128
БАТыРлАР ЖыРы
128
129
Сөзін айтып кешегі
Орақ, Мамай төренің,
Ашпа, сен, ашу сандығын!
Өзімдей болған сен құлдың
ұрайын ба жандығын?!
Біреуі—тоқал, бірі—құл
Жүргізбек бұлар жарлығын.
Келтірмей қойып кеңеске,
Өңшең жақсы барлығын.
Елге барып ертерек,
Айтайын мұның қорлығын.
Сұлтанай мен Ахмет
Қылсын тоғыз тондығын!
Жирен сақал мұны айтып,
«шығар,—деді қатынға,—
Теңбілкөк аттың жабдығын!»
Әйелі де тездетіп
Келтірді істі ебіне.
Жирен сақал мұны айтып,
Мініп алды көгіне.
Бермейтінін білген соң,
Жаббас та кетті жөніне.
«Ханға барып біржола
Мықтаймын,—деп,—сені де!»
«Хандығыңнан айырып,
Қоярмын!»—деп, бұл кетті
Ноғайлының билеріне.
Екі құл мықтап алжасты,
шайтан кіріп кеуілдеріне.
Жаббас кетіп барады,
Түскендей қалың тұманға.
Жирен сақал бара жатыр
Еріксіз атты бергенше,
«Жақсы,—деп,—алған бұдан да».
Бір-біріне кеюмен
Аралары ұзады.
Жасауылдікі дұрыс қой,
Намысына қызады.
Мұныкі де мақұл ғой,
170
180
190
200
128
128
129
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
«Еріксіз алам!» деген соң,
Қалай шыдап тұрады?!
Екеуіне де кінә жоқ,
Әзелде жазған болады.
Бірақ жалған намыстар
Осындайдан қозады.
Болмашыдан от тастап,
Елді шайтан бұзады.
Келе жатыр бұл Жаббас
«Көрдім ғой,—деп,—қорлықты».
Ісініп барған көкірегі
Атты ала алмай торықты.
Зорлықпен тартып алуға
Келмеді әлі, қорықты.
Қайдағыны айтып Қарағұл
Қорлады және ұлықты.
Бұның да тегін қазбалап,
Көрсетті ғой азарды.
Атты ала алмай бос қайтып,
Төмендегі назары.
Келе жатып елдегі
Достарға берді хабарды.
«Ордаға қалмай келсін,—деп,
Ойлас үшін амалды!
Ертең сәске болғанда,
Жирен сақал аулына
Саламыз,—деп,—зауалды!»
Хан қасында қайымды ер:
«Тарттырам,—деп,—тәубаңды!»
Осыны ойлап Жаббасың
Бара берсін ханына.
Азарланып, қабарып
Жүрегі симай қабына
Бұл хабарды есітіп,
Атқа мінер адамдар
Ханға барды жабыла.
Хан да отыр буырқанып,
Қара құл тиіп шамына.
9-310
210
220
230
240
130
БАТыРлАР ЖыРы
130
131
Қадірсіз жанда дос та жоқ,
Құл-құтан, ылғи шаруа.
Ендігі сөзді тыңдаңдар,
Жирен сақал Қарағұлдан—
Көк аттың иесі манағы.
Арғы атасы құл еді,
Қожасы ноғай табаны.
Ноғайлының бұл күні
Болған-ды ол қадірлі
Бас көтерер адамы.
Мүсілімдей мырзаның
Бар еді елде туғаны.
Бұл соның құлы еді,
Құл да болса жазалы.
Сақидың бірі еді ол
Қайнап тұрған қазаны.
Жақсылығы болмаса
Халыққа қалай жағады?!
Елдегі тәуір, жақсылар—
Бәрі де мұның жараны.
Ноғайлыны қозғады,
«Өтті,—деп,—Әнжі азары!
Мәтрөшкі құлдың баласы
Кетірді,—деп,—мазаны».
Атаның ұлы Ахметке
Әуелі мұңын шағады.
Сұлтанай деген би бар-ды,
Басында тұрған базары.
Бұл үшеуі бас қосып,
Аралап елді барады.
Жирен сақал Қарағұлдың
Оңғарылды талабы.
Қалдырмады ноғай барған
Бұхара менен Оралды.
Әнжің хан деп бармайтын,
Тіпті күтіп алмайтын
Бірталай халық құралды.
Жинап алып халықты,
250
260
270
280
130
130
131
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Қолға ұстады Құранды.
Ақылдасып хан қойды
Мүсілім деген адамды.
Бірауыздан айтылды
Сары ноғай ұраны.
Хан тұтынып Әнжіні
шамалы халық қалыпты.
Әкімдері, достары
Жиналып бәрі барыпты
«Жирен сақал Қарағұл
Қорлады,—деп,—хандықты.
Біреуің—тоқал, бірің—құл
Нағыласың,—деді,—жарлықты?!»
Қалай айтты бұл сөзді,
Бұл не деген сұмдық-ты?!
Жаббас мұны айтқанда,
ысмайыл ханың тұншықты.
Алтын тақтың үстінде
Күңіреніп сөз қозғайды.
Ойлағанын Жаббастың
Хан мақұлдар болмайды.
Айтылған сөзбен ісі жоқ,
Әр нәрсені ойлайды.
Екі көзден жас ағып,
Бір кезде ханың толғайды:
—Білген екен Қарағұл,
Біткен екен жалғаным!
Қанын жүктеп туыстың,
Құрысын хан болғаным!
Таққа мініп, хан болып,
Бітті деп жүрсем арманым
Басыма бүгін тиді ме
Едіге дәстүр бұзғаным.
Жолымнан олар кеткен соң,
Қане, дүние-мүлік пен
Үйірлеп малды жиғаным?!
Менде айбат, қайрат жоқ,
Қорқытып елді жинадым.
290
300
310
320
132
БАТыРлАР ЖыРы
132
133
Не бітірдім хан болып,
Айырылып елден сандалдым?!
Халімнің мүшкіл болғанын
Енді ғана ойға алдым.
Қарағұлдай кәріптің
Ақылына таң қалдым.
Заманым қайым екенін
Айтқанынан аңғардым.
Не бітірдім, кәнеки,
Құртқан соң өзім қорғаным?!
Таққа міну арман-ды,
Ес біліп, дүние қуғаннан.
Жалғыз өзім қалыппын
Мен бұл күнде Мұсадан.
Халық қайда барар еді,
Кетпесе кие ордадан?!
Қара бұлты тұрғанда
Орақ сынды торлаған?!
Алтын тақта отырса,
Қазынадай хан Мамай
Қару ғып ақыл сайлаған?!
Айдаһардай ысқырып,
Күніке жатса алапта
Көрінгенді шайнаған.
Телағыстай мұзбалақ
Бұғы, марал көтеріп,
Мауқын басып ойнаған.
Отырса солар ордада,
Бітпес пе еді арманы
Халқымның мына ойлаған?!
Олардың күндеп, көре алмай,
Қадірін ердің біле алмай,
Бармағым енді шайналған.
Елге иелік ете алмай,
Құлға жауап бере алмай,
Жалғыз басым сандалған.
Бұл халықтың ішінде
Текті тұқым мен едім,
Туғанымды күндедім.
330
340
350
360
132
132
133
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Көр болғыр көзді шел қаптап,
Намысты жүрдім тек таптап,
Жақсылық ойға келмедім.
Қадірін туыс білгенде,
Бұндай сөз есітер мен бе едім?!
Түнімді жарық қылатын
Айналамдағы шырақтарды
Өз қолыммен сөндірдім.
«шамшырақ елге болам» деп,
Өзімді-өзім сендірдім.
Қорғаным болған қалқанды
«Керегі жоқ» деп сындырдым.
ұйытқы болған мәйекті
Бір сөзбенен бүлдірдім.
Тоқпақ жалды тарланды
Үйірінен бездірдім.
Қолдағы қос сұңқарды
Үркітіп дүние кездірдім.
Алтын тақтың иелері—
Ел билеген ерлерді
Кеңестен күдер үздірдім.
Тұнығымды лайлап,
Сөйтіп, өзім хан болдым.
Хан болғаным құрысын,
Тек әйтеуір жан болдым.
Халқымның басын қоса алмай,
Қатарымнан кем болдым.
Беделім жоқ ешкімге,
Қарағұлмен тең болдым.
Өз бағымды мәуелі
От жіберіп, күл қылдым.
Нағыл дейсің, сен Жаббас,
Хандықты енді тұл қылдым.
«Қылған ісім пайда» деп,
Айла жасап мен жүрдім.
Залал екен ойласам,
Иттігімді бүгін білдім.
Қапыда өткен қалпал іс
Орнына келмес «аһ» ұрса.
370
380
390
134
БАТыРлАР ЖыРы
134
135
Бермес пе еді құл атын
Тауда тарлан ақырса?!
Құсмұрын қара шоқыда
Ақсұңқар құс шаңқ етіп,
Жалғыз тұрып шақырса?!
Енді адыра қалған Еділде
Екі түрнек түлер ме?!
«Томағамды сыпыр» деп,
ұшарын қолдан тілер ме?!
Сонда биялайдан бау тартып,
Қара лашын жем жер ме?!
Табылған ақыл—айтылған
Қарағұлдың кеңесі.
Жауап таппай ханыңның
Кетіп отыр есесі.
Нағыл дейсің, Жаббасым,
Жасауылға болған бас?!
Жүзіміз кеңес қылсақ та,
Бұған жауап табылмас.
Асқар, асқар, асқар тау
Бауыры болар толған тас.
шыңы болар шаншылған
Бұдыры жоқ жым-жылас.
Сүңгідей сүйір ұшына
Таранып сұңқар қона алмас.
Қонғанменен лаждап,
Қайқайып қайта ұша алмас.
Жол тауып барған жолаушы
Одан қайтып түсе алмас.
Өрісін малдың өрт алса,
Ел еркіндеп көше алмас.
Тартылса суы көлдердің,
Көгілдірін ерітіп,
Қулар қонып-ұша алмас.
Қапыда өткен дүние-ай,
Енді Әнжінің тілін кісі алмас!
Осыны айтып ысмайыл,
«Болады,—деп,—қате сәл жерде,
Ерлерді жоқтап жылады.
400
410
420
430
134
134
135
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Ойында тіпті болмады,
«Енді ноғай келмес деп,
Билікті маған бермес» деп,
Жер бауырлап құлады.
Ханы мұны айтқан соң,
Қызметтегі адамдар
Бет-бетімен тарады.
Мұнан былай халықты
Мүсілім болды сұраған.
Хан Мамайда бала жоқ,
Тұяқ қалмады тарланнан.
Алшағырдың баласы
Қалу да қашып, жоғалған.
Қарасай, Қази үлкені
Орақтан қалған баладан.
шет жерде жатыр оқуда,
Хабар жоқ әлі олардан.
Орақ өлгенде, Қарасай мен Қази екеуі жас қалып еді. Орақ
өлген күні, оның айы-күні жетіп отырған әйелі тағы да толғатып,
ер балалы болған-ды. Атын Айдынды-Имаш қойған. Орақты
жерлеп болған соң, халық әрі-бері ойласып, жиналып келіп,
қатынға:—Сен осы халыққа өзің хан бол!—деген. Орақтың әйелі
ақылды жан еді. Қара жамылып отырып ел басқару халықты
қансыратумен бірдей болар. Оның үстіне «қатын басқарған ел
оңбайды» деген, мен хан болып нағылайын. Мына мырза ағаны
қойыңыздар,—деп еді.
Қанша айтқанмен, халық әйелдің айтқанынан шыға алмай,
Әнжі ысмайылды хан қойған. Әнжінің көктен тілеген арманы
осылайша орындалған. «Әйел ақылсыз, бақа құйрықсыз» де-
ген осы екен ғой. ысмайылдың әнжілігін, осылардың тұқымын
құртып жүргенін біле тұрып, бұл қатынға не көрінген?! Билікті
өзіне берсек, әйелдің мұны хан қойдырғаны несі?!» деп ренжіп,
тарқап еді ел.
Әйел басқаша ойлаған: «Егер Әнжі ауылда бос жүрсе, Қарасай
мен Қазиды да жастай өлтірер. Бұл екі баланы нағашысының
қолына оқуға жіберіп, елден кетірейін. Әкесінің түбіне жеткен
бұл залым енді балаларының кемеліне келгенін көріп, ты-
ныш отыра алмас. Бір күні болмаса бір күні бұлардың да түбіне
440
450
136
БАТыРлАР ЖыРы
136
137
жетіп тынар. Елге иелік ете алмаса, халық бір жағына шығар.
Оған дейін балаларым де ержетер» деп шешкен. Қангерман де-
ген қалада әйелдің төркіні бар еді. Әнжі хан тағына отырған
соң, әйел екі баланы нағашысына апарып тастады. Бұл екеуі әр
түрлі елдің тілін, ғылымды он екі жыл оқыды.
Ауылда қалған Айдынды-Имаш он екіге толды. Батыр ата-
ларына ұқсап, жастайынан қару-жараққа үйір болды. Нағыз
батыр тұлғалы, қайтпас қайсар, жаужүрек боп өсіп келе жат-
ты. Заманында арғы атасы Нұрадын қол саржаның оғын тастап
өткізген қайратты туған ер еді. Он екі жасқа келген Айдынды-
Имаш та тасқа оқ атып, жебесін қадалтып жүрді.
Әнжі тақтан түскенмен, әкесі Мұсаның бір бөлек қараша
еліне басшылық жасап, әңгімеге араласып, тыныш жүрген.
Әнжінің айтқанын қылатын осы шағын ауыл адамдары баланың
да айтқанын екі етпейтін. Себебі, олар: «Осы бала ағаларына
аман қосыла қойса, Мүсілімнен тақты алар. Тақты алса, бізді
бір мұратқа жеткізер осы болар» деп ойлайтын.
Арада жылдар өткен сайын Әнжі баяғы өз маңдайына өзі
төбелегенін есінен шығарып, басқаша қиялға кетіп жүретін.
«Бұл бала елдің тағына отырса, менің өміріме қауіп төнер. Ел
бұған мен хан болғандағы көрген азарын айтса, ажалым осы
баладан болар. Сондықтан ағалары келмей тұрғанда, бір-біріне
басын қоспай, осы баланы өлтірейін» деген ойдан арыла алмай
жүрген Әнжі баяғы әккілігіне тағы басты.
Сөйтіп, Айдынды-Имашты оңашаға апарып, азғырып жа-
тыр.
Айдынды-Имаш жас бала
Ақсұңқар құстай таранған.
Он екіде жасы бар,
Қараты асқан қанадан.
Салмақты ауыр бәсі бар,
Тұрмысы абзал жаралған.
Тақтан түсіп ысмайыл,
Тайдырған бағын бұл жалған.
Тек қарашасы қалып әкенің
Сопа басы қуарған.
Бір күні осы ысмайыл
Айдынды-Имаш баланы
460
136
136
137
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
«Мында кел!» деп шақырған.
Оңашаға апарып,
Ақыл айтып балаға,
Қамқоршысы бола қалған.
Жақсылар, құлақ салыңдар,
Сонда Әнжінің сөзі толғаған:
—Не ойлап жүрсің, Имашжан?
Айтайын саған ақылды,
Салып отыр құлағың.
Орақ, Мамай өлген соң,
Айтуымен шешеңнің
Таққа міндім, қарағым.
Хан болғаным құрысын,
Қоса алмай басын халықтың,
Аз ғана күнге шыдадым.
Үш жарым ай хан болып,
Сандалып, басым дал болып,
Әркімнен кеңес сұрадым,
Қорғаным қолдан кеткен соң,
Болмады тақта тұрағым.
«Тоқалдан туды» деп менсінбей,
Қайрылмай кетті бір жүрген
Қаншама жолдас, ноғайлым.
Енді маған пайтақ жоқ,
Өзімді-өзім сынадым.
Үміт күтер бар халқың
Бұл елде жалғыз сен едің,
шырағым, бірақ жас болдың.
Болғанменен жасың жас,
Бұл халыққа паш болдың!
Мен қарап жүрмей қағынып,
Әр түрлі атақ тағылып,
Халықпенен қас болдым.
Қастығымның себебі:
Құлдығына қарамай,
Жаббасты да бас қылдым.
Атамның айтқан сөзімен
Мәтрөшкінің баласының
Сөйтіп кеулін қош қылдым.
470
480
490
500
138
БАТыРлАР ЖыРы
138
139
Сол ісімді жек көріп,
Сары ноғай бөлініп,
Хан сайлады Мүсілімдей—
Үрімнен келген қашқынын.
Қарасай, Қази екі ағаң
Қангерманда оқыған.
Алтын тақтан айрылып,
Мен ағаңмын отырған.
Бұл күндерде көз салсам,
Қайдағы жаман құтырған.
Мамайдан қалған жақсылық
Бұл халыққа ұмытылған.
Кешегі атаң ер Орақ
Ноғайлыны қорғаған
Болып еді тас қорған.
Үш баласың, шырағым,
Қалған перзент батырдан.
Ағаларыңа барып кел,
Жүрсе ертіп алып кел,
Ақылым айтып жатырған.
Мен барғанмен келмейді,
«Елге кел!» деп оларды
Хат жазып талай шақырғам.
Сенің шешең әдейі
Қангермандағы нағашыңа,
Олардың көзін асырған.
Ешнәрсені ойламай,
Балалардың бақытын
Бастарынан қашырған.
Отаннан жақсы кеткен соң,
ықпалы тайып елімнің,
Би шықты енді қатыннан.
ықпал таймай қайтеді,
Жесір қатын, жетім ұл
Дәулетті шашып сапырған.
Алдыр,—деп ем,—балаңды,
Бағылан болған бәйбіше
«Үйімнен кет!» деп ақырған.
Үшеуің қос басыңды,
510
520
530
540
138
138
139
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Жараспайды оларға да
Жат елде босқа қаңғырған.
Ел тізгінін алыңдар
шырағым, пайда қыласың
Тап осы айтылған ақылдан!
Үшеуің қос басыңды,
Осы күнде бірігіп,
Мұрасын бер,—деп,—атамның?!
Сұрасаң халықтан көрініп.
Кететұғын адам жоқ,
Бұл ноғайда бөлініп.
«Мүсілім жаман хан болды,
Тек әншейін жан болды»,—
Деп Мамайды іздейді
Бұл күнде халық егіліп.
Ер Орақты жоқтайды,
Дұшпанын талай қашырған
Сұр бұлттайын түнеріп.
«Ол екеуі кеткен соң,
Жер тарылып барады,—деп,—
Дұшпан алып шегеріп».
шырағым, жылдам талап қыл,
Атадан қалған пайтағың
Тұрғанда кетпей көнеріп.
Қайта айналып бақ келіп,
Біреуіңе тақ беріп,
Алсаңдар елді игеріп.
Сонда арман қалмас еді
Осыны кетсем мен көріп.
Айдынды-Имаш, осы еді
Менің саған айтпағым,
Жүрген соң елім теңселіп.
Тыңдасаң жылдам алып кел
Қарасай, Қази қасқырды!
Жеті атадан біз едік
Ел басқарған дәстүрлі.
Тоқалдан туды деп менсінбей,
Көңілімнің содан пәстігі.
Үшеуіңді көрсем бір жерден,
550
560
570
580
140
БАТыРлАР ЖыРы
140
141
Көңілімнің болар қоштығы.
Ағаларың ержетті
Болмаса тек жастығы.
ықпал бізде тұрсын ба
Төмен етек, қысқа ақыл
Отанның болса бастығы?!
Керіледі тіл алмай,
Ойынан қалмай баяғы
Ер Орақтың тұсында
Сөйлеген еркін мастығы.
Үндемей сөзін көтерем,
Қам көңілді адам ғой,
Болсын,—деп,—соның қоштығы.
Жаңа талап бір ерсің,
шырағым, өзің білерсің,
Түсінсең ағаң достығы.
Бұл сөзден соң ысмайылды
Айдынды-Имаш дос көрді.
Балалықтың салдарынан
Ақылын оның қош көрді.
Аңғырттық және сәбилік
Ақылына сап ескерді.
«Барамын,—деп,—ағама!»
Әнжіге қолын үш берді.
Үйіне келіп мұнан соң,
«Барамын,—деп,—ағама!»
Анасына күш қылды.
«Жібермеймін» деп еді,
«Кетемін,—деп,—лағып!»
Көзінен шашты ұшқынды.
Жібермесе кетеді
Жасынан тентек жетелі,
Ананың жаны ышқынды.
Не қыларын біле алмай,
«Барма» деген тілді алмай,
Қапелімде іс қылды.
«Жүремін» деп ат ерлеп,
Бір қошты алып қасына
Қара нарға қос артты.
590
600
610
620
140
140
141
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
Ағайын, қоңсы, ноғайға
Бара жатып қош айтты.
Айдынды-Имаш жас бала
Кеуіліндегі мақсатын:
—Тілектес болып тұрыңдар
Мен келгенше, ағайын!
Талабымды оңғарса,
Жаратқан Жаппар Құдайым.
Екі ағама бас қоссам,
Кетер еді сендердің
Кеуліңдегі уайым.
Қарашасы атамның,
Үміт үзбе біздерден,
Келтірсін Алла ыңғайын!
Жақсыларың шыдаңдар,
Жамандарың ұзаңдар,
Келген соң көрем сыңайын.
Талабым жүрсе жөнделіп,
Ноғайлы тағын аламын.
Тақ бермейтін кім, қане,
Басына зауал саламын!
Мен арнайы сондықтан
Қангерман деген қалаға
Қос ағамды іздеп барамын.
Әуресімен ойынның
Он екі жасқа келіппін.
Осы азғантай ғұмырда
Жақсы-жаман көріппін.
Атадан жастай жетім қап,
Қатарымнан кеміппін.
Атам мінген алтын тақ
Басқаларға беріппін.
Жастығым шығар бұл менің,
Көрінгенге сеніппін.
Қаңғалап жүр көп ноғай,
Жетім қалған далада
лағындай еліктің.
Сондықтан да, ағайын,
Ағалармен бас қосып,
630
640
650
660
142
БАТыРлАР ЖыРы
142
143
Тақ алуға жерікпін!
Қош болып тұр, тумалар,
Неге керек көп сөйлеп,
Белі талды көліктің!
Осыны айтып жас бала,
Атының басын бұрды енді.
Қасындағы қос артқан
Қосшысына «жүр!» деді.
Жасына жетпей жас бала
Адамдықты көздеді.
Халқының қамы ойлантып,
Екі ағасын іздеді.
Жұртты құртқан сұм Әнжі
Не ойлады кім білді?!
Мақұлдап сөзін баланың,
Безеп жатыр қу тілді.
Алтын тақтан тағы ойы бар ма,
Салып жатыр сұңқылды.
Айдынды-Имаш жас бөрі
Қаттау киген деніне.
Тақымға қысып көк сүңгі,
Байлаған алмас беліне.
Қорамсақтағы сұр жебе
Қырықтан асар кемінде.
Он екіде жасы бар,
Жас та болса басы бар,
Қайсарлық ата-тегінде.
Ойына тек келгені:
«Алтын тақты алмастай,
Бір адамнан кеммін бе?!»
Күн-түн қатып жол жүрді
Қангерманның еліне.
Келгенінде бұл жолдың
Қара Еділ деген жеріне
Қосшыға қосып түсіртті,
Бір ой түсіп кеуліне.
Сол жерге қосын тіккізіп,
Жатсын бала үйінде.
Енді әңгіме тыңдаңдар
670
680
690
700
142
142
143
ҚАРАСАЙ—ҚАЗИ
ысмайыл Әнжі жөнінде.
Түсіндіріп айтайын,
Келтіріп сөзді ебіне.
Бала төрт күн жол жүріп, Қара Еділ деген теңіздің бір баса-
тына келді. Ауылда жүргенде үлкендерден «Қара Еділдің бұл
басатын Қангерман деген қала мен бұлардың ауылының дәл
орта тұсы» дегенді еститін. Бұл екі орта болса, енді қалаға дейін
тағы төрт күншілік жол бар.
Қара Еділге келген соң, баланың кеуіліне бір ой түсіп
еді. «Менің жасым кіші болғанмен, жолым үлкен. Үлкен
шаңырақтың, алтын тақты орданың иесімін. Екі ағамды іздеп,
сәлем берем деп ауылдан шықтым. Жолдың ортасына келдім.
Осы араға қос тіккізіп алып, жалғыз өзім қалайын. Қасымдағы
қосшымды екі ағама жіберейін. Мені сағынған болса, інілерін
көремін десе өздері келсін. Келмесе, мен де осы жерден елге
қайтайын. Егер екеуі келсе, осы жерден елге барып халыққа
қамқор болармыз. Ағаларым келмесе, онда менімен де, елмен
де, атадан қалған мұраға иелік етіп, халықтың қамын ойла-
умен де істері болмағаны» деп ойлады Айдынды-Имаш. Сөйтіп,
қасындағы қосшысын екі ағасына жіберіп, қосты тіккізіп алып,
бала жалғыз өзі қалды.
Енді ауылда қалған Әнжі тырнағына қарап, баланың жалғыз
қалғанын біліп отыр еді. Өзі баяғы хан болғандағы достарынан
елде қалғаны жалғыз Жаббас-тын. Бұл хандықтан айырылғалы,
екеуі де елге жеккөрінішті болып жүрген. Неше түрлі ойдың
шырмауында қалған ысмайыл Жаббасты шақырып алды. Ана-
ны-мынаны сөз етіп отырып, ақырында, «Кешегі бала кеткелі
сен не ойлап жүрсің?» деп сұрамақ болды.
Сондағы ысмайылдың айтқаны:
—Сені бүгін мен, Жаббас,
Көрейін деп шақырдым.
Не ойлап жүрсің бұл күнде,
Қайратты туған батырым?
Кеше мен хан болғанда,
Билігін бергем халқымның.
Қолыңа билік тиген соң,
Тыным таппай шарқ ұрдың.
710
144
БАТыРлАР ЖыРы
144
145
Бетіңе жанды қаратпай,
Аюдайын ақырдың.
Әуелі Құдай, екінші
Достарыңызбен бөлісу: |