3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе)
олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет
көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік
қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының
көрсетілген мекенжай бойынша
13-тармағында
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй,
қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 55-58-03 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына
беріледі.
Шағым жазбаша түрде пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
арқылы қолмен апарып беру арқылы қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны
көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (
мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс
орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін
қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі,
қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұратын өтініш туралы ақпарат
қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін
қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы
жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті
алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға
шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органның
мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап он
бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы
;
2) заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға қызметті алушы қол қоюы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін
қызметті алушы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 4-бабы
6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
1-тармағының
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтер ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін
жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған орындықтар, құжаттар толтыру орындары стенділермен
және қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жарақтандырылады), сондай-ақ
мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар қарастырылады
.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.minagri.gov.kz
ғаламтор-ресурсында орналастырылған, «Қолдау және қызметтер» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер»
кіші бөлімі.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі
туралы ақпаратты қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы
қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс
телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай
: (1414).
байланыс орталығы
«Орманның жай-күйі мен молықтырылуына
әсер ететін объектілерді салу орындарын келісу»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы __________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй, №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері ______________________________________
жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін - БСН
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
(өтініштің мақсаты)
_____________________________________________________________________
(құрылыс объектісінің атауы)
_____________________________________________________________________
(объект салынатын учаскенің атауы)
____________________________________________________ үшін сұраймын.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы:
_____________________________________________________________________
(сараптама нөмірі, сараптама берілген күн)
Өтінішке қоса тіркелді:
____________________________________________________________

Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер
беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық
жайында хабардармын.
Қолы _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (заңды тұлға үшін) ________________________________
Өтінішті қабылдаған
____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) (күні)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 18-1/415 бұйрығына
11-қосымша
«Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге
байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды
жүргізуге келісу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (
бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (
бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал)
арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге
тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген жағдайда – 20 (жиырма) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты –
30 минут;
3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап,
екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті
беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016
№
270
(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе
қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын
жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге қағаз басылған келісу-хат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті
тұлғасының электрондық цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында
көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға қағаз түрінде
жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, қағазға
басылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және оның басшысының қолтаңбасымен
куәландырылады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан
әрі – қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес
демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-
ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін.
Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға
дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту
тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді
есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін,
демалыс және мерекелік күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет
көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016
№
270
(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның
өкілі) жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік қызмет стандартына
сәйкес нысан бойынша өтініш;
қосымшаға
орман иеленушінің келісу-хатының көшірмесі;
жер учаскесін таңдау актісі;
орман орналастыру жобасынан картаның көшірмесі;
қарауында орман иеленуші бар мемлекеттік органның келісу-хатының көшірмесі;
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау
салу;
орман иеленушінің келісу-хатының электрондық көшірмесі;
жер учаскесін таңдау актісінің электрондық көшірмесі;
орман орналастыру жобасынан картаның электрондық көшірмесі;
қарауында орман иеленуші бар мемлекеттік органның келісу-хатының көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны
тіркеу (қайта тіркеу) туралы, эскизге (эскиздік жобаға) мемлекеттік экологиялық және
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалар жүргізу туралы мәліметтерді көрсетілетін
қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп,
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі қағазға
басылған түрінде өтініштің қабылдануының дәлелі болып табылады;
портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсету
үшін сұранымды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден
бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған
құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс
еместігі белгіленуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне
енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен
байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне
енген шешімінің болуы.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
23.06.2016
№ 270
(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе)
олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет
көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік
қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының
көрсетілген мекенжай бойынша
13-тармағында
қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, қабылдау
бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 55-58-03 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша түрде пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
арқылы қолмен апарып беру арқылы қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны
көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (
мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс
орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен»
көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны
туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұратын өтініш туралы
ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен қызметті
алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы
жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолдан беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті
алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға
шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі
уәкілетті органның
мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап, он
бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:
1) жеке тұлға – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы
;
2) заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін
қызметті алушының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 4-бабы
6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
1-тармағының
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтер ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін
жағдайлар жасалады (күтіп отыруға арналған орындықтар, құжаттар толтыру орындары стенділермен
және қажетті құжаттар тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жарақтандырылады), сондай-ақ
мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар қарастырылады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің: www.minagri.gov.kz
ғаламтор-ресурсында орналастырылған, «Қолдау және қызметтер» бөлімі, «Мемлекеттік қызметтер»
кіші бөлімі.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі
туралы ақпаратты қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы
қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс
телефондары: 8 (7172) 58-00-58 және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай
: (1414).
байланыс орталығы
«Мемлекеттік орман қорында орман
шаруашылығын жүргізуге байланысты
емес жұмыстарды жүргізуге келісу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
Өтініш берушінің мекенжайы __________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үй, №, телефон)
Өтініш берушінің деректемелері ______________________________________
(жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
(өтініштің мақсаты)
_____________________________________________________________________
(құрылыс объектісінің атауы)
_____________________________________________________________________
(объект салынатын учаскенің атауы)
___________________________________________ үшін сұраймын.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы:
_____________________________________________________________________
(сараптама нөмірі, сараптама берілген күн)
Өтінішке қоса тіркелді:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер
беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық
жайында хабардармын.
Қолы _______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (заңды тұлға үшін)_________________________________
Өтінішті қабылдаған
____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы) (күні)
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |