  кілтті 

санасыздық  жүйесінің  көрсетулерінде  болатын  секретор- 

лық немесе моторлық  акт ретінде  саналады.  Санаға  деиінгі 

жүйенің  үстемдігі  арқасында  бүл  көріністер  өшіріледі  де, 

аффектіні  өрістетуші  импульстер  легі  ж ансы зданады. 

Санаға  дейінгі  жүйе  түрғысынан  әсердің  болмауы  санасыз 

тітіркенудің  аффектіні  дамытуымен  қауіпті  болады,  ал 

кейіннен  алдын  ала  сыналған  наразылық  формасы  ығыс- 

тырылу  нәтижесінде  қорқыныш  түрінде  сезілуі  мүмкін.

Бүл қауіп түс көру  процесіне еркіндік берілуімен туады. 

Ығыстырылу  мен  тілек  күш інің  ж еткілікті  болуы   бүл 

қауіптің  болуына  жағдай жасайды.  Осылайша,  олар  түстің 

түзілуінің  психологиялы қ  шегінен  түгелдей   ты сқары  

жатады.  Егер  біздің  тақырыбымыз  осы  бір  санасыздық 

жүйесінің  үйқы  кезіндегі  босану  кезеңі  мен  қорқыныш 

аффектісінің  даму  тақырыбымен  байланыспаса,  қорқы- 

нышты  түстерді  зерттеуден  мүлдем  бас  тартып,  соған 

байланысты  түсініксіз  жайлардан  өзімді  арылтар  едім.

Қорқынышты  түстер  жайлы  ілім,  менің  айтып  кетке- 

німдей,  невроздар  психологиясына  ж атады .  Тіпті  мен 

былай деп  айтар  едім:  түстегі  қорқу —  қорқыныш  мәселесі 

де,  түс  көру  мәселесі  де  емес.  Біз  оның  түс  көру  процесі 

тақырыбымен  жанасу  нүктесін  көрсеттік  ж әне  осымен 

толық  қанағаттануымызға  болады.  Дегенмен,  мен  тағы  бір 

нәрсе  істей  аламын.  Менің  айтқанымдай,  невротикалық 

қорқыныш  сексуалдық  көздерден  шығады,  ендеше  мен 

қоқыныш  түстерін  талдай  отырып,  олардың  астарында 

жасырынған  сексуалды  материалдың  бар  екенін  ойша 

анықтауыма  болады.  Көптеген  ой-пікірлерге  орай,  невро­

тик  (есірік)  науқастардың  көп  мөлшерде  маған  баяндаған 

мысалдарын  талдаудан  бас  тартып,  балалар  мен  жас- 

өспірімдердің  қорқыныш  түстеріне  көп  көңіл  аударуды 

жөн  көрдім.

Мен  өзім  көп  жыл  бойы  бірде-бір  қорқынышты  түс 

көргем  жоқ.  Ж еті-сегіз  ж ы л  мөлшерде  көрген  бір  түс 

есімде;  мен  оны  отыз  жыл  өткен  соң  жорыдым.  Ол  түсте 

менің  өңімдегідей  туған  анамды  көргенмін.  Бет  бейнесі 

айқын,  ©те  байсалды  болып  көрінген  анамды,  екі  ме  әлде 

үш  пе,  қүс  түмсықты  бір  м ақүлы қтар  бөлмеге  енгізіп 

төсекке  жатқызды.  Мен  айғай  салып,  жылап  ояндым  да, 

дауыстап  ата-анамды  ояттым.  Ебедейсіз  оранған,  қүс  түм- 

сықты,  үзын  м ақүлы қтарды   мен  Филиппсон  басылы- 

мындағы  Библия  суреттерінен  алып  пайдаланғанмын. 

Менің  ойымша,  египеттік  қү л п ы тастар д ағы   бедерлі 

суреттерде қаршыға  басты қүдайлар болу  керек.  Дегенмен 

басқа  жағынан  талдау,  есіме  үй  алдындағы  көгалда  бізбен

194


ойнайтын  бір  баланы  түсіреді,  оның  есімі  Филипп,  екеніне 

дау жоқ. Меніңше,  осы баладан жыныстық қатынас туралы 

және  қаршығаның  бастарымен  үқсастықты  анық  сипат- 

тайтын  түрпайы  сөздерді  алғаш  рет  естігенмін.  (Мүнда 

неміс  тілінде  сөздер  ойыны.)  Бүл  сөздің  сексуалдық  мәнін 

мен  тәжірибелі  оқытушымньщ  бет-пішініне  ңарап  ангар- 

дым.  Ал  анамның  бет  бейнесі  қайтыс  боларынан  бірнеше 

күн  бүрын  көрген  атамның  бет  бейнегінің  көшірмесі  еді. 

Түсті  екінш і  рет  өңдеп,  түсіндіру  мынаны  көрсетеді: 

осылайша  менің  анам  өлген,  қүлпытас  үстіндегі  өрнек  те 

осыны  көрсетеді.  Осындай қорқыныш әсерінен мен шошып 

оянып,  әке-шешем  оянғанша  өз-өзіме  келе  алмадым.  Есіме 

түскені:  анамның  бетін  көрген  соң,  бірден  тынышталдым, 

маған  тек  жүбаныш  болғаны  —  оның  өлмегендігі  болды. 

Түсті  осылай  екінші  рет  түжырымдау  өрістеген  қорқыныш 

әсерінен болды. Мен көрген түсімнен емес,  анам өліп қалды 

ма  деп  қорыққанмын.  Түсімді  осылай  деп  жорығаным  әлі 

де  болса  қорқыныш  әсерінен  арылмаған  болуым  керек. 

Ығыстыру нәтижесінде  қорқыныштың көмескіленуі  көрген 

түс  мазмүнында  бейнеленген  сексуалды  сезімге  келіп 

тірелетіні  сөзсіз.

Үзақ  уақы т  бойы  ауыр  науқасқа  шалдыққан  бір  27 

жастағы  мырзаға  11  мен  13  жас  мөлшерінде  бірнеше  рет 

түсіне  соңынан  шанышқы  үстаған  бір  адам  қуып  жүргені 

енген.  Түсінде  жүгіріп  қашқысы  келеді,  бірақ  бір  орнынан 

қаққан  қазықтай  қозғала  алмайды."Ж әне  әр  жолы  өте 

қатты  қорқады.  Бүл  жыныстық  жағынан  кінәсіз,  төтенше 

типтік  қорқыныш  түсінің  жақсы  мысалы.  Түсін  талдау 

кезінде  қиялдаушы  нағашысының  түнде  қараңғы  көшеде 

өзіне  тиіскен  күмәнді  субъект  туралы  айтқан  әнгімесіне 

тап  келеді  де,  түсінде  осы  оқиға  туралы  естіген  болуым 

керек деп  жорамалдайды.  Ал  шанышқыға  келсек,  ол  бірде 

шанышқымен  қолын  ж аралап  алғанын  есіне  түсіреді. 

Осыдан  ол  бірден  өзінен  кіші  інісімен  қарым-қатынасына 

көшеді.  Оның  кіші  інісін  үнемі  соғып  жәбірлейтіні  есінде 

жақсы  сақталыпты.  Бірде  ол  етікті  жіберіп  қалып,  інісінің 

басын  ж аралап  қойған;  сонда  шешесі:  "Бір  күні  осыны 

өлтіріп  тастай  ма  деп  қорқамын",  —  дейді.  Қатыгездік 

тақы ры бы на  тоқталған да  ол  өзінің  тоғыз  жасындағы 

эпизодты  есіне түсірген  болуы керек.  Бірде оньщ ата-анасы 

түнде  үйге  кеш  оралады;  ол  өтірік  үйы қтаған  болып 

жатады.  Ата-анасы  да  үйықтауға  жатады.  Біраз  уақыттан 

кейін ол ауыр дем алған дыбыс пен басқа дыбыстарды естіп 

олардың  төсектегі  күйі  қандай  екенін  аңғара  алды.  Оның 

кейінгі  ойлары  ата-анасының  осы  қатынасы  мен  өзінің 

бауыры арасындағы қатынастың үқсастығын салыстырады.

195


Ата-анасыньщ  арасындағы  жағдайды  ол  зорлық-зомбылық 

көрсету  деп  есептеп,  басқа  да  көптеген  балалар  сияқты, 

коитусты  садистік  жолмен  қабылдап  түсінді.  Кейде  ана- 

сының  төсегінен  жүққан  қан  дақтарын  көруі  оның  осылаи 

түсінуіне  себеп  болған  еді.  Ересектердің  ж ы ны сты қ 

қатынасы  балалардың  бойында  қорқыныш  сезім  үялата- 

тынын  біз  үнемі  барлық  жерде  байқаймыз.  Бүл  қорқы- 

нышты  жыныстық  тітіркенумен  түсіндіруге  болады.  Ата- 

анасымен  байланысты  нәрсе  олардың  бойында  алдымен 

қарсылық  көрсетіп,  соның  нәтижесінде  қорқынышқа  айна- 

лады.  Біз  өмірдің  ер тер ек  кезеңінде  ата-ан аға  деген 

жыныстық  әуестік  тықсыруға  үшырамай,  керісінше,  еркін 

көрінетінін  байқадық.

Мен осындай түсіндіруді балаларда  жиі кездесетін түнгі 

галлюцинациялы  қорқыныш  үстамасына  да  қолданар  едім 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет