Хабаршы №5 филологиялық Ғылымдар әож 81'366-512. 1 11/13



Pdf көрінісі
бет17/39
Дата06.04.2017
өлшемі3,54 Mb.
#11176
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39

 
 
Резюме 
В  этой  статье  рассматривается  значение  в  усовершенствования  познавательных 
способностей учащихся начальных классов
Summary 
The necessity of teaching computing in junior form and ways of improving of computer knowledge 
of pupils are considered in this article. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Досжанов Б, Алменаева Р, Қазақ тілінде электрондық оқулықтармен web-парақтар  даярлау 
әдістері. Информатика негіздері. №3. 2008ж.27-бет. 
2.  Білімдегі жаңалықтар. №4, 2008ж. 12-бет. 
3.  Оқыту тәрбиелеу технологиясы. №4, 2009ж. 9-бет. 
 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ 
ҚАБІЛЕТІН АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
К.Қазыбаева, Ж.Тоқыбет 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті, Шымкент қ. 
 
Бҥгінгі  кҥн  талабы  –  баланың  оқыл  ойын  дамыту,  ойлау  қабілетін  жетілдіру, 
ӛзіндік  іскерлік  қасиеттерін  қалыптастыру,  заман  талабына  сай  ойы  жҥйрік  етіп 
тәрбиелеу. 
Оқу-тәрбие  ҥрдісінде  оқытудың  жаңа  формалары  мен  әдістерін,  ақпараттық 
коммуникативтік  технологияны  тиімді  пайдаланған  жағдайда  оқушылардың 
логикалық  ойлау  қабілеттері  артады,  олардың  субъект-субъектілік  тҧлғасы 
қалыптасады. 
Бҥгінгі  кҥні  ақпараттық  технология  кең  кӛлемде  оқыту  мен  педагогикалық 
ҧйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді 
ақпараттандыру 
процесі 
жҥргізілуде. 
Ақпараттық 
коммуникативтік 
технологияларды  және  компьютерлік  желі  арқылы  жаңа  білім  әдістерін  пайдалану 
кеңейтіліп  келеді.  Жаңа  ақпараттық  технологияларды  білім  жҥйесінде  қолданудың 
негізгі кҥші адам. 
Логикалық  тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін 
дамыту ҥш негізгі бағытта іске асырылады: 
-
 
қызығушылығын арттыру; 
-
 
ойлау және қабылдау қабілетін дамыту; 
-
 
шығармашылық ізденісін дамыту. 
Логикалық  тапсырмалар  арқылы  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 
арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін қҧрастыруға болады. 
Мҧндай сабақтардың қҧрылысы 4 кезеңнен тҧрады: 

1.Машық. Сергіту; 
2.Оқушылардың  шығармашылық  қабілетінің  негізі  болатын  психологиялық 
механизм- дерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау); 
3.Іздену тапсырмаларын орындату; 
4.Оқушыларға  белгілі  тҥсінікпен  жаңалықты  кӛруге  тәрбиелеу,  мақсатында 
логикалық тапсырмаларды орындату. 
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар тҥрлері: 
1.Кӛру  қабілетін  дамытатын  тапсырмалар  (ребус,  сӛзжҧмбақ,  анограмма, 
сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар); 
2.Есту  қабілетін  дамытатын  тапсырмалар  (математикалық  мақал-мәтел, 
логикалық есептер, қалжың есептер). 
Логикалық  тапсырмалар  орындау  барысында  оқушылардың  субъектілік  алғы 
шарты туындайды: 
1.Пәнге қызығушылығы артады; 
2.Ой-ӛрісі дамиды; 
3.Шығармашылық пен дарындылық пайда болады. 
Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуда  логикалық  тапсырмалар 
мен жаттығулар орындатудың маңызы зор. 
Оқушының  логикалық  ойлауы  ой  әрекетінде,  білімді  меңгеру,  тіл  ҥйрену 
ҥстінде  дамиды.  Оқушылардың  ақыл-ой  белсенділігін  ӛрістету  олардың  тҧлға 
ретінде  жетілуінің  маңызды  саласы  болып  табылады.  Сондықтан  оқушылардың 
шығармашылық тапсырма-ларды орындау барысында ойлау операцияларын жҥзеге 
асыру  тәсілдеріне  ҥйрету  қажет.  Оқушылардың  ойлауын  дамыту  ойлау 
операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, оқушыларға тапсырмалар бергенде 
таңдауға,  жинақтауға,  салыстыруға,  топтауға  арналған  тапсырмалар  логикалық 
ойлауын дамытатындай болуы керек. 
«Ҧқсастықтар  іздеу».  Белгілі  бір  зат  немесе  қҧбылыс  айтылады,  мысалы, 
«тікҧшақ».  Әртҥрлі  нақты белгілер бойынша  тікҧшаққа  ҧқсас  заттарды  жазу.Ҧқсас 
заттарды  қасиетіне  қарай  топтап  жазуға  да  болады.  Мысалы,  «қҧс»,  «кӛбелек» 
(ҧшады,  қонады),  «автобус»,  «поезд»  (кӛлік)  т.б.  Бҧл  тапсырма  заттардың 
қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған. 
«Заттың  қолдану  тәсілдері».  Жақсы  танымал  бір  сӛз  беріледі,  мыс:  «кітап». 
Заттың қалыптан тыс неғҧрлым кӛп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір 
нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды кӛзден таса зат ретінде жасыру 
мақсатында  қолдануға  болады  т.с.с.  сондай-ақ,  тіс  щеткасы,  тоқыма  сымы  т.б 
ҧсынуға  болады.  Бірақ  заттарды  адамгершіліксіз,  жыртқыштық  жолмен  қолдану 
тәсілдерін айтуға тыйым салынады. 
«Заттардың қасиеті». Жҥргізуші: «бҧл доп «апельсин». Қазір біздер допты бір-
бірімізге лақтырып, оның қандай апельсин екендеген атаймыз» Аталған сапаларды 
қайталауға болмайды. 
«Сӛйлем  қҧра».  Ӛзара  байланыспайтын  3  сӛз  алынады.  Мыс,  «кӛл», 
«қарындаш»,  «аю».  Осы  сӛздерден  сӛйлем  қҧрау  қажет.  Жауап  қарапайым  (Аю 
кӛлге  қарындашын  тҥсіріп  алды)  немесе  кҥрделі  (Бала  қолына  қарындаш  алып, 
кӛлде шомылып жатқан аю суретін салды) болуы мҥмкін. Соңынан ҧнаған жауаптар 
талданады. Шығармашылықпен жазылған сӛйлемдер мадақталады. 

«Артық  сӛзді  тап».  Кез  келген  3  сӛз  беріледі.  Мыс,  «ит»,  «қазан»,  «кҥн». 
Белгілері арқылы ҧқсастықтары бар 2 сӛз қалдырылады да, артық сӛзді алып тастау 
керек.  Қалған  екі  сӛздің  ӛзара  ҧқсастықтарын  алынып  салынған  сӛзден 
айырмашылығын  неғҧрлым  кӛбірек  атау  керек.  Мыс,  «ит»  сӛзі  артық,  «қызан», 
«кҥн»  сӛздері  қалдырылады,  ӛйткені  олар:  дӛңгелек,  қызғылт,  адамдарға  қуат 
береді. Қалыптан тыс нақты шешімдер қабылданады (бҧлт, мақта, дән) т.б. 
Осы сияқты әртҥрлі жаттығуларды мҧғалім ретін тауып оқу ҥрдісінде қолдана 
білсе,  оқыту  тҥрленеді,  оның  тиімділігі  артады,  оқушылардың  ақыл-ойы  жетіле 
тҥседі.  Оқушыларға  тапсырманы  біртіндеп  кҥрделендіре  тҥссе,  сонда  логикалық 
ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. 
Осындай  психологиялық  тәсілдерді  қолдана  отырып,  тренингтік  жаттығулар 
орындату барысында оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, ой-ӛрісі дамиды, 
шығармашылық  пен  дарындылық  пайда  болады.  Қорыта  айтсам,  оқу-тәрбие 
ҥрдісінде  оқушылардың  ойлау  процестерін  дамыту  ҥшін  жоғарыда  ҧсынылған 
тренингтік  жаттығуларды  ҧйымдас-тыру  қажет.  Сондай-ақ,  тренингтік  жаттығулар 
оқушы  білімінің  деңгейін  кӛтеріп  қана  қоймай,  бір-бірімен  жақындастырып, 
достыққа,  адамгершілікке,  еңбекке  тәрбиелейді;  жҥйелі  ойлап  сӛйлеуге,  сӛздік 
қорын молайтуға, қиялын ҧштауға жетелейді. 
Қазіргі  уақыттың   негізгі  талаптарының  бірі  –  білімді  әлемнің  бҥтіндей 
бейнесін  қабылдай  алатын,  логикалық  ойлауы  дамыған  жаңаша,  тәуелсіз  ойлай 
алатын шығармашыл адамға айналдыру. 
Шығармашылық  тапсырмалар  оқушылардың   жаңа  бір  нәрсені  ашуы,  яғни 
оқушы ӛзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бҧл оған белгілі бір 
пән  тӛңірегіндегі  қызығушылығын  жҥзеге  асыруға  мҥмкіндік  береді.  Яғни, 
оқушыны ӛзіне тарта, баули тҥседі. 
 
Резюме 
В статье рассматриваются пути развития логических мыслительных способностей учащихся 
начальных классов использованием информационно-коммуникативных технологий. 
Summary 
Ways of development of logical thinking abilities of pupils of junior form are shown in this article.  
 
Әдебиеттер 
1.
 
Д.Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998ж. 
2. Б.Байжҧманов. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастауыш мектеп, №12, 1998ж. 
  
 
ӘОЖ 37.09 
ЖҤСІП БАЛАСАҒҦНИДЫҢ МҦРАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ 
ҚАҒИДАЛАРДЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МӘНІ  
 
магистрант Шалданбаева А.М., п.ғ.к. Майлыбаева Л.С. 
АӘИУ, Шымкент, Қазақстан 
 

Халық  келер  ҧрпағын  ӛзіне  дейінгі  қоғамдық  қолы  жеткен  тәрбиелік  жақсы 
дәстҥр  атаулыны  жинақтап  пайдалана  отырып,  шынайы  адамгершілік  қасиеттерге 
баулап тәрбиелеуді мақсат еткен. 
Бірде-бір  адамзат  қоғамы  ӛзінен  бҧрынғы  аға  буынның  ақыл-ойын,  тәрбиелік 
тәжірибесін пайдаланбай ӛмір сҥрген емес. 
Ҧлттық  тәрбиеде  Жҥсіп  Баласағҧнның  мҧрасындағы  халық  педагогикасының 
негіздерін  зерттеу  ҥлкен  орын  алатыны  анық.  Ӛйткені  «Қҧтты  білік»  -  ХІ  ғасырға 
дейінгі  тҥркі  тілді  халықтардың  қоғамдық  ой-санасында  орын  алған  рухани 
қҧбылыстарды тҧтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие кӛркем туынды. 
Баласағҧнның  адамның  дамуы,  жеке  адам  басының  жетілуі,  ӛсуі  тікелей 
тәрбиенің  жетістігі,  ол  адам  табиғатына  байланысты  бола  отырып,  оның  тарихи 
дамуының  ҥстінде  ҥнемі  ӛзгеріске  ҧшырайтынын  анықтады.  Бҧл  пікір  ХІХ 
ғасырдың  40  жылдарынан  басталған  және  60  жылдар  ҥстінде  дами  тҥскен  Еуропа 
педагогтары мен сол жылдардағы прогресшіл-орыс педагогтарының пікірімен ҥндес 
келеді.  Осы  тҧрғыдан  кӛптеген  маңызды  еңбектер  біздің  зерттеу  жҧмысымызды 
тереңдете  тҥсті  Зерттеу  жҧмысымыздың  нәтижесінде  «Қҧтты  білік»  дастанындағы  
халық  педагогикасының    негіздерін  Баласағҧнның  тӛрт  тҧғыры-  әділет,  дәулет, 
ақыл, қанағат арқылы зерделеуге болады. «Қҧтты  білік» дастанында әр кейіпкер бір 
бағытқа  ие  болып,  ӛзіндік  тәрбие  жҥйесін  қҧрайды.  Негізінде  Жҥсіп  Балсағҧн 
шығармасының  ӛзегі  етіп  Әділдік,  Ақыл,  Дәулет,  Қанағат  секілді  игі  қасиеттерді 
алған.  Әдiлдiктi  ол  ―Кҥнтуды‖  деп  атайды  да,  оған  мемлекет  басшысы  болуды 
меңзейдi.  Бақытқа  ―Айтолды‖  деген  ныспы  берiп,  уәзiрлiк  қызметтi  нҧсқайды. 
Ақылға  ―Ӛгдҥлмiш‖  деген  есiм  берiп,  уәзiрдiң  баласы  (Ӛгдҥлмiш)  болуды  айтады, 
Қанағатқа уәзiрдiң iнiсi (Оғдҧрмыш) болуға кеңес бередi. Аталған Әдiлдiк, Қанағат 
ӛзара  сҧхбат,  ӛзара  пiкiр  алысуға  кiрiседi.  Тӛртеуі  –  Құттың  тӛрт  діңгегі.  Тӛрт 
«діңгек»  -  ӛлшемдік  қағида,  «Қҧтты  біліктің»  қҧрылымдық  арқауы.  Кҥнтуды 
(Әділет),  Айтолды  (Дәулет),  Ӛгдҥлміш  (Ақыл),  Оғдҧрмыш  (Қанағат)  дара  болып 
дҥниеге тҧтқа бола алмайды, адамды бақытты ете алмайды. Тӛртеуі бірлікке жеткен 
жағдайда ғана бақытқа кенеледі. 
Дастандағы бас кейіпкерлердің арасындағы ӛзара қарым-қатынас әңгiме-сҧхбат 
тӛңірегінде  жҥреді.  Осындай  ҧлы  мақсатты  мҧрат  еткен  ақын  поэмасы  ҥлкендi-
кiшiлi  ―Тiлдiң пайда,  зиян келтiрудегi қызметi‖,  ―Пайдалы  ақыл-кеңес  жайлы сӛз‖, 
―Айтолдының әмiршiсi Кҥнтолдыға қызметке келуi‖, ―Бақытқа, жақсылыққа бастар 
харакетi  мен  жаман  қылықтары‖,  ―Айтолдының  әмiршiге  қойған  сауалдары‖, 
―Әмiршiнiң  Айтолдыға  жауабы‖,  ―Айтолдының  ҧлы  Ӛгдҥлмiшке  берген  кеңесi‖, 
―Әмiршiге  ғылым,  бiлiмнiң  ерекшелiктерi  туралы  айтуы‖,  ―Сарай,  Әмiршi 
қызметкерлерiнiң  қҧқығы  мен  мiндеттерi‖,  ―Жоғары  лауазымды  адамдармен 
қатынас жасай бiлу керектiгi туралы‖, ―Ҥйлену мен бала тәрбиесi‖, ―Тойға шақыру 
мен  қонаққа  бару,  бармау  мәселесi  туралы‖,  ―Оғдҧрмыштың  кӛрген  тҥсiн  жору 
туралы‖  деп  аталатын  тҥрлi  тақырыптарды  сӛз  ететiн  жетпістен  аса  тараудан 
тҧрады. 
Сонымен  «Қҧтты  білік»  дастанының  ӛзекті  тақырыбы,  алға  ҧстаған  мҧрат-
мақсаты  -  халыққа  қҧтты  ӛмір  сыйлау,  бақытты,  әділетті  қоғам  қҧру.  Негізінен 
Жҥсіп Баласағҧн ӛзі ӛмір сҥрген дәуірдегі қоғамдық қатынастарға белсене қатысып, 
оның даму жолын пайымдап, сол кездегі әлеуметтік шындықты, тарихты айқындап, 

халық  қайғысына  мҧң-мҧқтажына  ҥн  қосып,  ҧлтық  мәдениетке,  халықтық 
педагогикаға  қатысты  арқа  сҥйер  бірден-бір  мол  әрі  қҧнарлы  тәрбие  қазынасын 
ҧсынды.  
Туғаннан  халық  тәрбиесінің  бесігінде  тербеліп  ӛскен  ойшыл-ғҧламалар 
еңбектерінде  халықтың  асыл  мҧрасын  басшылыққа  алып,  ӛз  ойларын  бағыттаған. 
Сонымен  бірге  халқымыз  ежелден  сӛз  ҧстаған  шешенді,  ел  бастаған  кӛсемді  қол 
бастаған  батырлардан  кем  қадірлемеген.  Бҧл  халық  тәлім-тәрбиесінің  даналығын 
кӛрсетіп тҧр. 
Қайта ӛрлеу ҥрдісінің жетістіктерін алсақ та халық тағлымының ондағы алатын 
орны ерекше.  Медресе  мен  мектептерде,  ағартушылық орта  мен Даналық  Ҥйлерде 
халық  педагогикасына  сҥйене  отырып,  тәрбие  ҥрдістерін  дамытқан.  Бҧл  пікірді 
дәлелдейтін мәліметтер кӛптеп кездеседі. Мысалы жас ҧрпаққа білім беруде тәлім-
тәрбиелік  жағынан  аса  қҧнды  дерек  болып  табылатын  мақал-мәтелдер  кеңінен 
қолданылатын:  «Анадан  ҥлгі  кӛрмеген  қыз  жаман,  атадан  тағылым  кӛрмеген  ҧл 
жаман», «Қонағы жоқ қараша ҥйден, қҧлазыған тҧз артық», т.б.  Келтірілген мақал-
мәтелдер  сыр  бойын  мекендеген  кӛшпелі  тайпалардың  тҧрмысы  мен  әдеп-ғҧрпын, 
діни наным-сенімдерін бейнелейді. 
Халық  тағлым  үлгілері  түркі  халықтарының  тәлім-тәрбиелік  құндылықтары 
болып келеді. Сонымен бірге салт-тұрмыстарында да кеңінен орын табады. Оған 
дәлел  тұрмыс  бұйымдардың  алуан  түрін  жасау  үлкендердің  кішілерге  үйретіп 
отыруы.  Тіпті  бұл  «халық  сабағы»  еңбек,эстетика,  әдеп    тәрбиелерінің    негізі 
болып табылады. 
Халықтық педагогика орта заманда, яғни тҥркі елдерінің қайта ӛрлеу дәуірінде 
ерекше орын алған. Оларды жҥйелей келе, мынадай қорытынды шығаруға болады: 
1.  Қайта  ӛрлеу  заманының  қай  жетістіктерін  алса  да,  олар  халықтың,  ата-
бабамыздан келе жатқан тәлім-тәрбиесінен шығып, соған сҥйеніп отырды; 
2.  Жазба  әдебиетінің  дамуы  халық  тәрбиесіне  байланысты,  ӛйткені  олардың 
ішінде  халық  педагогикасының  ҥлгілері  айқын  кӛрінеді.  Тҥркі  жазба  тіліндегі 
әдебиетімен  бірге  адамдардың  адамгершілік,  отансҥйгіштік  сезімдері  дамып 
отырды; 
3. Кӛрнекті ойшыл-ғалымдар ӛздерінің прогрессивтік идеясын дамытуда халық 
тәлімін негіздеп отырған, соған бағыттаған; 
4. Халық тәлім-тәрбиесіне сҥйене отырып, ҧл, қыз баланың  тәрбиесінің әртҥрлі 
бағыттары  дамыды.  Соның  ішінде  отбасы,  еңбек,  эстетика,  әдептілік,  ізгілік 
тәрбиелерін ерекше атауға болады; 
5.  Халық  педагогикасының  ҥлгілері  де  дамып,  ерекшеленіп,  ӛзгеріп  отырды. 
Кӛптеген  мақал-мәтелдер,  нақыл  сӛздер  жаңадан  пайда  болды.  Бҧл  ӛзгеріс  қайта 
ӛрлеу  заманының  экономикалық,  мәдени-әлеуметтік  қҧбылыстарымен  тығыз 
байланысты. 
  Сонымен,  елбасына  ең  керекті  қасиеттер  –  ақыл,  білім,  заң,  яғни  адалдық. 
Ерекше  кӛңіл  бҧратын  сӛз  –  жҥрек  дастанның  бірнеше  бәйіттерінде  кездеседі. 
Жҥрек арқылы Баласағҧн ҥлкен ізгілік бағдарламасын ҧсынып отыр. Бҧл X-XIII ғғ. 
кеңінен  тараған  идея  болып  табылады.  Соның  арқасында  жәуәнмәртлік  деген 
тәрбиелік  мәні  зор  бағыт  орнайды.  Бҧған  Әль-  Фараби  мен  Авиценаның  еңбектері 
дәлел.  Кейіннен  осы  тақырыпты  Абай  Қҧнанбаев  жақсы  дамытқан.  Шын  мәнінде, 

жалғыз ақылмен халықты басқаруға болмайды. Таза, мейірімді жҥрек - адалдықтың 
тірегі.  Осыдан  Баласағҧнның  тҥйінді  сӛзі  –  жҥрек  тәрбиесі.  Бҧл  Жҥсіп  Баласағҧн 
бабамыздың тәрбие бағдарламасының қҧндылығын дәлелдеп отыр. 
 
Резюме 
В данной статье рассматривается воспитательное значение основных правил в наследии 
Жусупа Баласагуни 
Summary 
 This article deals with the educational value of the basic rules of the inheritance of Zhusup 
Balasagyn 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Жолдасбайҧлы С. Ежелгі және Орта ғасырдағы Қазақстан: Ерте дҥниеден ХҤІ ғасырға дейін. – 
Алматы: Ана тілі, 1995. – 176 б. 
2.  Мыңжан Н. Қазақтың кӛне тарихы. – Алматы: Жалын, 1994. – 400 б. 
3.  Тауасарҧлы Қазыбек. Тҥп-тҧтқияннан ӛзіме шейін. / басп. дайындаған Б.Қыдырбекҧлы. – 
Алматы: Жалын, 1993. – 416 б. 
4.  Ӛмірәлиев Қ. ҤІІІ-ХҤ ғасырлардағы кӛне тҥркі әдеби ескерткіштері. – Алматы: Мектеп, 1985. – 
128 б. 
5.  Дербісалиев А. Қазақ даласының жҧлдыздары. – Алматы: Рауан, 1995. – 283 б. 
 
 
ӘОЖ 378.22 
СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҦЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
п.ғ.к., доцент Ахмет Л.С., Сейдуллаева А. 
 
Ӛркениетті елдер қатарына жету деңгейінде жастарды қазіргі қоғамда ізгілікке, 
парасаттылыққа  баулитын  жалпы  мәдениеттілігі,  болашақ  мамандығына  деген 
кәсіби  қҧзіреттілігі  мен  білімділігін  арттыру  ӛзекті  мәселенің  бірі  болып  отыр. 
Жалпы рухани қҧндылық, ҧлттық мәдениет пен дәстҥрді қорғау мәселесі білім беру 
саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  ҧстанымдары  болып  келеді.  Демек,  еліміздің 
қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси,  мәдени  ӛркендеуі 
ӛндірістің барлық салаларында қызмет жасайтын мамандарды даярлаудың сапасын 
жетілдіруді  қажет  етеді.  Бҧлар    білім  беру  мен  тәрбиелеу  ісін  жаңаша  сипатта 
жаңғырту, жетілдіру міндеттерін қамтитын білім беру жҥйелерінің қабылдаған жаңа 
мазмҧнды заңдар мен тҧжырымдамаларда т.б. кӛрсетілген.  
Жоғары  оқу  орындарындағы  студент  тҧлғасын  қалыптастыру,  олардың  кәсіби 
маман  ретінде  кӛрінісін  білдіретін  қҧзыреттілігін  кәсіби  тҧрғыда  қалыптастыру 
білім беру саласындағы маңызды мәселе [1]. 
Қҧзыреттілікті  қалыптастыру  –  білім  беру  саласының  ӛзекті  мәселесі.  Кҥн 
сайын адамға кӛптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмҧны мен оқыту әдістері 
ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол 
қажеттілікті  қанағаттандырудың  арасындағы  қарама  –қайшылық  білім  беру 
саласының  дағдарысына  әкеліп  соғуда.  Сол  себепті  оқытушылардың  әдістемелік 
шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жҥйесінде 
ҧйымдастыруды  олардың  кәсіби  қҧзіреттілігі  кезінде  жҥзеге  асыру  қажеттігі 
туындайды. 

Қҧзіреттілік  тәсіл  идеясы  –  «қоғамға  қандай, жеке  тҧлғаға  қандай  білім  қажет 
және  ол  қоғамның  қандай  қажетін  ӛтей  алады»  деген  сҧраққа  жауап  береді. 
Оқытушының  қҧзыреттілігін  қалыптастыру  –  бҥгінгі  білім  беру  саласының  ӛзекті 
мәселелерінің бірі. Қҧзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстҥрлі тәсіл мен 
білім  мазмҧнын  ҧлғайту  арқылы  шешудің  арасындағы  қарама-қайшылықтан 
туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бҧл тәсіл білім 
берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің кӛптігінен емес, 
сол білімді қолдана білумен маңызды. 
Оқытушының  басты  рӛлі  –  тҧлғаның  жеке  дамуына  негізделген,  жан-жақты 
зерттелетін,  сараланған  білім  беру  ҥлгісінің  басым  бағыттарын  айқындау, 
нәтижесінде  еліміздің  әлемдік  ӛркениетке  негізделген  білім  саясатының 
стратегиялық  мақсаттарын  жҥзеге  асыру.  Осыған  орай,   қҧзыреттілікті  нәтижеге 
бағытталған  білім  беру  жҥйесінің  сапалық  критериі  ретінде  қарау,  зерттеу,  бҥгінгі 
кҥн талабы [2]. 
Қазіргі  заманда   білім   беру   саласында  негізгі  базалық  ілімдердің  бірі 
«қҧзыреттілік»  болып  отыр.  Қҧзыреттілік  дегеніміз  -  тҧлғаның  бойында  білім, 
дағды, 
іскерлік, 
ерік 
кҥш-жігердің 
болуы. 
Қҧзыреттілік 
қандай да 
бір оқу пәнін  
оқыту ҥдерісінде 
қалыптасатын 
білім, 
білік, 
дағдылар 
жиынтығы,    сонымен  қатар,  қандай  да  бір  қызметті  орындай  алу  қабілеттілігі. 
Қҧзыреттілік  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  аман  қалуды  қамтамасыз 
етеді  және    бәсекеге  қабілетті  маманмен  қамтамасыздандырады.  Кӛптеген  елдерде 
қҧзыреттілікке  жаңаша  мән  беру  білімді  жоғары  дәрежеге  кӛтергені  мәлім. 
Қҧзыреттілік  еңбек  нарығында  тҧрақты  ӛсіп  отырған  талаптармен,  шапшаң 
технологиялық ӛзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік 
ӛсуімен  негізделген.     Қҧзіреттіліктің  жеке  компоненттерін  анықтай  отырып,  ол 
адамның  алдына  қойған  мақсаттарын  орындауға  кӛмектесетін  сипаты  мен 
икемділігін атайды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мақсатын жҥзеге 
асыруда  кәсіптік  білім  беретін  мекемелердегі  бәсекелестік  қабілеті  бар  болашақ 
мамандарға әртҥрлі ӛндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен 
анықталады.  анықталады.  Қазіргі  таңда  жан-жақты  маман  даярлау  олардың 
әлеуметтік, кәсіптік, ӛзіндік жҧмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. 
Себебі,  әлеуметтік  сала  экономикасын  дамыту  осы  болашақ  мамандардан 
тӛмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді: 
- жҥйелі ойлау; 
- экологиялық, қҧқықтық, ақпараттық мәдениет
- кәсіпкерлік мәдениет; 
 - ӛзін-ӛзі тану және басқаларға ҧсыну; 
- ӛз қызметін білімді талдау; 
 - кейбір ӛндірістік жағдайларда ӛз бетімен дҧрыс шешім қабылдай алу; 
- жаңа білімді ӛз бетімен меңгеру; 
- әр іске жауапкершілікпен қарау. 
Осыған  орай,   5В012000  -  «Кәсіптік  оқыту»   мамандығы  бойынша  болашақ 
мамандарды   даярлауда      Мемлекеттік  білім  стандарттары  негізінде  қҧрылған 
типтік  жҧмыс  бағдарламалары,  оның  негізінде  дайындалған  оқу  жҧмыс 
бағдарламалары,   оқу-әдістемелік  кешендер,  есептер  жинағы,  электрондық 

оқулықтар  қолданылып  келеді.  Мҧның  барлығы  маман  моделінің  нарықта 
қажеттілігін 
туғызуға 
бағытталуы 
қажет. 
Біз 
болашақта бәсекеге қабілетті,білікті,ӛздігінен шешім қабылдай алатын мамандарды 
даярлау   ҥшін    мамандардың  негізгі,  жалпы  кәсіптік  және  арнаулы  қҧзыреттілігін 
олардың бойында  қалыптастыра  білуіміз қажет [3].    
Жалпы кәсіби қҧзіреттіліктің қҧрамы тӛмендегідей: 
1)
 
қҧзіреттіліктің кӛп қырлылығы: барлық кӛріністерінің біртҧтастығын сақтай 
отырып тҥрлі мекемелерде байқалуы;  
2)
 
әлеуметтігі:  жоғары  дәрежедегі  жалпы  кәсіби  қҧзіреттілігінің  тҧлғалық 
сипаты (әріптестері мен жолдастары ортасындағы беделі), сонымен бірге қоғамдық 
ортадағы мәні; 
3)
 
реттеушілігі: тҧлғаның ӛзін - ӛзі реттеуі мен ӛзін - ӛзі тануына жалпы кәсіби 
қҧзіреттіліктің ықпалы; 
4)
 
дарашылдық: шығармашылық даралыққа қалыптастыруды жҥзеге асыру; 
5)
 
ҥздіксіздік: субъектінің ӛзін дамытуға ҥнемі қажетсінуін және ҥздіксіз білім 
алуға  тҧлғалық  ҧмтылысы.  Біз  жалпы  кәсіби  қҧзіреттілікті  ҥнемі  қозғалыстағы  әрі 
ашық  жҥйе  деп  қарастырып  отырғандықтан,  ҥздіксіздік  бҧл  жҥйенің  ең  маңызды 
қҧрамы. 
Қҧзіреттілік  –  жеке  тҧлғаның  теориялық  білімі  мен  практикалық  тәжірибесін 
белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім 
тҥрінде  емес,  жеке  тҧлғаның  танымға,  ойлауға  қатысын  және  әрекетке,  белгілі  бір 
мәселелерді  ҧсынып,  шешім  жасауға,  оның  барысы  мен  нәтижелерін  талдауға, 
ҧдайы тҥрде ҧтымды тҥзетулер енгізіп отыруға деген белсенді іс-әрекеттен кӛрінеді. 
Осы  ретте  еліміздің  кәсіби  білім  беру  жҥйесі  алдында,  оның  ішінде   болашақ 
педагог  даярлауда  ең  алдымен  педагогтың  кәсіби  қҧзыреттілігін  қалыптастыру 
міндеті  тҧр.  Кәсіби  қҧзыреттілік   ҧғымын  тҥсіндіруде  екі  бағыт  бар:  адамның 
стандартқа  сәйкес  әрекет  ету  қабілеті;  жеке  тҧлғаның  жҧмыста  нәтижеге  жетуіне 
мҥмкіндік беретін сапалары. 
Еліміздегі  жоғары  білім  беру  жҥйесінің  халықаралық  білімдік  кеңістікке 
интеграциялану  тетіктерінің  бірі  –  оқытудың  кредиттік  жҥйесі.  Бҧл  жҥйенің  мәні 
оқушылардың ӛз бетімен білім алуына басымдық беріліп, маманға  «ӛмір бойы» оқу 
дағдысын қалыптастыруда. 
Жалпы алғанда, кредиттік жҥйе негізінде білімдік ҥрдісті ҧйымдастыру ҥздіксіз 
оқу  -  ізденіс,  ҥнемі  ӛзін-ӛзі  жетілдіру  және  зерттеушілік  жҧмысқа  жоғары 
мотивацияны  қамтамасыз  ету  арқылы  білім  алушыларда  қҧзіреттіліктерді  дамыту 
міндетіне сәйкес келеді . 
Қҧзіреттілік  тҧрғыдан  келу  қазіргі  ҥздіксіз  білім  беру,  соның  ішінде  кәсіби 
білім беруде, білімді дамытудың тӛмендегідей  бағыттарын айқындап отыр. 
Біріншіден,  ҥздіксіз  білім  берудің  жалпы  жҥйесінде  ӛздігінен  білім  алу 
кезеңдерінің  мәнділігі.  Сондықтан  білім  берудің  қазіргі  кезеңінде  білім 
алушылардың  ӛзбетіндік,  танымдық  және  практикалық  іс-  әрекет  дағдысын 
қалыптастыру міндеті ерекше ӛзекті. 
Екіншіден,  ӛздігінен  білім  алуды  дамыту   жағдайында  оқыту  қҧралдарының 
рӛлі  артады.  Қазіргі  кезеңдегі  оқыту  технологиясында  оқытудың  ақпараттық 
технологиясы қҧралдарының орны ерекше. 

Ҥшіншіден, білім беруді жҥзеге асырудың даралап оқыту  ҧстанымының рӛлін 
кҥшейтеді, әрбір білім алушы ҥшін оқу ҥрдісін даралауды жҥзеге асыруды кӛздейді. 
Тӛртіншіден, білім беруде пәндік-бағдарлық жҥйеден жобалау жҥйесіне кӛшуге 
бағдарлайды. 
Сонымен, 
қҧзіреттіліктің 
маңыздылығы 
жӛнінде 
айтатын 
болсақ, 
қҧзіреттіліктер  мен  дағдыларды  дамыту  білім  берудің  студентке  бағдарланған 
парадигмасына  сәйкес  келеді.  Бҧл  парадигмада  студент,  яғни  білім  алушы  басты 
назарда болады да, ал оқытушының рӛлі ӛзгереді . 
Мҧндай  ӛзгерісті  оқытушының  бағыт  беруші  рӛліне  ӛтуі  ретінде  қарастыруға 
болады. Оқытушы – нақты, айқын қойылған міндеттерге жету жолындағы кӛмекші, 
бағыт сілтеуші. Бәсекеге қабілетті білім беру қызметі және оқытуды ҧйымдастыруда 
студент қол жеткізуі тиіс нәтижеге бағыт алатын болып ӛзгеруі тиіс. 
Негізгі қҧзыреттілік. Негізгі қҧзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық 
мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі ол қҧзыреттілік маман 
біліктілігінің негізін қҧрайды, оның ішінде: 
- ақпараттық; 
- коммуникативтік (қатысымдық); 
- әлеуметті – қҧқықтық қҧзыреттілік кӛрсетілген. 
Жалпы  кәсіптік  қҧзыреттілік.  Бҧл  қҧзіреттілік  әр  сала  маманының  кәсіби 
мазмҧнына  сай  қарастырылған.  Қазіргі  заманның   есеп  саласының  қызметкерлері 
қандай кәсіптік қызметтерге даяр болуы керек? Осы жағынан қарастыратын болсақ, 
бҧл  мамандықтар  бойынша  болашақ  мамандар  қазіргі  ӛзгермелі  нарықтық 
экономика  жағдайында  мәселені  уақытында  анықтай  алу,  оның  себептерін, 
жағымды  және  жағымсыз  жақтарын  белгілеу,  кәсіпорын  тҧтынушыларымен, 
клиенттерімен  тіл  табыса  алу  қасиеттерімен  бағаланады.  Осыған  орай,  кәсіптік 
оқыту  мамандықтарының  мақсаты  –  ой-ӛрісі  жаңашыл,  ӛзгерістерге  тез 
бейімделгіш,  шығармашылық  деңгейде  қызмет  атқара  алатын,  жан-жақты,  қазіргі 
заман  талабына  сай  бәсекелестікке  тҥсе  алатын,  теория  жҥзінде  алған  білімін 
тәжірибемен  байланыстыра  алатын,  әсіресе  елдегі  жалпы  халықаралық  деңгейдегі 
экономикалық жағдайларды сараптап, талдай алатын маман даярлау деп санаймын. 
Қҧзіретті  маман  даярлау  мақсатында   мамандыққа  байланысты оқытылатын 
кәсіби  пәндердің  алатын  орны  ерекше.  Кәсіби  пәндерді  меңгеру  барысында  сту
денттің   ӛздерінің   болашақ   мамандықтарына  деген   қызығушылықтары 
оянып,   белсенділігі  артады.  Дәріс  сабақтары  мен  тәжірибелік  сабақтарда  әр  тҥрлі 
жағдаяттарды  қарастыру  студенттің  ӛздігінен  шешім  қабылдап,  ӛзінің  жеке  тҧлға 
ретінде   қалыптасуына  зор  ықпал   етеді.   Себебі  кҥнделікті  ӛмірде,  іс  әрекет  ету 
сферасында адамға қажетті маңызды қҧзыреттілік, ол мәселелерді шеше білу. Егер 
студент мәселелерді шеше білу қабілетін игерсе, болашақта олар жҧмыс жасайтын 
ҧйымда оларға деген қажеттілік арта тҥседі. 
Арнаулы құзыреттілік. Оқу орны тҥлегінің моделі - белгілі бір ӛндіріс, ғылым, 
мәдениет  саласындағы  жҧмысшы  қҧзіреттілігін  сипаттай  алуы.     Сондықтан  әр 
студенттің  ӛз  мамандығына  байланысты  арнаулы  қҧзіреттілігін  анықтау  қажет. 
Арнаулы қҧзіреттілік - маманның сала ерекшелігіне байланысты кәсіби мәселелерді 
шешу, білім және іскерлік деңгейін кӛтеру сияқты қабілеттермен байланысты.  

Болашақ   маманның  бойында  кәсіби  қҧзіреттілікті  қалыптастыратын  ол 
мамандық  бойынша  таныстыру  тәжірибесі   және  ӛндірістік   тәжірибенің  алатын 
орны  ерекше. Студент тәжірибеден ӛту барысында нақты кәсіпорынның қаржылық 
жағдайымен  танысып,   ӛздігінен   талдаулар   жасау   барысында  кәсіби 
қҧзіреттілігін  шыңдайды. 
Білім  беру  бағдарламасының  мазмҧнын  болашақ  маманның  негізгі  кәсіптік 
қҧзыретін  қалыптастыратындай  заман  талабына   сай  жаңғырту.  Барлық  оқу 
мерзімінде  Білім  беру  бағдарламасының  мазмҧнын  жаңарту  барысында   жҧмыс 
берушілер  ҧсынған  пәндерді  еңгізу   бқл  да   кәсіби  қҧзіреттіліктің   қалыптасуына 
ықпал етеді. 
Еліміздің  экономикалық,  саяси,  мәдени,  қоғамдық  ӛміріндегі  ӛзгерістерге  сай 
білім  беру  ҧйымдарының  ҥлкен  жауапкершілікті  сезініп,  білікті,  ӛз  ісінің  шебері, 
бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ҧмтылуы, 
ӛзінің  бҥкіл  қызметін  осы  бағытта  қҧруы  заңды  қҧбылыс,  себебі  қоғам  ӛзінің 
әлеуметтік-экономикалық  және  рухани  дамуының  мазмҧны  мен  сипатының 
ӛзгеруіне  және  еңбек  сапасына  талаптың  жоғарылауына  байланысты  ӛз  ісін  жетік 
білетін, кәсіби білімі мол мамандарды қажет етеді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет