1
САБАҚ БАРЫСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ – БІЛІМ САПАСЫН
АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ
Ембергенова А.С.
Қызылорда қ.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай
ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру
осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып
отыр.
Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім
беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет,
компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды
оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:
Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
Ғылыми – ізденушілік және оқу - әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Ақпараттық технологиялардың қағидалары:
Жеке тұлғаның инттелектуалдық жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Технологиялық құрал арқылы алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;
Білім мен тәрбиенің бірізділігі;
Жалпы компьютерлік сауаттылық.
Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметін атқарады. Оларға мыналар
жатады:
1) Электрондық оқулықтар
2) Компьютер
3) Электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
4) Аудио және видеоматериалдар
5) Интернет желісі
6) Тестілеу жүйесі мен білімді бағалау
7) Интерактивті тақта
8) Электрондық пошта
Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам - ол технология ауысуына және нарық
талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. ХХІ ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа
компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады.
Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы зор.
Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс -
әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан - жақты дара
тұлға етіп тәрбиелеу.
Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы
дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу - бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан
кейін туындайтын мәселелердің бірі - жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте, колледжде,
жоғарғы оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру,
оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны, студентті ақпаратты талдай білуге, ақпараттық
технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда
әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бірқатарға және әрбір адам үшін
қажетті шартқа айналады.
Оқушы немесе студенттің ақпараттық технологияны пайдалануы, оның кейбір элементтерінің
жеке шығармашылық байланысымен сипатталады. Олардың бір-біріне деген әсерінде байқауға болады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарының келесі түрі электрондық оқулықтар. Заман ағымына қарай
күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай
нәтижелер беруде. Кез келген сабақты электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен
еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айландыруға
болады. Бұл нұсқаның жетістігі оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер
арқылы тарату болып табылады. Келесі бір ақпараттық технология құралдарына интернет желісі жатады.
Қоғамды ақпараттандыру және ақпараттық технологияларды қолдану үрдiсiнде 1990-1991 ж.ж.
пайда болған Интернет жүйесi World Wide Web (WWW немесе “Бүкiләлемдiк компьютер торы”) аса
2
маңызды рөл атқаруда. Ақпараттандыру және бұқаралық коммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде
қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын
қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез
келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді
пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып,
тәрбиелеуге және ақпаратық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен
құралған. Мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңектерді саралай келе, мультимедиа
терминіне «ақпараттық орта» деген мағына беруге болады. Ал, «ақпараттық орта» түсінігін белгілі бір
ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған
арнайы ұйымдастырылған процесс деп қабылдауымызға болады.
Мультимедиа - компьютерлік графикамен, суреттермен, анимациямен, мәтіндермен, жоғары
сапалы дыбыстармен жұмыс істеуді қаматамасыз ететін итерактивті жүйе. Ғылым мен техниканың даму
қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең
көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат
алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық
жүйелер арқылы іске асырылуда.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты
пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Технологиялық жетістіктердің бірі –
интерактивті тақта оқушылардың оқыту бағдарламасындағы көмекші құрал. Интерактивті тақтаның
маңыздылығы:
- Интерактивті тақтада жазба құралдары, маркерлер, құрал-саймандар панелі қарастырылған.
- Интернетке қосылу мүмкіндіктері бар.
- Жұмыс материалдарын, ақпаратты оқушыларға тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.
- Оқушылардың зейінін аударуға болады.
- Анимациялық роликтер, коллекциялық суреттерді оқушылар назарына ұсына аламыз.
- Арнайы бағдарламалар әзірлеп, веб сайттар мен кез-келген қосымшалардан ақпарат алып, өңдеу
жұмыстарын жүргізуге болады.
Бұл нұсқаның жетістігі, оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер
арқылы тарату болып табылады.
Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық
қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технология мен әрбір оқушының
өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу
бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үрдісінің біртұтастығын
сақтай отырып, оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті
негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу
технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға
бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды
тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту
болып табылады.
Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс
істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті
құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім
беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне
және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық -
құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық
бірліктердің білімге айналуы - әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық
қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның
дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір
жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды
белсенді қолдануда. Әсіресе, қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше
факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу
3
пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және интернеттің дамуы
мысал бола алады. Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім
мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу” қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту
әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа материалдарды
түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда, сонымен
қатар, оқушы үшін ол әр түрлі функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту
объектісінің, ұжымның қызметін, ойын ортасын тағы да басқаларын айтуға болады.
Мұғалім қызметінде компьютер:
- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық алмастыра алады);
- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен сапалы жаңа деңгейде);
- дербес ақпараттық кеңістік;
- тренажер;
- диагностика және бақылау құралдары.
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми әдістемелік потенциалын дамытып,
оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы
оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және
дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін - өзі
тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі
тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері
байланыспен лезде қамтамасыз ете алады; гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде
уақытты үнемдейді; белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және
модельдей алады. Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп
отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі,
оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Жаңа
ақпараттық технологияны сабақ барысында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын
қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындатып, оны талдай
білуге уйретуге болады. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті
деректерді өз бетімен іздей білуге және компьютерлік сауаттылықтарына жол аштық.
Әдебиеттер
1. Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жаңару жолында» Егемен
Қазақстан газеті 3/ІІІ-2005. №13
2. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы» Егемен Қазақстан газеті. 16/І-2004. №5
3. «Тәрбие тағылымдары» /озық іс-тәжірбиелер жинағы/ Алматы. 2007ж.
4. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н.Ә.Назарбаевтың 20/ІІ-2007ж Қазақстан халқына
жолдауынан.
5. «Информатика негіздері» республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналы.
2007ж. №4, №5
6. Интернет материалдары: «Google» және «Mail.ru» сайттары. 2008, 2009 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |