«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата06.04.2017
өлшемі2,43 Mb.
#11120
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

Тәж киіп, жыға тағып, мінген пайтақ.

5140

5150


5160

5170


272

272


273

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Сұлы жеп, су орнына  саумал ішкен

Мінгені Жасаралдың Ақмоншақ ат.

Әділхан екіншісі абзал туған,

Тумысы Жасаралдың ізін қуған.

Ат қойған Нартайлақ деп тарлан бозды,

«шүһ!» десе қаңтарумен озған қолдан.

 «Атыңа құтты болсын айтамыз» деп,

Үйіне Қарасайдың бұлар қонған.

Үшінші аты шыққан Көбен деген,

Ақауыз келеді бұл да дөненменен.

Талпынған талабы бар ерлер келді,

«От-басын Қарасайдың көрем» деген.

Еділден Айсаұлы Ахмет бар,

Қол жинап, бұл да бірге жүрем деген.

Салдырып Салторы атпен бұл да келді,

«Сұркөкке байғазымды берем» деген.

Сұлтанай, қарт Қалила, Жәніке би,

Қипатша, шын саудагер Қален деген,

Халықта қалмай келді «пәлен» деген.

Мұхтар бай Ақайдарын абзалдаған,

Мырзаға «Құтты болсын тұлпарың!» деп,

Сұркөкті баршасы да түгел көрген.

Қалмаққа ертең ерте аттанады,

Бұларды «қонып кет» деп жібермеген.

Бұрынғы саймандар бар ханнан қалған,

шығады көрмеген зат руынан.

Бұларды қонақ етіп құрметтеді,

Көрсетіп неше түрлі қызмет қылған.

Табуға Қарасайға тұлпар қиын,

Кем емес басқа ешбір дүниядан.

Жүгіріп қызмет етті екі бала,

Көтеріп бірі табақ, бірі құмған.

«Оқ жонар ата көрген деген» десіп,

Халықтың кеулі кетті тегіс бұған.

Айтайын әңгімесін мен азырақ,

Түсінсін тыңдаушылар құмарланған.

Қарасайдың  үйінде  қонып  отырып,  «Қырым  мен  Еділден 

адам қалмай, он сегізден асқандар тегіс атқа мінейік» деп бәтуа 

18-310

5180


5190

5200


5210

274

БАТыРлАР  ЖыРы

274

275


қылды. Ертеңіне Қырымнан келген қырық батырдың әскербасы 

Жасарал патша, екінші жарты патша Әділхан, үшіншісі Көбен 

болып—бұлар үш бөлек әскер өз алдына, Қарасай өз жасағымен, 

Айсаның ұлы Ахмет өз әскерлерімен топ-топ болып жүрді. Қази 

да өз жігіттерін бастады. Жалпы, Қырым мен Еділ бойындағы 

ноғайлылардан  «мен»  деген  батырлардан  адам  қалмай,  темір 

қақпалы Дербентке қарай шеру тартты.

Еділден ерлер шықыт «Иә Құдайлап!»

Қарасай ата туын алды байлап.

Жасарал әскерімен бөлек жүрді,

Падиша бақшадағы гүлдей жайнап.

Әділхан өз елімен оқшау жүрді,

Астында Нартайлақ ат одағайлап.

Туымды ер Көбен жүр көлбеңдеген,

Ақауыз астындағы келеді ойнап.

Батырлар Қырымдағы қызғындап  жүр,

Келе жатыр өз-өздерін мыңға балап.

Ішіндегі осылардың ардақтысын

Кетеді жол ұзарып айтсақ санап.

Ахмет Салторының жалын өріп,

Мың кісі жолдасы бар алған таңдап.

Мұхтар бай, Сұлтанайлар, би Жәніке—

Бұлар жүр Қарасайды жанамалап.

Аққұсты шебі тайған  үш жыл бағып,

Келе жатыр күнде-күнде сылап-сипап.

Ертіп Тама халқын тайпасымен,

Аққұсқа мінді Қази жалын тарап.

Қырымда Еділменен қалмады адам,

Жасы асқан он сегізден іске жарап.

ыңырсып ауыр әскер елден шықты,

Білмейді ешкім санын көп шамалап.

«Абыройды Алла берсе, аламыз!» деп,

Дербентке темір қақпалы жүрді қарап.

Қарасай көрген жері күн-түн жүрді,

«Қай жер?» деп көрмегендер келед сұрап.

Батырлар жол-жөнекей әзілдесіп,

Келе жатыр бірін-бірі сөзбен сынап.

Бастады ер Қарасай асыл текті,

5220

5230


5240

274

274


275

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Ізденіп атасынан қалған кекті.

Жасынан атасынан жетім қалып,

Ізіне жаңа ертті мұнша көпті.

Қайратын өз халқына мағұлым етіп,

Дұшпанды жеңбек кеулі төңіректе.

Дұшпанды маңайдағы жеңіп алып,

Ойы бар адамға айтпас бір ниетте.

Көрінеді ойға оңбай басқа дұшпан,

Әуелі бұзып алса бұл Дербентті.

Қараған хан Мамайға халықты жинап,

Мақсаты алтын таққа бір мінбекке.

Дербентке қалың әскер қаптай жүрді,

Күн көзін ат тозаң түтіндетті.

Төрт бөліп түн ұйқысын түнде жатпай,

Жол жүріп, кейбір түні таң күзетті.

Жол қашық, жері шалғай қалмақ халқы

Дегенде нақ жиырма күн азар жетті.

Күтініп қалмақ халқы қалған екен,

Қарасай тірі кетіп бұл себепті.

Қалмадың төрт тарабын ноғайлы қамап,

Аузына дарбазаның әскер төкті.

Қауіп қылып қарайды одан қалмақ халқы,

Ертерек ыждаһат етіп күтініпті.

Жасырын жасқану жоқ дұшпан ашық

Жағалай ор түбіне қол төгіпті.

«Тыңдаушы тыныс алып отырсын» деп,

Айтушы ендігісін толғау етті.

Аңсаған, азаматтар, абайлаңдар,

Етейін қысқа назым—қызметті!

Ауыр әскер, ноғайлы

Бірі қалмай аттанған

Қырым менен Еділден.

Жау болуға бел байлап,

Қалмақтың дінсіз елімен.

Темір қақпалы Дербенттің

Жыңқылдады даласы

Қамаған жаудың көбінен.

5250


5260

5270


5280

276

БАТыРлАР  ЖыРы

276

277


ұрандасып жатпады

Келген күні-түнімен.

Қалмақ ішке қамалды,

Кірер деп түнде қаупі жоқ,

Қорғаны шойын, темірден.

Мұндай неше қамаған,

Бұза алмаған өмірден.

Ноғайлыны көріп қалмақтар,

Малдарын тығып қамалға,

Бүлінген еді күнімен.

Салған бәрі ортаға

Мал тапқандар енімен.

шырақ жағып қалаға,

Жатпады қорқып түнімен.

Таң атса  ұрыс болады,

Ақиқат, рас шынымен.

Мұның да бар батыры,

Билері бар ақылды.

Ойласады барлығы,

Пазыл патша, Өгізбен.

Ақыл сұрайды бұқара

Ішінде басты іріден.

Күнқияшқа сенім жоқ,

Күдерленіп ел үзген.

Астан-кестен көп халық,

Соныменен жүргенде,

Сарғайып тұрып таң атып,

Күн шашырап көрінген.

Күн шашырап шыққан соң,

Патша шықты майданға.

Дарбазаның аузына

Әскерін жинап иірілген.

Ортасында қорғанның

Тік салдырған биік мұнара

Құсбегі отыр—бас уәзір,

Падиша менен сол мінген.

Жекеге шығып көруге,

Туымды ерлер бөлінген.

Қашанғы тұрсын қамалып,

5290


5300

5310


276

276


277

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Ерлігі асқан елінен.

Қорықпайтын өлімнен

Қара қасқа ат мінген,

Ат құйрығын шарт түйген.

Хорен деген бір қалмақ

Ат сиярлық тесіктен

«Жекеге шық!» деп айқайлап,

«Біреуің кел!» деп көлденең.

Ноғайлыда батыр көп

Қайратын халық көрмеген.

«Мың кісіге бір өзім,

Боламын,—дейтін,—мен!» деген.

Бәрі бірдей бола ма,

Жайшылықтағы жүрегі

Жау көргенде тұра ма,

Кейбіреуі үндемеген.

Қалмақтың қылған амалы—

Жасық туған жаманның

Жүрегін алып сөйлеген.

Белдемшесін беліне іліп,

Құбарып түсі күрсінген.

«Кім барад?» деп тұрғанда,

Қалың ноғай халықтан

«Мен барамын!» деді де,

Жүре берді ер Көбен.

Ноғайлы, қалмақ—екі жақ

Батырларын мақтады.

Жекеге бұлар кеткенде,

Дарбазасын даярлап,

Қалмақ қолын шақтады.

Жазатайым іс болса,

Даяр тұрды жабыла

Қалың қалмақ шапқалы.

Ноғайлылар мұны білмеді,

Алысырақ тұрып қалды.

Тілегін тілеп Көбеннің,

Оқ жетпейтін шамада

Жыңқылдап бұлар топталды.

Жекеге шыққан желігіп

5320


5330

5340


5350

278

БАТыРлАР  ЖыРы

278

279


Өлім ойлап екеуі,

Бір-бірінен қайтпады.

шамаға келіп жақындап,

Ашындырып, бауырлап,

Жіберді төгіп аттарды.

Көк сүңгі қолға алып,

шанышар жерін ойланып,

Қарсы шапты екеуі,

Қауіптеніп жатпады.

Ойынға бұлар жүрген жоқ,

Не болса да шанышады.

Екеуі де қолға алды

Қоңыраулаған найзаны.

«Жоғарыға найза қағар» деп,

Екеуі де ойланды.

Мініскер болған батырлар

Көп ұрысқан айлалы.

Салысқанда найзаны,

Айнымады қолдары,

шым ете қалды қоңдары.

Қайрат қылып, тіресіп,

Екеуі де шамданды.

Қайратты туған ер екен,

Күшін сынап жүр екен.

Батыр туған ер Көбен

Хоренді аттан аударды.

шақтанған кәуір шамалап,

Жабыла шауып ат қойды,

Кәуірлер іште даяр тұрған.

Көбен жүрді шамданып,

Найза кіріп қоңынан.

Хореннің салған найзасын

Қолымен басып омырған.

Аударғанмен өлмей-ақ,

Дұшпанға толды жан-жағы.

Найзасын алып сындырып,

ұрыса берді бетімен,

Қорқып тоқтап тұрмады.

Абайсызда ноғайлылардың

5360


5370

5380


5390

278

278


279

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Осы арасын алдырғаны.

Бірі қалмай лап қойды,

Аспанға шығып шаңдағы.

ұрыс болды бұлалай,

Кімдер өліп, кім қалады,

Құдай біледі мұны дағы.

ұрысқанда бір майдан,

Аққан судай сарқырап,

Құйылды орға қандары.

Қаланың аузы зор майдан

Ат тұяғы бататын.

Намаздыгер кезінде,

Майданды болды тоқтататын.

Күн қызарып кешкіріп,

Баяулады істері.

Нағыра тартып көп қалмақ,

ығыса барды ішкері.

Жасарал мен Әділхан

Айқайласып ұрандап,

Қолынан туы түспеді.

ұрысты қойып жөн тартты,

Қостарына түскелі.

Ноғайлы кетті далаға,

Қалмақ кірді қалаға.

Бір-біреуін жеңісіп,

Басылмаған әлі де

Құмарлары іштегі.

Қақпасын қалмақ бекітіп,

Әр жерге отты жағады.

Сансыз жерден шам іліп,

Ғұзырына патшаның

Жиналды әскер, адамы.

Мыңбасыдан түгелдеп,

Өлгендер қанша екенін

Сұрап білді шаманы.

ұрысқа шыққан әскердің

Екісі үштен қалғаны.

Қалғанның да және де,

Жарасызы шамалы.

5400


5410

5420


5430

280

БАТыРлАР  ЖыРы

280

281


Ақылгөйлер қайғырып,

«Болды,—дейді,—бұл қалай?

ұрыссақ ертең дәл солай,

Бәрімізді қырады».

уәзірлер айтты ханына:

—Бұған бір амал қылайық,

Қақпаның аузын ашпайық,

Қолдағы бар құралды

Малды байлап матап сап,

Ішкі ауызға жинайық.

Іште жатып тым-тырыс,

Жарым айда сынайық.

Азықтарын тауысып,

Сонан соң қайтар ноғайлы,

Кеткенше шыдап тұрайық.

ығыса қойса егер де,

Аттары арық, өздерін

Артынан қуып қырайық!

Іште жатқан қалмақтар

Осындай айла тауыпты.

Қонатұғын жеріне

Ноғайлылар да барыпты.

Ішіндегі мырзалар

Қасындағы жолдасқа

Қосар атын шалыпты.

Бөктерген атқа азықты

Тауысып ноғайлы алыпты.

Бұлар да санап адамын,

Есебін біліп, қанықты.

Көбеннен өлген он кісі,

Әділханнан жүз кісі,

Ахметтің адамы

Аман-есен келіпті.

Қазиға ерген тамадан

Елу кісі өліпті.

Қарасай мен Жасарал

Әскерлерін санаса,

Онның бірі кеміпті.

5440

5450


5460

5470


280

280


281

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Атақты ерлер абыройлы

Аман-есен қалыпты.

Көбеннің жүр қоңында

Хореннің салған найзасы,

Сүйекке  де дарыпты.

Батырлар келіп сыбанып,

ұңғыға шылбыр тағыпты.

Суырып алып күшпенен,

Жараға дәрі жағыпты.

Атақты нағыз ерлері,

Ақылы дана билері

«Қалмақ ертең қалмайд» деп,

Қуандырады халықты.

Айласынан қалмақтың

Бұқара секем алыпты.

Екпінді туған ерлерге

ұрыс деген желік-ті.

Таң сарғайып атқанша,

Аттан түспей айналып,

Белгілі ерлер жүріпті.

Жекеге шыққан Көбенге

Құдай абырой беріпті.

Ешкімге айтпай батырлар

Қайсысы да желікті.

Осы отырған аламан,

Ауызыма қараған,

«Сөйле!» деп берді ерікті.

Есітуім осылай,

Кім көзімен көріпті.

Қазақта  жазған тарих жоқ,

Кім айтса, соған сеніпті.

Едіге, Орақ, хан Мамай

Ақиқат рас болыпты.

Ер Орақтың баласы

Қарасай, Қази анық-ты.

Толғап сөйлеп жырауың,

Көптен бері зорықты.

Екі минут тер үгіп,

5480

5490


5500

5510


282

БАТыРлАР  ЖыРы

282

283


Әңгімеге аударып,

Қандырайын халықты.

Батырлар «Бүгін соғыста абыройды Көбен алды» деп, ертең 

біраз жекеге шықпақшы болды. Сөйтіп, қаланы айналып жүріп, 

күнде  таңды  көздермен  атқызды.  Қайратты  ерлері  қайғырып, 

ақылдылары:—Қой,  бүйтіп  жата  бермейік,  бүгін  қамалды 

қоршағалы  он  күн  болды.  Азық  таусылды.  Не  де  болса  ішке 

кіру жолын қарастырайық. Мүмкін, қорғанның қабырғасында 

бітелмей  қалған  тесігі,  не  жасырын  есігі  бар  шығар.  Айнала 

мұқият қарап шығыңдар!—деді. 

Сонымен ноғайлы басшылары ақылдасып Ахметті жіберуге 

келісті. Жігіттерін жанына ертіп қамалдың сыртын тәптіштеп 

тексеріп  қайтқан  Айсаның  ұлы  Ахмет  ноғайлының  басшыла-

рына былай деп толғай жөнелді:

—Көп жиналған ноғайлы,

Айналып келдім қамалды.

Айналсам да қамалды,

Таппай келдім амалды.

Осы арадан түстік жер,

Жаяу адам кіргендей

Бір тесік көрдім шамалы.

Әскер сыртта қалады,

 Қарабасы аты жоқ

Адам қалай барады?!

Іштегі қалмақ қалың ел

Күтіп жатқан құралды.

Оған кірген жан болса,

Әлімді сатып алады.

Бара алмаймын мен оған,

Көп жиналған халайық,

Білдіргенім шамамды.

Бүгін бізді не қылсын,

Амалын тауып алдырмас

Келе жатқан халық табанды.

Талай босқа қайырған

Ақылы асқан айлалы,

ықпалы мен қайраты

5520


5530

282

282


283

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Халықтан асқан Мамайды.

Олар бізден таланды,

Ат арыды, адам аш,

шын сырымды айтайын,

Қайтуды көрем қолайлы.

Мынау тұрған қамалдың

Тоғыз қабат оры бар.

Түстік жерде, мен көрдім,

шойыннан құйған жолы бар.

Жаяу адам кіргендей

Аржағында сол жолдың

Тоғыз қабат торы бар.

Сиғандай адам тесігі,

Жабулы таспен есігі.

Оған кірген адамдар

Бір пәлеге ұрынар.

Бұл жалғанның жүзінде

Бұйырмай кетіп несібе,

Ажалына жолығар.

Сондықтан да, ағайын,

Ахметтей ноғайдың

Қайтпаққа елге ойы бар.

Ерлігіне сенгеннің,

Тесікке жаяу кіргеннің,

Маңдайының соры бар.

Соры болмай кайтеді,

Зор соғысқа жолығар,

Көп қалмаққа молығар.

Ер болса да екпінді,

Болса да сұңқар тепкілі,

Қиналып жаны барлығар.

Кідірмеймін, қайтамын,

Қайт деп ақыл айтамын,

Мінген атқа қарасам,

Арықтапты жануар.

Араладым әскерді,

Ат қалмапты әскерде

Тер көтерер, жалы бар.

Кідірсек енді кейіндеп,

5540


5550

5560


5570

284

БАТыРлАР  ЖыРы

284

285


Аштықтан халық қырылар.

Обалына елдің қалмаймын,

Қалғысы келген қалыңдар.

Іздегенім жау болса,

«Жайықтан орын алам» деп,

Жиналып жатыр сары орыс,

Соған да мені салыңдар!

Жеті атадан келе жатқан

Еділ, Жайық—ол қоныс,

Соғысайық сол үшін,

Қалмақта сонша неміз бар?!

Бізге зәбір тигізіп,

Қазаннан өтіп бармаққа

Талаптанған орыстан

Жер-суды қорғап қалыңдар!

Жан сау болса жайында,

Қайтамын елге, қайтамын,

Жақыннан жау табылар!

Ахмет пен Жәніке екеуі Сары ноғайға бас болып өз алдына 

бөлініп тұрады. Қара ноғайлы мен тама, Қарасай мен Қазидың 

жолдастары бұндай болады деп күтпеген еді.

Мұның айтқан сөзіне

Біраз адам желікті енді.

Сары ноғай қайтуға

Мақұлдасып бет берді.

Қырымның халқы бұл сөзді

Тегісінен жек көрді.

Қарасай, Қази екеуі

«Қайтпаймын!» деп өктеді.

Қара ноғайлы тамамен

Бұларды тастап кетпеді.

Қайта алмады бұлар да,

Тек ұрыстан кеулі шеттеді.

Аңысын аңлап көрмекке

Ахмет шетке беттеді.

«Не айтып тұрсың, Ахмет?!» деп,

Әділхан бұған кейіді.

5580


5590

5600


5610

284

284


285

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Кейіп тұрып Ахметке

Сонда Әділхан бүй деді:

—«Әй, Ахмет, ерісің

Сен атақты Еділдің!

Мен сыңайын жек көрдім

Айтып тұрған сөзіңнің.

уәдеміз сенімен—

Осы жер ме еді өлімнің?!

Тірілей көріп келдің бе

Орнын барып көріңнің?!

Айналып келіп қаланы,

Мұнша неге бүліндің?!

Қырылмай халқы қайтпайды,

Қысқа айтайын мен саған,

Ерген болса ықтиярымен

Мына халқы Еділдің!

Дұрыс емес-ау еліңнен

«ұрысам» деп келген кеуілің.

Тірі болсам мен бүгін

Сол тесікке кіремін!»

Деді де ертіп әскерін,

Әділхан жүрді есікке.

Қырымдағы бұл өзі  —

Жасаралдың соңғы жарты хан

Жаяу түнде кірмекке,

Соңындағы әскерге

Есік ашып бермекке.

Аша алмаса осыдан,

Қалмақтан барып өлмекке.

«Ертең сәске болғанда

Бұзамын,—деп,—есікті»,

Өзі мінді желікке.

Намаздыгер болғанда,

Жүре берді жалма-жан.

Әділхан бастап жүрген соң,

Өзінің бөлек әскері

Ізінен мұның қалмаған.

Әділхан кетті бөлініп,

Жәрдем тілеп Алладан.

5620


5630

5640


286

БАТыРлАР  ЖыРы

286

287


Ешбір адам болмады,

Бұған еріп қозғалған.

Іштегі жатқан көп қалмақ:

«Не қылар дейсің түнде? деп,

Күн кешкіріп кеткен соң,

Қозғала қоймас енді» деп.

Қарасай мен Жасарал:

«Бүгін сол-ақ барсын! деп,

Бұза қойса қамалды

Абыройды сол-ақ алсын!» деп.

Қалмақтар да осы түн

«Талапты ері келсін деп,

Қорықпаса кірсін» деп,

Өздері ашып қойыпты

Жерасты жолдың тегісін.

Атсыз жаяу сиғандай,

Қараса түсіп есігін.

Елдің алды жатқанда,

Есікке келді Әділхан

Айтқанын қылмай кісінің.

Түзу-қисық екенін

Ерлігімен Әділхан

Ойламады ісінің.

Сайлап алып жүз кісі,

Қамалдың кірді ішіне.

—Не қыламыз біз?—деді,

Ақыл айт, ханым, сіз?—деді,

Он алты жасар жас Әбді

Сол әскердің ішінде.

Сонда Әділхан сөйледі:

—Кіріп тұрмын қамалға,

Жүз кісі еріп қасыма.

Таң атқанша таймай тұр,

Осы арада асыла.

Соған шейін келермін,

Түспесе зауал басыма.

Бұл шамада  соқпасам,

Табылып жұмыс тоқтасам,

Онда кейін қайта бер,

5650


5660

5670


5680

286

286


287

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Салықта қалған қосыңа.

Көп ноғайға айта бар

Алыс сапар айлық жол

Пендеге келді деп осында!

Осыны айтып Әділхан

Далада қалған қолына

шұбырып барады ішкері,

Өзі түсіп алдына.

Екі жағы тас қорған,

Жалғыз аяқ жолменен

Келеді басып қорына.

Қынаптан қарап келеді

Оңы менен солына.

Бір шақырым жол жүрді

Адамдары соңында.

Әңгімемнен айтайын,

Ішкі кірген Әділхан

Жолықты жаудың зорына.

Әділхан  өзінің  жанына  өлшеп  мініп  жүрген  Нартайлақты  

Әбді деген    қосшысына ұстатып кетті. Манағы Ахметтің сөзіне 

ерегісіп, өзінің бөлек әскерімен ешкімге қарамай жүре берген. 

Бұлардың жатқан жері мен жер асты жолының аралығы атты 

кісіге мезгілдік жер еді.

Тесікке келсе, атты кісі сыймайды. Сиырма қылышты жаяу 

адам  бірінің  ізін  бірі  басып  жүргендей  ғана  екен.  Жүз  адамға 

бас болып, өзі ішке түсті. Қалмақтар қулық жасап он күн бойы 

осы  жер  асты  жолын  ашыпты.  Екі  жағын  тас  қорған  қылып, 

жалғыз аяқ жол қойған. Бұларды аңдып тұрған қалмақтар жүз 

адам кіріп болған соң, екі жақтағы ауызды бекітті. Жалғыз аяқ 

тастай қараңғы жолмен бұлар алдына Әділханды салып, «Алла-

лап!» кете берді.

Қашаннан қалмақ салған өз қамалын,

Оздырған бір бұл емес сан амалын.

Алды-арты жыңқылдаған адам болып,

Әділхан білмей қалды не қыларын.

шығуға шетке қарай түннің іші,

Қарашы жүрер жолдың тар болғанын?!

5690


5700

5710


288

БАТыРлАР  ЖыРы

288

289


Жан-жақты қыспаққа жау алғаннан соң,

Қылышын суырып ап қысты сабын.

Әділхан: «Тәуекел,—деп,—бір Аллаға!»

Жүгіріп ілгеріге басты қадам.

Жақындап көп адамға келіп еді,

Қалмақтан сонда біреу айқайлаған.

«Ілгері енді жүрсең бірер қадам,

Басыңа орнатамын ақырзаман!»

Қамалға басын байлап кірген ханың

Тұрсын ба айқайлады деп қорқып сонан.

Түн еді бұл жүргені Әділ ханның,

Қиналар кезі келді әзиз жанның.

Сөзіне Ахметтің ерегісіп,

Ішіне кіріп еді бұл қамалдың.

Болмаса Құдай жәрдем Әділханға,

ұрыстың қалмақ біледі көп амалын.

Қараңғы жүз кісімен жер астында,

Көп жауға біле алмады не қыларын.

Аты жоқ астарында, бәрі жаяу

Құр қылыш, тастап кеткен қаруларын.

Баршасы жаннан безген ерлер еді,

Бермейтін жаны шықпай қолдан арын.

Топталып жұбын жазбай жүре берді,

Алдына басшы қылып Әділханын.

Қаптаған екі жағы қалың адам,

Жүргізбейді енді ілгері басып қадам.

Бұларда айқай, дабыс, әңгіме жоқ,

Білмейді басқа жолды ұрысқаннан.

Мыс құлақ бытыра оқ атып жатыр

Қалмақтар қамап алып бәрін тамам.

Бұл жүзі ыдырамай көпке кірді,

Туғаннан бірге жүрген жолдас-жаран.

Жан аяп, бас амандап кетпейтұғын

Бәрі де адамдар еді шын қаһарман.

Баршасы топқа кірді жасқанбастан,

Топталып жаяу жүріп ұрыс қылған.

Бұлардың мен сөйлейін ұрыстарын,

Сілтеді жақын келсе қылыштарын.

Сілтесе атқа тиеді айнымастан,

5720


5730

5740


5750

288

288


289

ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ

Істеді осылайша жұмыстарын.

шапқанда ат жығылып, адам өліп,

Дұшпанның алды сүйтіп тыныштарын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет