«М әдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет24/43
Дата03.04.2017
өлшемі17,69 Mb.
#11051
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
qH

  —  ж үйе  әрекеті  тітіркенудің  еркін  өтуіне 

бағытталса,  екінші  жүйе,  одан  шығатын  әсерлерге  орай, 

оның  өтуін  баяулатады  дегім  келеді.  Менің  болжауымша, 

екінші  жүйе  үстемдік  еткенде  тітіркенудің  өтуі,  бірінші 

жүйе  үстемдігіне  қарағанда,  мүлдем  басқа  механикалық 

кезеңдермен  байланысты.  Екінші  ж үйе  өзінің  сыншыл 

ойлау  әрекетін  аяқтағанда  тітіркенуде  бөгелу  болмай, 

олардың  жүйеге  өтуіне  мүмкіндік  береді.

Егер  біз  басқа  ж үйе  түрғысынан  қолайсы з  түйсікті 

реттеуге мүндай бөгеліс қатынасын ескерсек,  ерекше қызық 

қорытындыға  келеміз.  Қ ан ағаттану  түйсігіне  тікелей 

қарама-қарсы  қорқыныш   түйсігін  алайы қ.  Бүл  ж ерде 

қорқыныш  түйсігінің  көзі  болып  табылатын  қарапайым 

аппаратқа  қабылдаудың тітіркенуі эсер  етеді.  Нәтижесінде 

реттелмеген  моторлық  көріністер,  қашан  біреуі  қабылдау 

әсерінен  аппаратты  аластатқанша  жалғаса  береді;  қабыл- 

дау  қайталанса,  бүл  керіністер  қабылдау  қайта  жойыл- 

ғанша  қайталанады.  (Мысалы  жүгіруге  әзірлік.  Енді  бүл 

ж ерде  галлю цинациялы қ  немесе  қандай  да  бір  басқа 

жолмен  жағымсыз  түйсік көзін  бекітуге  бейімділік  байқал- 

майды.  Керісінше,  қарапайым  аппаратты  жағымсыз  естелік 

түзілісімен  одан  аластауға  бейімділік  байқалады,  немесе 

оның  тітіркенуінің  қабылдауға  өтуі  жайсыз түйсік  туғызар 

еді.  Шындығында  туғыза  бастайды).  Еске  алудан  ауытқу 

тек  бүрынғы  қабылдаудан  қаш қақтауды ң  қайталануы  

болып табылады,  еске  алу  қабылдауға  керісінше — сананы 

қозды ру  қабілеті  ж еткіліксіз  болып,  өзіне  ж аң ад ан  

қосымша  күш  ала  алмағандықтан  да  жеңілденеді.  Осы 

жеңіл  әрі  үнемі  болатын  психикалық  процестің  кезінде 

қолайсыз  болған  бір  нәрсені  еске  алудан  ауытқуы  пси- 

хикалық  ығысудың  алғашқы  мысалын  береді.  Осындай 

жайсыз  түйсіктен  сырт  айналудың  қаншама  екені  ересек 

адамның  қалыпты  жан  дүниесіне  қанша  осындай  қорғау 

тактісі  негізі  қаланғаны  бәріне  белгілі.

Ж ағымсыз  түйсік  принципі  негізінде  алғашқы  qH  — 

жүйе  жалпы  ойлау  тізбегіне  бір  жайсыз  нәрсені  енгізе 

алмайды.  Бүл  жүйе  тек  аяушылық  қана  көрсетеді.  Егер  іс 

осымен  ғана  шектелсе,  онда  барлық  естеліктерге  бүйрығы 

қажет  екінші  жүйенің  ойлау  әрекеті  доғарылар  еді.  Бүл 

жерде екі жол бар: не екінші жүйе әрекеті жағымсыз түйсік 

принциптерінің  тәуелділігінен  босап,  жағымсыз  естелік- 

терге  көңіл  аудармай,  ез  жолын  табады  немесе  ол  жағым-

206


сыз  естелікті  байланыстыру  мүмкіндігін  тауып,  жағымсыз 

түйсік  туды рм айты н дай   болады .  Ж ағы м сы з  түйсік 

принципі  екінші  ж үй е  тітіркену  жолының  реттеушісі 

болғандықтан,  біз  бірінші  мүмкіндікті  қабыл  алмаймыз; 

нәтижесінде  естелікті  байланыстыру  арқылы  оның  барлық 

әсерін,  сонымен  бірге  моторлы қ  иннервацияға  үқсас 

жағымсыз  түйсікті  шақыратын  процесті  доғаратын  тек 

екінші  ж үйе  қалады.  Екінші  ж үйе  тарапынан  болатын 

бекіту  тітіркенудің  қайтуын  доғарады  деген  болжамға  біз 

екі  жолмен  келеміз:  олар  —  жағымсыз  түйсік  принципі 

және  мардымсыз  иннервация  шығыны  процесі.  Сонымен 

бүл  —  барлық  ығысу  жөніндегі  ілімнің  кілті  дейміз.  Екінші 

жүйе  одан  шығатын  жағымсыз  түйсікті  доғаруға  қабілетті 

болса  ғана  көріністі  бекіте  алады.

Доғару  әрекетінен  қашқақтайтынның  бәрі  екінші  жүйе 

үшін  қол  ж етпейтін  болып,  жағымсыз  түйсік  принципі 

күшінің  арқасында  шығарылуы  қажет;  екінші  жүйенің 

доғарылуы  толық  болмай,  керісінше,  басы  босатылған 

болуы  қажет.  Ол  екінші жүйе  алдында  еске  алу табиғатын 

және ойлаудың алға қойған мақсатына қажеттілік деңгейін 

анықтау  керек.

Бірінші  жүйе өз бетімен босататын психикалық процесті 

мен  енді  бірінші  процесс,  ал  екінші  ж үйе  негізіндегі 

процесті  екінші  деп  атаймын.  Тағы  бір  пунктте  мен  екінші 

жүйедегі  бірінші  процесті  қандай  да  мақсатпен  түзетуге 

болаты ны н  көрсетем ін.  Бірінші  процесс  соңғының 

қабылдау  сәйкестігін  түзеуінің  осындай  жолмен  жинақ- 

талған  мөлшері  көмегімен  тітіркенудіц  өтуіне  мүмкіндік 

жасайды. Екінші процесс мүндай ойдан айнып, оньщ орнына 

ойлау  сәйкестілігін  түзеуге  үмтылады.  Барлық  ойлау 

дегеніміз — еске алудың мақсаттық көрінісінің тек айналма 

жолы  осыған  үқсас  еске  алуды қанағат түтудьщ моторлық 

жүйе  арқылы  іске  асуы.  Ойлау  көріністер  арасын  бірік- 

тіргіш жолдарға қызығушылық туғызып,  олардыц  қарқын- 

Дылығы  арқылы  өзін  жаңылдыруға  мүмкіндік  бермеуі 

керек.  Бірақ  көріністердің  әсіреленуі  аралық  және  ымыра- 

шылдьщ  түзілістердің  бүл  үқсастык,  мақсатына  жетуге 

бөгет  жасайтыны  айқын.

Бір  көріністі  екіншісімен  ауыстыру  арқылы  біріншіден 

келе жатқан  жолдан  олар  ауытқиды.  Екінші ойлау мүндаи 

процестерден  барынша  қашқақтайды.  Ж ағымсыз  сезім 

принципі  ой процесіндегі  негізгі  бастапқы пункттер  беретін 

ойлау  үқсастығына  жетуге  бөгет жасайтынын түсіну  қиын 

емес.  Осындай  жолмен  ойлау  үрдісі  жағымсыз  сезімнен 

ары лу  ж ағы на  бағытталып,  аффектілердін  дамуын  ең 

төменгі  деңгейге  дейін  шектеуі  қажет.  Әрекет  нәтижесінің

207


осы жақсартылуы түс көру тарапынан жаңа эсер көмегімен 

іске  асырылуы  керек.  Тіпті  қалыпты  психикалық  өмірде 

мұның  өте  сирек іске  асатыны  бізге  мәлім:  жағымсыз  сезім 

принципінің  кірісуіне  орай,  біздің  ой лауы м ы з  үнемі 

бүрм алануға  қолайлы   болады .  Б ір ақ   біздің  рухани  

аппаратымыздың  қызметтік  қабілетінің  кемшілігі  болып 

есептелмейді.

Түс  көру  нәтижесінде  есіріктік  белгілерге  әкелетін  про­

цесс белгілеу үшін енді осы формуланы қолданамыз. Қара- 

ма-қарсы  жағдай  біздің  даму  тарихымыздың  екі  кезеңінің 

сәйкес келуінде байқалады. Оның біреуі толығымен рухани 

аппаратқа  еніп,  екі  ж ү й ен ің   қ аты н асы н а  зор  ы қпал 

жасайды;  екіншісі рухани өмірге тек органикалық қозғалыс 

күшін  ендіреді.  Екеуі  де  балалық  дәуірден  шығып,  біздің 

психикалық  және  соматикалық  ағзамызда  болған  өзгеріс- 

тер  қалдығы  болып  табылады.

Егер  мен  біздің  рухани  аппаратымыздағы  бір  психика- 

лык,  процесті  бірінші  десем,  онда  мен  оны  и ерархи я 

түсінігіне  ғана  байланысты  емес,  екі  процестің  уақытқа 

қатынасын басшылыққа алдым. Тек жалғыз бірінші процесі 

бар  психикалық  аппарат  бізге  белгісіз  және  ол  тек  психи- 

калық  функция болып табылады.  Бірақ алғашқы процестер 

онда ең басынан беріліп,  екінші процестер  біртіндеп дамып, 

алғашқысын  баяулатады.  Дегенмен  бізге  толық  үстемдік 

жүргізуі  тек  өмірдің  кемелденген  шағында  іске  асады. 

Екінші  процестердің  осындай  кешеуілдеген  әсері  нәтиже- 

сінде  біздің  сана  тілектерден  түратын  жан  дүниенің  негізгі 

тәуелсіз  қалпында  қалып,  санаға  дейінгі  сфера  тежеуіне 

үшырамайды.  Оның  рөлі  санасыз  сф ерадан  шығатын 

неғүрлым  мақсатқа  бағыныңқы  тілек  жолдарын  көрсету- 

мен  шектеледі.  Осы  санасыз  тілектер  олар  бағынатын 

барлық  кейінгі  үмтылуларға  үстемдік  көрсетеді.  Дегенмен 

олар  оның  бетін  қайтарып,  оны  ж оғары   м ақсаттарға 

бағыттауы  мүмкін.  Еске  алудың  кең  аймағы  санаға  дейінгі 

сфераның  кешіккен  әсеріне  орай  тәуелсіз  болып  қала 

береді.


Осы  бүлінбейтін  әрі  тежеуге  мүмкін  болмайтын  тілек- 

тердің арасынан іске асуы екінші ретті ойлаудың мақсаттық 

көріністеріне  қайшы  болатындары  кезігеді.  Мүндай  тілек- 

тердің іске асуы жағымсыз жайды тудырады.  Ал жағымсыз 

сезім  әрі  осы  аффектілердің  өзгерісі  талдаудың  баланын 

кезеңін  қарасгыратын  біз  "ығыстыру"  деп  атаған  нәрсенін 

негізін  қүрайды  (талдау  қатынасындағы  ауытқулар).  Бүл 

өзгерістің  қандай  жолмен,  қандай  қозғаушы  күштердің 

көмегімен  іске  асуы  бүл  жерде  үстірт  қарастыратын ығыс- 

тыру  мәселесін  түзеді.  Енді  бізге  мүндай  аффектілердің

208


өзгерісі  бүкіл  даму  кезеңінде  өтіп,  екінші  жүйе  әрекетіне 

байланысты  болатынын  көрсету  жеткілікті  (мысалы,  бала- 

лың  ш ақта  болмаған  ж еркен у  сезімінің  пайда  болуын 

алайық).  Санасыз  тілек  аффектілер  көрінісін  тудыратын 

еске  алуга  санаға  дейінгі  жүйенің  еш  уақытта  қолы  жет- 

пейді.  Сондықтан  аффектілердің  көрінісі  тежеуге  үшыра- 

майды.  Аффектілердің  осындай  жолмен  көрінуіне  орай, 

өзінің  тілек  күшін  көшірген  бүл  көріністер  санаға  дейінгі 

ойлар үшін де қол жетпейтін нәрсе.  Жағымсыз сезім прин­

цип!  сахна  төріне  шығып,  санаға  дейінгі  жүйені  мүндай 

ойлардан  бас  тартуға  көндіреді.  Соңғылардын  өз  билігі 

өзінде  болып,  балалық  еске  алу  кешенінін  болуы  тықсы- 

рудың  негізгі  шартына  айналады.

Санаға дейінгі ж үйе  өз  ойынан бас тартысымен,  жағым- 

сыз  сезім  көрінісі  тоқталады.  Осы  жағдай  жағымсыз  сезім 

принципі  араласуьш ың  мақсатқа  лайықтылығын  сипат- 

тайды.  Әйтпегенде іс  барысы  ығыстырьглған  санасыз  тілек 

органикалық  нығаю  алған  жағдайда  өз  ойын  қорытып, 

соның  арқасында  санаға  дейінгі  жүйе  одан  сырт  берген 

күннің өзінде,  тітіркену арқылы әрі қарай енуге тырысады. 

Іс барысы күреске  дейін шиеленіседі — санаға дейінгі 

жүйе 

ығыстырылған  ойларға  қарсы  ойды  бекітеді  де,  санасыз- 

дықты  тудыратын  ойдың  жеңуіне  мүмкіндік  береді.  Бүл 

жеңіс  белгінің  түзілуіне  жағдай  жасайды.  Ығыстырылған 

ойлар  санасыз  тілек  түрғысынан  нығайтылған  соң,  санаға 

дейінгі  сфераны  тастап  шығады  да,  бірінші  психикалық 

процесс  әсеріне  үшырап,  тікелей  моторлық  шығу  жолына 

немесе  ж ол  аш ық  болса  —  қалауш ы   қабылдау  үқсас- 

тығының  галлю цинаторлық  тірілуіне  үмтылады.  Бүрын 

сипатталған  қате 



процестер

  тек  ығыстыруға  ушыраған 

ойлар  арқылы  іске  асатынын  эмпирикалық  жолмен  анық- 

тағанбыз.  Енді  әрі  қарай  жылжимыз.  Бүл  қате  процестер 

мәні  —  психикалық  аппараттағы  алғашқы  процестер,  олар 

көріністер  санаға  дейінгі  сферада  қай  жерде  шығарылса 

сол жерде  пайда  болып,  өз  билігі өзіне беріледі де,  санасыз 

сферадан  шығуға  үмтылған  бос  энергия  арқасында  іске 

асуға  мүмкіндік  табады.  Кейбір  басқа  бақылаулар 

осы 

Аүрыс  емес деп  аталатын процестердін  ойлаудың  қалыпты 

қателерінің  бурмалануы  емес  екендігі  туралы  көзқарасты 

жақтайды.  Ол  тек  психикалық  аппарат  қызметін  те^ У .  

жеткіліксіз  форма  ғана болмақ.  Санаға дешнп т т р к е   У 

моторикаға  арналған  мәліметі  жыджыту  мен 

й

ескермеуді  санасы з  көріністердің  сөзбен  біР).гУ 



аны қталаты ны   сияқты   ж олм ен  іске  асадьі. 

процестерді  теж еуге  қаж етті  әрекеттін  ӨСУ11^  А  пкылы 

біздің  ерекш е  сайқымазақ  аффектіге  көп  кү  у  Р

14—1530 


209

жетуімізден  шығады.  Біз  ондай  ойлаудың  осы  процес- 

терінің  санага  енуіне  мүмкіндік  беруіміз  керек.

Психоневроздар  теориясының  пайымдауынша,  балалық 

кезеңдегі  тек  сексуалдык,  тілектер  ығыстыру  процесінің 

дамуы  барысында  өзгеріске түседі  (аффектілердің  өзгерісі). 

Дамудың  келесі  кезеңдерінде  алғашқы  бисексуалдықтан 

шығатын  сексуалды  түзіліс  салдарынан  немесе  жыныстық 

өмірдің  қолайсыз  әсері  нәтижесінде  қайта  пайда  болып, 

кез  келген  психоневротикалық  белгінің  түзілуіне  қозғалыс 

күшін  беруі  мүмкін.  Ығыстыру  теориясымен  анықталатын 

кемістіктерді  тек  осы  сексуалдык,  күштер  арқылы  тол- 

тыруға  болады.  Сексуалдык,  және  балалық  элемент  талап- 

тары  түс  көру  теориясына  қатысты  ма  деген  сүрақты 

қарамай түрып,  бүл  теорияны  мен  аяқталмаған  деп  қалды- 

рамын.  Себебі  түс  көру  эр  жолы  санасыздықтан  шығады 

деген  болжам  мен  дәлел  ш екарасын  атап  өтеміз.  Түс 

түзілуі  мен  есіріктік  белгілер  пайда  болуында  көрінетін 

психикалық  күштер  айырмасын  зерттеуді  жалғастырғым 

келмейді.  Ол  үшін  салыстыруға  ж ататын  буындардын 

бірімен  біздің  нақты  таныстығымыз  жетіспейді.  Бірақ  мен 

басқа  пунктке  көбірек  мән  беретінімді  мойындауым  керек. 

Осы  пункт  үшін  екі  психикалы қ  ж ү й ен ің   әрекетін , 

ығыстыру  процесін  қарастырудың  барлық  мүмкіндігін 

қамтыдым.

Сүрақты  өңдеуім  кезіндегі  олқылықтарды  мен  саналы 

түрде  қалдырамын,  себебі  оны  толықтыру  бір  жагынан  өте 

ауқымды  еңбекті  қажет  етеді,  екінші  жағынан материалмен 

негіздеу  түс  көруге  мүлдем  жат.  Мысалы,  мен  “басынқы" 

деген  сөзге  "ығысқан"  дегенге  қарағанда  қалай  қарай- 

тынымды  нүсқаудан  бас  тарттым.  Соңғы  сөздің  бастапқы 

сезге  қарағанда  санасыздықпен  байланысы  күштірек  екені 

айдан  анық.  Түс  көру  қалтарысында  жасырылған  ойлар 

санаға  қарай  үмтылғанда  не  себепті  цензура  түрғысынан 

бүрмалаута  түсіп,  регрессия  жолын  таңдайтынына  қатысты 

сүрақты  мен  қарастырмадым.  Менің  ең  басты  міндетім  түс 

әрекетін  бөлшектеуге  әкелетін  сүрақтар  шегін  нақтылау 

болды.  Сонымен  бірге  осы  мәселемен  қиылысатын  басқа 

тақырыптарды  анықтауым  керек  болды.  Қай  жерде  және 

қай  жағдайда  баяндауды  догару  туралы  шешім  қабылдау 

мен  үшін  үнемі  қиындық  туғызды.  Түстегі  сексуалдык, 

керіністер  рөлін  толық  анықтамай,  сексуалды  мазмүнды 

түстерді жорудан қашқаңтауым оқырман сүранысына сәйкес 

келмейтін  ерекше  мотивтерге  байланысты.  Менің  невро- 

патологияда  қоргайтын  кәзқарастары м  мен  орны ққан 

пікірлерім,  дәрігерді  де,  ғылыми  зерттеушіні  де  қызық- 

тырмай  қоймайтын,  жыныстық  өмірдің  тыйым  салынған

210


аймағын  көруден   тым  алш ақ  ж аты р.  Түс  белгілерін 

аударушы  Дальдистегі  Артемидораның  сексуалдық  түстері 

жайлы  тарауды   ш ығарғанда  басшылыққа  алған  адам- 

гершілік  наразылығы  маған  күлкілі болып  көрінді.  Кейіннен 

ол  менің  өзіме  баспа  талабы   бойынша  осылай  әрекет 

жасағанын  айтты.  Сексуалдық  түстерді  қарастырғанда  мен 

үшін  шешуші  бірден-бір  кезең  әлі  зерттелмеген,  қалыптан 

тыс  жыныстық  мәселелер  мен  бисексуалдық  мәселесіне 

терең  бойлау  қажеттігі  еді;  мен  бүл  материалды  басқа 

арнайы  зерттеу  жүмысы  үшін  қалдырғанды  жөн  көрдім. 

Ендігі  сөз  барлық  осы  психологиялық  процестерді  мен 

дүрыс  үқтым  ба  әлде  жеткіліксіз  әрі  қате түсіндім бе — сол 

туралы  болмақ.  Соңғысы  өте  күрделі  болады.  Психикалық 

цензураның  пайымдауы  қандай  бағыт  алмасын,  мейлі 

қалыпты,  мейлі  қалыпты  емес  —  бүл  процестің  түстің 

түзілуінде  маңызды  орын  алатыны  күмән  туғызбайды. 

Олардың  есіріктік  белгілердің  түзілуіндегі  біз  анықтаған 

процестермен  үқсас  екені  даусыз.  Түс  көру  патологиялық 

қүбылыс  емес;  ол  психикалы қ  тепе-теңдікті  бүзудьі 

көздемейді  ж ән е  психикалы қ  ж үмы сқа  қабілеттілікті 

төмендетпейді.  Менің  түстерім  мен  есірік  аурулардың 

түстері  сау  адам дарды ң  түстерін  ж о р у ға  еш қандай 

мүмкіндік  бермейді  деген  қарсылықты  қарамай-ақ  қабыл 

алмаймыз.  Егер  біз  осындай  жолмен  қүбылыстар  арқылы 

ңозғалыс  күштері  туралы  жорысақ,  онда  мынадай  қоры- 

тындыға келеміз.  Невроз  қолданатын  психикалық механизм 

біздің  ж ан  дүниеміздің  ауру  уайымы  негізінде  үзілмейді. 

Керісінше,  біздің  психикалық  аппаратымыздың  қалыпты 

қүрылымында  кездеседі.  Екі  психикалық  пен  бірін-бірі 

жансыздандырып  отырған  олардың  арасындағы  өтпелі 

цензура  екеуінің  санаға  қатынасы  немесе  заттардьщ  нақты 

күйін  дүрыс  түсінуден  алғанымыз  —  бәрі  қосылып  біздің 

рухани  аппаратымыздың  қалыпты  қүрылымына  жатады. 

Түс  көру  осы  қүрылымдарды  тануға  әкелетін  жолдардың 

бірін  көрсетеді.  Егер  біз  шындыққа  сезсіз  жанасымды 

танымдардың  аз  бөлігімен  қанағаттанғымыз  келсе,  онда 

былай  деуімізге  болады.  Cay  адамда  басыңқы  нәрсе  айқын 

болатынын  түс  керсетеді  ж әне  психикалық  қызметке 

Қабілеттілігін  сақтайды.  Түс  керу  —  санасыздықтың  бір 

көрінісі.  Теорияда  ол  үнемі  солай  болады,  көбінесе  түстің 

аса  айқы ндалаты н  ерекш еліктерін  анықтайтын  нақты 

бақылаулар  негізінде  психикалық  басыңқы  сергек  күйде 

өзіне  сипат  таба  алмай,  ішкі  қабылдаудан  оңашаланады,  ал 

түнгі  өмірде  ымырашыл  түзілістер  билеуі  кезінде  санаға 

өтуге жол таба алады:  "Әулиелерді мен бас игізбеймін, бірақ 

жер  асты  патшалық  күштерін  қозғалысқа  келтіремін.

211


Түсті  жору  дегеніміз  —  рухани  өмірдің  санасыздығын 

тануға  сара  жол.

Түсті  талдай  отырып,  біз  осы  ерекше,  қүпия  механизм 

түбіне,  аса терең болмаса  да,  бойлаймыз.  Бірақ  бүл  бастап- 

қы  жолды  салады  да,  ал  басқа  патологиялық  қүбылыстар 

оған  тереңірек  енеді.  Ауру  шындығында  функционалды, 

осы  аппаратты  бүзуды  немесе  оның  механизмін  жоюды 

мақсат  етпейді.  Оны  жеке  қозғаушы  күштерді  күшейту 

арқылы  және  динамикалық  күшейту  арқылы  түсіндіреміз. 

Олар  қалыпты  қызмет  атқару  кезінде  көп  нәрсені  жасы- 

рады.  Бүл  аппараттың  екі  сатыдан  түзілуі  нақтылауды  әрі 

екінші сатының шамасы келмейтін қалыпты әрекетті мүмкін 

ететінін  біз  басқа  жерде  керсетер  едік.

Түс  —  п си хологи ялы қ  негізде  п си хоп атологи ян ы  

түж ырымдауға  мүмкіндік  беретін  бірден-бір  қүбылыс 

емес.  Әлі  аяқталмаған  шағын  мақалалар  жиынтығында 



“Monatss-chrifft  fur  Pszchatrie  und  Neurologie"

  (Үмытудың 

психикалық механизмі,  1898;  Кесімді  естеліктер,  1899)  мен 

осы  ж ағд ай д ы   тү сін д ір етін   б ір қ а тар   п си х и к ал ы қ  

қүбылыстарды  үғындыруға  тырыстым.  Осындай  үмыту, 

оқыс  сез,  қателер  тағы  басқа  жайлы  мақалалар  кейіннен 

"Күнделікті  тірліктің  психопатологиясы"  атты  кітапта 

ж инақталды  (орысша  аудармасы  "Современные  проб­

лемы"  баспасында).

е) 


Санасыздьщ  және  сана.  Ақиқат.

  Ж ақыннан  бақылай 

келе  бастапқы  баяндауды  психологиялық зерттеу  аппарат- 

тың  моторлық  соңының  екі  жүйесі  бар  екенін  болжауға 

немесе тітіркенудің әр түрлі өту әдісі бар екендігіне әкелді. 

Бүл  дегенмен  талғаусыз:  егер  іс  жүзінде  бізге  беймәлім 

ақиқатқа  көбірек  жақын  бір  нәрсемен  алмастыру  мүмкін 

болса,  біз  үнемі  жанама  көріністерден  бас  тартуға  әзір 

болуы мы з  керек.  Біз  екі  ж ү й е  деп  дөрекі  тү р д е  екі 

психикалық  аппарат  ішіндегі  кеңістікті  есептеген  кезде, 

оңай  түзілуі  мүмкін  кейбір  түсініспеушілікті  ж әндеуге 

әрекет  жасайық.  Осы  түсініспеушіліктерді  "ығыстыру" 

және " ену" деген сөздерден көреміз. Егер санасыз ой санаға 

дейінгі  сфераға  өтуге,  одан  кейін  санаға  енуге  үмтылады 

десек,  онда  жаңа  орында  екінші  ой  түзіледі  деп  айтқымыз 

келгені.  Ол көшірме бола түрып түпнүсқамен бірге көрінеді 

оның  кеңістікте  жылжу  көрінісін  санаға  енуден  белуіміз 

керек.  Егер  санаға  дейінгі  ой  ығыстырылса  ж әне  санасыз 

сферамен  қабылданса,  онда  белгілі  аймақ  үшін  күрес 

көрінісінен  алынған  бейнелік  сөздер  бір  психикалы қ 

пункттен  бір  нәрсе  аластатылып,  келесі  пунктте  басқа 

нәрсемен  алмастырылады  деген  түж ы ры м ға  әкелетіні 

ақиқат.  Мүндай салыстырудың  орнына  заттардың  шынайы

212


жағдайына  көбірек  сай  келетін  басқасын  алайы қ.  Бұл 

психикалық  білім  өзгеріске  түседі  немесе  белгілі  энергия 

әсерінен  алынып  тасталады.  Яғни  психикалық  білім  саты 

билігіне  көшеді  немесе  одан  қүтылады.  Осы  ж ерде  біз 

жеткілікті  көрініс  шеңберін  динамикалық  ауыстырамыз; 

сонда  бізге  психикалық  білім  емес  иннервация  қозғалмалы 

сияқты  болып  сезіледі.

Ендеше  мен  екі  жүйе  туралы  көріністі  де  көрнекі  түрде 

сақтау  дүрыс  деп  есептеймін.  Егер  барлық  психикалық 

білім  жүйке  жүйесінің  органикалық  элементтерінде  емес, 

олардық  арасында,  яғни  кедергілер  мен  ж олдар  оған 

сәйкес  арақатыстылық  түзетін  ж ерде  жинақталатынын 

есімізге түсірсек,  онда түсініспеушілік қаупінен қүтыламыз. 

Телескоптағы  сәулелердің   қиылы суынан  туған  бейне 

сияқты,  біздің  ішкі  қабылдаудын  объектісі  болатынның 

бәрі  —  алдамшы  дүние.  Өздігінен  психикалық  түзілісті 

көрсетпейтін,  біздің  психикалық  қабылдауымызға  жеткі- 

ліксіз  ж үйелерді  біз  телескоптың  бейне  алуға  жәрдем- 

десетін  әйнегімен  салыстыруымызға  болады.  Осы  салыс- 

тыруды  жалғастырып,  біз  екі  жүйе  арасындағы  цензура 

сәуленің  ж аңа  ортаға  өткенде  сынуына  сәйкес  келеді 

деуімізге  болады.

Осы  уақытқа  дейін  біз  дербес  психологиялық  зерттеу- 

мен айналысып келдік. Енді қазіргі психологиядағы үстемдік 

етуші,  орныққан  пікірге  оралып,  олардың  біздің  түжыры- 

мымызға  қатынасын  анықтауымыз  керек.  Липпстың  дәл 

айтуы  бойынша,  психологиядағы  санасыздық  —  психоло- 

гиялық  сүрақ  қана  емес,  психология  сүрағы.  ("



Санасыздық 

түсінігі  психологияда"  1897  жылғы  Мюнхендегі  HI халық- 

аралык,  психологиялық  конгрестегі  баяндама.)

Психология сөзбен түсіндіру арқылы осы мәселені шеш- 

кенше  дәрігердің  қалыпты  жан  дүниені  психологиялық 

бақылауы  мүмкін  болмады.  Мысалы,  "психикалық  деген 

"саналы",  ал  санасыз  психикалық  процесс  “өмір  сүруші 

фактілердің  мақсатқа  багыныңқы,  толық  заңды  көрінісіне 

Қызмет  етеді  дегенді  мойындауы  керек.  Сана  —  психи- 

калықтың  қажетті  айқындаушы  белгісі  деген  түжырымга 

Дәрігер  иығын  қусы ры п  ж ау ап   береді,  тіпті  болмаса 

философтың  орныққан  көзқарасына  онын  сыйлаушылығы 

аса күшті болмағанда,  олар әр түрлі зат туралы айтып отыр 

және  ғылымның  әр  түрлі  саласымен  айналысады  деуі 

мүмкін.  Невротиктің жан дүниесін  бір  рет мүқият  бақылау 

немесе бір түсті талдау арқылы күрделі психикалық процес- 

тердің  санасыз  іске  аспайтынына  көз  жеткізуге  болады. 

Дәрігер  санасыз  процестер  туралы  олар  санаға  эсер  еткен 

кезде  ғана  біледі.  Ол  әсерлер  ж ариялау  мен  бақылауды

213


мүмкін  етеді.  Түсте  болуымен  бүрын  таңғалдырған  көп- 

теген  қүбылыстар  енді  түстің  есебіне  емес,  күндіз  де  эсер 

ететін  санасыз  ойлау  есебіне  ену  керек.  Шернердің  айтуы 

бойынша,  түс  дененің  шартты  бейнесімен  ойнайтын  болса, 

онда  оны  сексуалдық  өмірмен  байланысты  кейбір  санасыз 

фантазиялар  нәтижесі  деп  білеміз.  Олар  өзінің  көрінісін 

тек  түсте  ғана  емес,  есіріктік  фобиялар  мен  басқа  белгі- 

лерде де көрсетеді. Түс күндізгі әрекетті жалғастырып,  аяқ- 

таса  және  оның  маңызды  кезеңдерін  бейнелесе,  онда  бізге 

түс  әрекетінің  нәтижесі  мен  психика  тереңінің  жүмбақ 

күштері  нәтижесінде  түзілген  өзіндік  бет-пердені  жойсақ, 

сол  жеткілікті.  Парасатты  әрекет  те  осы  рухани  күштер 

билігінде  болады.  Біз  барлық  ықтималдық  бойынша  зият- 

тылық және көркемдік шығармашылықтың саналы сипатын 

шектен  тыс  бағалауға  икемдіміз.  Аса  дарынды  Гете  мен 

Гельмгольц  сынды  жандардың  мойындауынан  біздің  біле- 

тініміз:  олардың  барлык,  шығармашылығының  мәнді  бей- 

несі  шабыт  түрінде  бейнеленіп,  дайын  түрде  олардың 

қабылдауына  жеткен.  Барлық  рухани  күштер  ынта  қоюы 

айңын көрініп түрғанда,  саналы әрекеттің барлық жағдайда 

қатысуы  бізді  таңдандырмайды.  Саналы  әрекеттің  өзі  жиі 

теріс  пайдаланатын  артықшылығы  —  бәрін  бізден  жасы- 

ратындығында.  Түстің  тарихи  маңызын  жеке  тақырыпқа 

бөліп  көрсету  еңбектенуге  түра  ма?  Қандай  да  бір  тарихи 

түлға  өзінің  түсінің  арқасында  тарихқа  бетбүрыс  беретін 

үлкен ерлікке  шешім  қабылдаса,  мүндағы  ерекше  мәселені 

түс көру  сезім  мен  ойды  бейнелеуші  ретінде  болып,  күндіз 

қарсылық  беретін,  ал  кешке  тітіркенудің  тереңде  жатқан 

көздерінен  қолдау  табатын  кезде  емес,  түс  керу  қандай  да 

бір  түсініксіз  тақырып  түрінде  басқа  тезірек  қол  жететін 

рухани  күштерге  қарсы  қойылғанда  ғана  қарасты руға 

болады.


Жоғарыда келтірілген Александр Македонскийдің Тирді 

жаулап  алар  алдындағы  түсін  қарастырайық.

Ертедегі халықтардың түске қүрметпен қарауы адамнын 

ырық  бермейтін,  бүлінбейтін  жанына  үйқы  тілегі  шығатын 

біздің  ез  санамыздан  табатын  әзәзілдік  элемент  алдында 

бас  июдің  дүрыс  психологиялық  болжамына  негізделген 

болады.

Мен  әдейі  біздің  санамызда"  деп  айтамын,  әйтпесе  біз- 



дщ  аитқанымыз  ф илософтарды ң  санасыздығымен  де, 

Аиппстщ  санасыздығымен  де  сәйкес  келмейді.  Онда  ол 

саналы ққа  қарама-қарсы лы қты   білдіреді;  саналы қтан 

оасқа  санасыз  психикалық  процестер  бар,  —  міне  осы 

жаилы  бәрі  әлі  дауласуда.  Липпс  бойынша,  психикалық 

ыздықтың  формасында  өмір  сүреді  де,  аздаған  мел-

214


шерде  саналылық  формасында  кездеседі.  Түстің  түзілу 

процестері  мен  есіріктік  белгілер  түзілуін  осы  жағдайды 

дәлелдеу  үшін  қарасты рған  ж оқпы з.  Оны  бүлтартпай 

дәлелдеу үшін қалыпты күндізгі  өмірді бақылау  жеткілікті. 

Психопатологиялық  түзулер  сараптамасы  көрсеткен  жаңа 

нәрсе,  әсіресе  оньщ  буындарының  біріншісі  —  түс  көру 

санасыздықтың,  басқаша  айтқанда,  психикалықтың,  екі 

бөлек  жүйенің  қызметі  түрінде  анықталады.  Оның  іздерін 

бірқалыпты  рухани  өмірден  табамыз.  Екі  ж ақты қ  сана- 

сыздық  кездеседі,  ондай  бөлуді  психологтар  жүргізбейді. 

Екі  санасыздық  та  —  психологиялық  мәнді,  санасыздық 

жүйе  дегеніміз  санаға  жетуге  қабілетсіз,  ал  екіншісін  біз 

санаға  дейінгі  ж үйе  деп  атаймыз.  Оның  тітіркенуі  белгілі 

заңдылықпен жаңа цензураны жеңгеннен кейін санасыздык, 

жүйесіне  ешқандай  қатыссыз  санаға  өтуі  мүмкін.  Тітір- 

кенудің  санаға  өтуі ушін белгілі  өзгерістерден  өту керектігі 

олардың  цензуралық  өзгерісіне  орай  анықталады.  Ол  бізге 

кеңістіктік  көріністерді  салыстыру  үшін  қызмет  етеді.  Біз 

екі  жүйенің  арақатынасын,  олардың  санаға  қатынасын, 

санаға дейінгі жүйе — сана мен санасыздық жүйесі арасын­

да  перде  тәрізді  болып  түр  деп  бейнеледік.  Санаға  дейінгі 

жүйе  тек  санаға  дейінгі  жолды  бөгеп  қана  қоймай,  ерікті 

моторлыққа  дейінгі  жолды  да  билейді.  Сонымен  бірге  ол 

зейін  түрінде  біраз  бөлігі  белгілі  энергия  жіберуге  билік 

етеді.

Психоневроздар  туралы  ж аңа  әдебиетте  жақсы  таны- 



мал  болған  жоғары  ж әне  төменгі  сана  деген  бөлуден  біз 

аулак, түруымыз  керек.  Себебі  ол  психикалық пен  саналы- 

лыңтың  үқсастығын  айқын  белгілейді.

Барлы ғы н  ш етке  ы ғы сты рған  асқ ан   үлы   сананы н 

үлесіне  қандай  рөл  тиеді?  Психикалық  сапаны  қабыл- 

д ау д ағы   сезім   м ү ш е л е р ін ің   р ө л і.  Б іздің ,  сх ем ал ы қ  

тәжірибемізге  орай,  саналы  қабылдауды  ерекше  жүйенің 

дербес  функциясы  түрінде  елестетуімізге  болады  ж әне 

оны  С п деп  б ел гіл ей ік .  Ө зін ің   м ех ан и к ал ы қ   қаси еті 

бойынціа  ол  қабылдаушы  ж үйе  Қ  сияқты;  Ол  өзгерістер 

ізін сақтап  қала  алмайды,  яғни  есі  жоқ.  Сыртқы  дуниеге 

бағытталған  Қ  жүйесін  мүшелерімен  сезетін  психикалық 

аппарат  С н  ж үйесі  мүш елері  үшін  сыртқы  элем  болып 

сан алад ы "  оны ң  те о л о г и я л ы қ   а қ т а л у ы   осы   қары м - 

Қатынаста  ж аты р.  А ппаратты ң  ж олы н  қүры лы мында 

билік  етуш і  саты ларды   өту  принципі,  меніңшө,  біздің 

алдымызда  тағы  бір  рет  байқалады.  Тітіркену  материалы 

Сн ж үйесінің  сезім  м үш елеріне  екі  ж ақ тан   келеді:  Қ 

жүйесінен  келген  тітіркенудің  белгілі  сапалары  саналы 

түйсік болғанша ж аңа өңдеуден өтуі  керек ж әне  аппарат

215


ішінен  ж ағымды  ж ән е  ж ағы м сы з  сезім  ф орм асы нда 

сапалы  сезілетін  сандық  процестер  белгілі  өзгерістерге 

үшыраған  кезде  ойлауды ң  күрделі  д әреж ед егі  толық 

заңды  өнімдері  сананың  қатысынсыз  түзілетінін  түсінген 

философтар  шегініс  берді.  Бірақ  қиын  тапсырма  алдында 

санаға  мүндай  тіркеу  аяқталған  психикалық  процестің 

артық бейнелеуі  болып  көрінді.  Бізді  С нжүйесінің  анало- 

гиясы  қабылдаушы  ж үйелермен  бізді  бүл  қиындықтан 

алып  шығады.  Біз  сезім  мүшелерінің  көмегімен  қабылдау 

нәтижесінде,  сезімдік  тітіркенулер  таралатын  жолдарға 

зейіннің үмтылатынын көреміз.  Қ жүйесінің  сапалы тітір- 

кенуі  психикалық  аппараттағы  қосымша  күштің  сандық 

та р ал у ы н   реттегіш   қ ы зм етін   а т қ а р а д ы .  О сы ндай 

қызметті  біз  С пж үйесі  м үш елеріне  де  кірістіруім ізге 

болады .  Ж а ң а   с ап ал ар д ы   қ а б ы л д а й   оты ры п,  олар 

қосымша  күштердің  м ақсатқа  сәйкес  таралып,  бағыт- 

талуына  мүмкіндік  туғызады.  Ж ағымды  ж әне  жағымсыз 

түйсіктерді  қабы лдау  көмегімен  олар  қосым ш а  күш- 

тердің   сан асы з  п си х и к ал ы қ   а п п а р ат  іш іне  ө ту ін е 

мүмкіндік  туғызады.  Оның  әрекеті  белгілі  қосымша  күш 

м өлш ерінің  орын  ауы суы   арқы лы   өтеді.  Ж ағы м сы з 

түйсік принципі алдымен қосымша күштер орын ауысуын 

автоматты  түрде  реттеуі ықтимал екені  сөзсіз;  бірақ сана 

нақты  екінші  реттеуді  көбірек  іске  асы ра  алады .  Ол 

бірінші  аппарат  жүмысын  жетілдіруш і  реттеуге  қарсы 

түра  алады.  Оның  алғаш қы  қабілетіне  қарамастан,  ол 

жағымсыз  сезімнің  пайда  болуына  байланысты  нәрсені 

қайта  өңдеп,  бекітуге  мүмкіндік  береді.

Невроздар  психологиясынан  осы  сезім  мүш елерінін 

сапалы тітіркенуін реттеуінен аппараттың жалпы функцио- 

налдық  әрекетіне  едәуір  маңызды  рөл  берілетінін  білеті- 

німіз.


Жағымсыз  түйсік  принципінің  автоматтық  басшылығы 

және  осыған  байланысты  жүмысқа  қабілеттіліктің  шек- 

телуі сезімдік реттелумен  бүзылады.  Олар  ез ретінде  авто- 

мизм болып табылады.  Басында  мақсатқа сай болған ығыс- 

тыру  аяғында  салданудан  және  психикалық  биліктен  бас 

тартады.  Оньщ  еске  алу  үстінде  өтуі  қабылдау  үстінен  өт- 

кеннен  гөрі  оңайырақ  жүреді,  себебі  алғашқыда  психо- 

логиялық  сезім  мүшелерінен  келетін  қосымша  күш  ағыны 

болмайды.  Қарсылықты  кездестіретін  ой  ығыстырыл- 

майтындықтан  қабылдайды.  Оның  ығыстырылуы  —  басқа 

мақсаттарға  орай  саналы  қабылдаудан  шығарылып  таста- 

луында.  Бір  рет  жүргізілген  ығыстыруды  қайтадан  қал- 

пына  келтіру  үшін  жүргізілетін  терапия  мәліметі  осындай. 

Сандық  жы лж ымалы ққа  деген  С и ж үйесінің  реттеуш і

216


әсерінен  түзілетін  асқы н  қосы м ш а  күш тің  бағалы ғы , 

теологиялық  өте  ж ақсы  көрсетілмеуі  мүмкін.  Ол  ж аңа 

сапалық  қатар  т ү зу   нем есе  оңаш а  р е т те л у   т ү зіл у ін е  

байланысты  болып,  адамның  ж ануарлардан   арты қш ы - 

лығын  көрсетеді.  Ойлау  процестері  оларға  ере  ж үретін 

жағымды  ж әне  ж ағымсыз  тітіркенулерді  қоса  алғанда 

өзінше сапасыз болады.  Олар  ойды  бүзушы  болғандықтан, 

қатаң  шеңберде  үсталуы  керек.  Сапалық  беру  үшін  олар 

адамда  сөздік  естеліктермен  ассоциацияланады.  Олардың 

сапалық  қалдықтары  сананың  зейінін  оған  аударуға  жет- 

кілікті болуы қажет,  сонда соңғылары ойға жаңадан қосым- 

ша  күш  жібереді.

Ойдың  есіріктік  процестері  ж іктелген  кезде  сананың 

барлык,  алуан  түрлі  мәселелерін  көзқарасымен  қамтиды. 

Мұндай жағдайда  санаға  дейінгіден  санаға  өту  санасыздық 

және  санаға  дейінгі  жүйелер  арасындағы  цензураға  үқсас 

цензурамен  байланысты  деген  сезімге  ие  боласың.  Ж әне 

бүл  цензура  белгілі  сапалық  шекте  аластатылады,  себебі 

одан  тек  біраз  ойлар  ғана  қаш қақтай ды .  С ол  сияқты  

санадан  ауытқудың  барлық  мүмкін  болатын  жағдайлары 

соңғысына  жеткіліксіз  мөлшерде  ену  психоневротикалық 

қүбылыстар  шеңберінде  бірігеді,  осының  бәрі  цензура  мен 

сананың  арасында  екі  ж ақты   байланыс  барын  көрсетеді. 

Осындай екі жағдайды баяндау арқылы осы психологиялық 

зерттеуді  аяқтағым  келеді.

Өткен  жылы  мен  бір  зиятты   қы зға  қаты сты   конси- 

лиумға  ш ақы ры лды м.  О ның  кейпі  бізге  оғаш   көрінді. 

Әдетте  әйелдер  үқы пты лы қп ен   ерекш еленсе,  ол  қы з 

қалай  болса  солай  киінген:  бір  шүлығы  өкшесіне  дейін 

түскен,  к ө й легін д е  екі  тү й м е  ж етісп ей д і.  О л  аяғы м  

ауырады  деп  шағым  жасап,  біз  сүрамастан,  көйлегінің 

етегін  көтере  бастады.  Оның  басты  шағымы  төмендегідей 

болды:  "Оның  қүрсағында  бір  нәрсе  бар  сияқты  сезінеді. 

Ол  нәрсе  жоғары,  төмен  қозғалады .  Кейде  оның  бүкіл 

денесі  сіресіп  қалаты н  сияқты ”.  Менің  әріптесім  маған 

қарады.  Қыздың шағымы екі ойлы болып көрінбеді.  Біздің 

екеумізге  де  оғаш  көрінген  нәрсе:  қы зды ң  анасы ны ң 

ештеңеден  х аб ард ар   болм ауы .  М еніңше,  қы зы   айты п 

түрған  осындай  жағдай  оның  басынан  бірнеше  рет  өткені 

белгілі.  Қыздың  өзі  өз  сөздерінің  мәні  туралы   еш  нәрсе 

білмейді,  әйтпегенде  ол  еш  нәрсе  айтпас  еді.  Осы  жерде 

цензураны   тү қ ы р ту ға  мүмкіндік  туды ,  себебі  әд етте 

санасыздық  сферасында  қалып  қоятын  ф антазия  шағын 

бет-пердесінің  асты нда,  күн әсіз  кейіпте  сан аға  қ ар ай  

өткен.

Келесі  мысал.  Мен  он  төрт  жастағы  үлды  психосарап-



2 1?

таушылық  емдеуге  кірісемін.  Ол  конвульсивті  тикпен, 

есірік қүсумен,  бас ауыруымен және тагы басқамен зардап 

шегуде.  Мен  оған  көзіңді  жүмып,  одан  кейін  көзіңе  елес- 

тегенді  маған  айт  деп  үгіттедім.  Сонда  оның  естелігінде 

маған  келгенге  дейінгі  әсерлері  қалқып  шықты.  Ол  өзінің 

нағашысымен  дойбы  ойнаған,  енді  оның  көз  алдына  дой- 

бының  тақ тасы   елестей д і.  О л  істеу ге  болм айты н 

жағдайлар  мен  жүрістер  жайлы  ойлайды.  Содан  кейін 

кенеттен  ол  тақта  үстінде  ж атқан  қанж арды  көреді.  Ол 

әкесінің  қанж ары   болатын.  С одан  кейін  тақта  үстінен 

орақ,  соңы нан  ш алғы  пайда  болад ы .  Ол  алы стағы  

усадьбада  шалғында  шөп  шауып  жүрген  кәрі  шаруаны 

көреді.  Бірнеше  күннен  кейін  маған осы  бейнелердің  ретін 

анықтауға  мүмкіндік  туды.  Баланың  қозған  күйде  болуы 

отбасындағы  қолайсыз жағдайға  байланысты.  Ол:  әкесінің 

қатал  ж ән е  қызбалы ғы ,  әкесі  мен  анасы ны ң  қарым- 

қатынасының  нашар  болуы,  әкесінің  қорқытудан  басқа 

еш қандай  педогогикалы қ  қ ү р ал д ы   білм еуі;  әкесінің 

мейірімді  әрі  сүйікті  анасымен  айырылысуы,  әкесінің 

екінші рет үйленуі,  бір күні үйге  "жаңа мама" — жас әйелді 

әкелуі.

Осыдан  бірнеш е  күн  өткен  соң  бала  н ау қ астан а 



бастайды.  Оның  мөлдір  ниеті  бүл  бейнелерді  әкесіне 

қатысты  басыңқы  аш у-ызаға  айналдырады.  Оған  негіз 

болған  мифологиялық  естеліктер  еді.  Зевс  қанж армен 

әкесін  пішкен,  шал  мен  шалғы  өзінің  баласын  жеген  алып 

титан  Хроносты  бейнелейді  және  Зевстің  балалыққа  жат- 

пайтындай  өшін  алуы.  Әкесінің үйленуі  жыныс  мүшесімен 

ойнағанда  естіген  үрей  мен  қорқыту  сөздерді  оған  бағыт- 

тауға  себеп  болды  (дойбы  ойнау,  істеуге  болмайтын  қате 

жүрістер,  кісі өлтіруге болатын  қанжар).  Бүл  жерде  санаға 

бүрын  ығыстырылған  естеліктер  ж ән е  олардан  қалған 

санасыз  көз  жасы  енеді:  олар  ойсыз  бейнелер  бет-пердесі 

астынан  жылжып  шығады.

Осылайша  түс  көруді  зерттеудің  теориялық  бағалығын 

психологиялық  мәселелерді  айқындаудан  ж әне  психонев- 

роздарды  түсшуге дайындықтан  іздеу  қажет  деп  есептеймін. 

Егер  біздің  қазіргі  біліміміздің  өзі  психоневроздардың 

емделетін формаларьша сәтп терапиялық эсер ете бастаса ше?

Ісихикалық  аппараттың  құрылымы  мен  қызметімен  толық 

таныстық  қандай  маңызға ие  болатьш  кім  айта  алады?  Жеке 

оастың мшезінің қасиеттері мен жасырын ерекшеліктерін ашу 

үпвн  және  психикасын  тану  үшін  осы  зерттеулердің  қүнды- 

лығы неге байланысты деп менен сүрауы мүмкін.  Түс арқылы

санасыз  0ЙлаР  мен  сезімдердің  рухани  өмірде 

қүндылығы  жоқ  па  екен?  Басыңқы  тілектерге  қүндылығы

218


азырақ  мән  беру  қажет  пе?  Олар  түсті  тузе  отырып,  басқа 

психикалық  формаларды  түзе  ала  ма?

Мен  бүл  сүраққа  жауап  беруге  қақым  бар  деп  есепте- 

меймін.  Мен  тек  түсінде  императорды  өлтіргені  үшін 

өзінің  қол  астындағы  адамды  өлтірткен  рим  императорын 

қүптамаймын.  Оған  алдымен  бүл  түс  нені  білдіретінін 

анықтап  алу  керек  еді.  Сонда  оның  мәні  мүлдем  басқаша 

болып  аш ы лар  еді.  Тіпті  бүл  түс  қылмыстық  ниетте 

болған  күннің  өзінде,  Платонның  "мейірбан  адам  түсінде 

ақымақ  адамның  істегенін  көрумен  шектеледі" деп айтқан 

сөзін  еске  тү с ір у   кер ек   еді.  С анасы з  тілектер  мен 

ақиқаттың  мәнін  қабылдауға  бола  ма  және  оның  қалай 

болатынын әзірге айта алмаймын.  Ауыспалы және аралық 

ойларда  ол,  әрине,  болмайды.  Алдымызға  санасыз  тілекті 

қоя  отырып,  соңғы   нақты   формада  біз  мынаны  еске 

аламыз:  психикалық  ақиқат  тек  бір  формада  кездеспейді. 

П рактикалық  қаж еттілік  үшін  адамның  мінезі  туралы 

пікір  айтуда  оның  қылығы  мен  саналы  түрде  көрінетін 

көзқарасы  жеткілікті.  Бірінші  қатарға  қылықты  қоямыз, 

себебі  санада  өтетін  импульстердің  көпшілігі  рухани 

өмірдің  н ақ ты   күш тері  арқы лы   іске  асар  алдында 

аластатылады;  тіпті  кейде  олар  өз  алдында  ггсихикэлық 

бөгетке  кездеседі.  Санасыздық  сферасының  ойынша, 

алынбайтын  бөгетті  олар басқа жерде кездестіреді дегенге 

сенімді.  Бәрібір  біздің  мейірбан  жандарымыз  асқақтап 

көтерілетін  босаң  топырақпен  етене  танысқанымыз  жөн 

болар.  Адам  мінезінің  барлы қ  бағытта  динамикалық 

қозғалмалы  кешені  мораль  талабына  сәйкес  қарапаиым 

баламаға  сирек  көнеді. 

„?

Түс  көрудің  болашақты  болжаудағы  маңызы  қандаи. 



Әрине,  бүл  туралы  айтудың  да  қажеті  жоқ.

Профессор  Эрнст  Оппенгеймер  (Вена)  этнологиялық 

материал  негізінде  түстердін  болжаулық  мәні  бар  және 

оған  халық  көңіл  бөле  бермейтін  категориялар  бар  екенш 

көрсетті.  Ол  болаш ақта  осы  түстерге  тоқталуға  уәде 

берді. 


u

Оньщ  орнына  түсті  өткенмен танысу деп аитуға оолады. 

Түс әрдайым  және  кез  келген мағынада  өткеннен  шығады. 

Дегенмен  түс  біздің  болашағымызды  ашып көрсетеді  деген 

шындыққа  жанасымды.  Түс  біздің  алдымызда  тілектердін 

орындалу  суретін  салып,  бізді  болашаққа  жетелеиді.  Ьірақ 

бүл  болашақ,  өзінің  бүзылмаған  тілегіне  орай,  осы  шақты 

көрсете  отырып,  өткеннің  көшірмесін  береді.

219



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет